Тақырыбы: «Қос тіл-қос қанатың»
Мақсаты: ағылшын және орыс тілдерін оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;оқушылардың жетістіктерімен,табыстарын көрсету.
Міндеті: Сөздерді дұрыс айта білу;сөздердің мағынасын түсіну.Өз ойын жеткізе білуге ықпал ету.
Мұғалім сөзі: Балалар,біз бүгінгі ойын сабағымызда кім не үйренді,не білгенін анықтаймыз.Ойынымыз жай ойын емес,жарыс ойын.Кез-келген сайыста ең бастысы достық қарым-қатынас және қарсыласқа деген сыйластық.Сондықтан біз –бірімізге шын достар ретінде сәттілік тілейік.Бәріміз бірге «Good luck», «Сәттілік», «Удача» деп 3 рет айтайық.
Алдымен бәріміз бірге сәлемдесіп алайық.(шаттық шеңбері)
Топқа бөлу.Таныстыру.
1-тапсырма «Түстер әлемі» деп аталады.
Т: балалар,жаңбырдан кейін бұлттың арасынан күн шыққан кезде не пайда болады:
Оқушылар: Кемпірқосақ
Т:- (Мұғалім) Дұрыс.Орысша,ағылшынша қалай айтамыз?
-радуга, rainbow.
Т:-Ендеше біз мына кемпірқосақты бояймыз.(ағылшынша және орысша түстерді айтамыз) кемпірқосақ тарату.
2-тапсырма: «Мен қандай санды білемін?»
1-20-ға дейінгі сандар жасырылады.Екі топ кезекпен айтады.
3 тапсырма : «Шешімін тап» Әр топ жануарлардың дыбысын тыңдау арқылы табасыздар.Топ мүшелері сол жануарды 3 тілде айтасыздар.
4 тапсырма: «Поэзия әлемі»
Мама! Так тебя люблю,
Что не знаю прямо!
Я большому кораблю
Дам названье "МАМА!"
Балалар қандай мейрам келе жатыр? (аналар мерекесі)
Олай болса аналарымызға арнап орысша ағылшынша өлеңдерімізді оқиық.
5 тапсырма: Сергіту сәті
6 тапсырма: «Жұмбақтар әлемі» (Мектеп құралдарына байланысты қазақша жұмбақтар жасырамын,сол жұмбақтың шешімін қазақша,орысша,ағылшынша айтамыз)
1 топ:
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
-------------------------------------------
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
---------------------------------------------
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
2 топ:
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
--------------------------------------------------
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қалам)
---------------------------------------------------
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
7 тапсырма: «Не артық?» (артық сөзді тауып,3 тілде айтамыз)
8 тапсырма: «Кел ойнайық»
Орыс биі
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды:Сонымен оқушылар біздің білім еліне арналған саяхатымыз аяқталды.Ағылшын,орыс тілінен алған білімдеріңді көрсете білдіңдер.Рахмет! Спасибо!Thank you!
Үш тілде қоштасайық. Сау болыныз!
Достарыңызбен бөлісу: |