2- Оқушы: Арнайы қонағың – алыстан ат терлетіп келген жақын туыс,нағашы-жиен,құда жекжат, сыйласқан дос –жолдастарың,бұл нағыз сыйлы қонағың.
3 – Оқушы:Құдайы қонағың – өзің танымайтын, білмейтін алыс шалғайдан жолаушылап жүріп ат басын тірей қалғанда.Бұл- нағыз сауап қонағың.
4 - Оқушы: Қыдырма қонағың – ерігіп,үй-үйді, ауыл- ауылды кезіп, сөз аңдып,өсек теріп,қымыз ішіп,ет жеп жүрген сандалма қонақ. Бұл нағыз далбаса қонағың.
5 – Оқушы: Қылғима қонағың – Кімнің түтіні түзу ұшса,соның үйін торып, ас піскенде пайда болатын қарны тойған соң басы ауған жаққа лаға беретін көлденең көк атты.
Бұл – нағыз сұғанақ конағың.
1 – Жүргізуші: Ой бәрекелді! Міне қонақтың түрлерін де біліп алдық –Қазақ үшін бәрібір қонақтың аты қонақ!.
2 – Жүргізуші: Қазақтардағы «Қасым ханның қасқа жолы,Есім ханның ескі жолы» дейтін көне заң жарғыларында да, оған дейінгі ережелерінде де қонақ күту мәселесі арнайы қарастырылған,оның тіпті заңдық күшке ие «Құдайы қонақ» деген термині де бар.
Жүргізуші: Мысалы: «Құдайы қонақты» қондырмай жіберген үй айып төлеген, бұл қонақжайлылық дәстүрді берік орнықтыру,оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туған.
Жүргізуші: Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялылысы Янукеевичтың « Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін айналып шығар едім» деп риза көңілмен берген бағасынан – ақ халқымыздың қонақжайлылығын айтуға болады.
Ән: «Қазақ осы»
Жүргізуші: Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.Сондықтан қазақ мәтелі «Асың барда ел таны - беріп жүріп,атың барда жер таны – желіп жүріп» деп, ер азаматқа үйіңде отыра бермей,ел көріп,жер көріп көппен аралас,деп кеңес бергендей сыңай білдіреді.Ал енді қонақ туралы мақал-мәтелдерді тыңдайық.
– оқушы: «Қонақ келсе - құт»
– оқушы: «Сұрап бергенше – ұрып бер»
– оқушы: «Жаман үйдің – қонағы билейді»
– оқушы: «Құтты қонақ келсе – қой егіз табар»
– оқушы: «Сыпайы қонақ сыйыңды жейді – мылжың қонақ миыңды жейді»
– оқушы: «Қонақ қойдан жуас,май берсең де жей береді»
– оқушы: «Қонақ аз отырып, көп сынайды»
– оқушы: «Қелгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»
– оқушы: «Қонаққа кел демек бар да,кет демек жоқ»
– оқушы: «Қонағыңнан алтын алма,алғыс ал»
– оқушы: «Асыңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз»
– оқушы: «Етім болмаса,шәйім бар, тоқты қарын майым бар»
– оқушы: «Қонақ келсе ет пісер,ет піспесе бет пісер»
– оқушы: «Қонақ келсе есікке жүгіріп шық кешікппе»
– оқушы: «Сыйларға асың болмаса да, сипарға тілің болсын»
– оқушы: «Жақсы бала қонаққа үйір»
– оқушы: «Шақырғанға бармасаң, шақыртуға зар боларсың»
– оқушы: «Жолаушыны сусындатпай тұрып,бұйымтайын сұрамайды»
Жүргізуші: Атадан ұл туса игі,ата жолын қуса игі демекші келесі кезекті мақал-мәтел айтысына берейін.Бұл да ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазына.
Достарыңызбен бөлісу: |