Активті ошақты туберкулезбен ауратын науқастардың қақырығында ТМБ бар екенін анықтау үшін, жағындыны бактериоскопиялық зерттеуді өткізеді. Кейбір жагдайларда әдейі жануарларға жұқтырады.
ДДҰ статегиясы бойынша науқастар категорияларына сәйкес емделеді. Туберкулезге қарсы 2-3 түрлі дәрілерді біртұтас қолданады. Ошақты туберкулездің экссудативті және продуктивті түрлерін емдеуде изониазид,стрептомицин және рифампицин 6-9 ай белгіленеді.
Алғашқы 4 айда науқастар препараттарды күн сайын қабылдайды, кейін үзіліспен аптасына 2-3 рет қабылдайды.
Алғашқы рет анықталған ошақты туберкулездің белсенділігі күмәнді болса, науқастар изониазид пен пиразинамид(этамбутол) 2 айдан 6 айға дейін қабылдайды.
Алғашқы рет анықталған ошақты туберкулездің белсенділігі күмәнді болса, науқастар изониазид пен пиразинамид(этамбутол) 2 айдан 6 айға дейін қабылдайды.
Рентгенологиялық көріністің оң динамикасы- туберкулездің белсенділігін көрсетеді, бұл жағдайда химиотерапия науқас әбден жазылғанша жалғастырылады.