Тапсырма.
NaCL – натрий хлориді берілген. Жоспар бойынша осы заттың физикалық қасиеттерін сипаттап беріңіздер:
а) агрегаттық күйі;
ә) иісі;
б) балқуы;
в) суда еруі;
г) түсі;
д) электр тогын өткізуі;
Осы типтес көптеген тапсырмаларды орындағаннан кейін заттарды, құбылыстарды, фактілерді салыстырып қорытындылауға арналған жеке ізденіс сипатты тапсырмаларды ұсынуға болады.
Тапсырма.
Ас тұзы мен қант берілген. Олардың физикалық қасиеттерін мына жоспар бойынша салыстырңыздар:
а) агрегаттық күйі;
ә) иісі;
б) балқуы;
в) суда еруі;
г) түсі;
д) электр тогын өткізуі;
Аталған физикалық қасиеттері бойынша ас тұзы мен қанттың:
1) ұқсастықтарын; 2) айырмашылықтарын атап көрсетіп, оның себептерін түсіндіріңіздер.
Оқушылар қорытындылап тұжырымдауға қалыптасқаннан кейін шығармашылық сипатты тапсырмалар ұсынуға болады .
Қорытынды
«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім саласын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады.
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын, ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол – оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.
Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарғапәнге, деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005. – 47 б.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы: ҚР 2. Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 жарлығы / Егеменді Қазақстан. – 2004. – 16 қазан № 258
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.// Химия мектепте ғылыми педагогикалық журналы – 2003ж;№5 45б
А Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері» –Алматы: «Мектеп», 2004, 163-166 б
http://stud24.ru/chemistry/himiyadan-znd-zhmystardy-jymdastyru/458799-1736905-page14.html
http://u-s.kz/publ/ashy_saba_tar/bastauysh_synyp/zindik_zh_mysty_ma_yzy/6-1-0-6764
http://stud.kz/referat/show/5804
Г.Сәдуақасқызы. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.// Химия мектепте ғылыми педагогикалық журналы,№3,2004ж;
Достарыңызбен бөлісу: |