Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
- Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/шығыс биі/
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/
Би: “Шарара” 10а қыздары
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./
2-жүргізуші:
- Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/
1-жүргізуші:
-Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН /
соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. /
2-жүргізуші:
- Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тышқан келсін...
/тышқан жылы шығады./
Тышқан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Тышқан қайда тарттың?
Тышқан жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Тышқан жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың?
Жаңа жыл:
- Дәл өзімін.
Тышқан жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Тышқан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.
Қош келдің, жылқы жылы қазағыма
Жарияланды 1-01-2014, 22:18 Категориясы: Тәрбие сағаты
Мәжіліс залына сыныптардың отыру сызба - нұсқасы
Жаңа жылдық сахна
1 - жүргізуші.
Армысыздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!
Жаңа жыл кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
1 - жүргізуші.
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2013 - ші жылан жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2014 - ші жылқы жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
2 - жүргізуші.
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
1 - жүргізуші.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (Залға 9 - 11 сынып оқушыларын жай музыка ырғағымен қолдарына бенгаль оттарын ұстап кіреді, шыршаны айналып дөңгеленіп вальс билейді.)
2 - жүргізуші.
Лайлының қолтығында жатқан
Жас ұрпақты біліммен сусындатқан
Болғанбаев мектебінен, тәлім алған
Бозбала мен бойжеткеннің аулына барайықшы (9 - 10 сыныптар май шамдарын жағады)
1 - жүргізуші. 10 сыныптарға тілек
Чемпион ұлдары бар,
Қызғалдақтай қыздары бар.
Спортпен достасқан
Татулықпен қырды асқан
10 сыныпты қол соғып қостайықшы
2 - жүргізуші.
9 сыныбымыз жеке дара ғой
Алыстан атойлататын қара ғой.
Мектепте әйгілі алыптар өскен
Ұлдары мен қыздары дана ғой
9 сыныпты қол соғып қостайықшы
Мәжіліс залына «Бақыт құсы» (Анар 11 «ә») музыкамен ұшып келеді, қолында сиқырлы таяқшамен әр сыныптың үстелінде тұрған май шамды жағып, 11 сыныптар отырған орынға жайғасады.
Бір сәтке адам емес
Бақыт құсы болайықшы,
Қалықтап ұшып, мектеп көлемін шолайықшы,
Мектеп бітірер түлектердің бастарына қонайықшы.
Музыкалық ән - шашу (үй тапсырмасы)
11 сыныптар
10 сыныптар
9 сыныптар
Лоторея (ойнату) әр топтан 2 оқушы қатысады (ойынды жүргізеді Шырын - Оразалі)
Ойын газет үстінде вальс билеу (3 топтар 2 бала жүргізеді Ерасыл мен Малика)
КТК бағдарламасы
Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Жылқы жылын
Ұзатып сап Жыланды!
Қыз: Жылқы - қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір - біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.
Жігіт: Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез - құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
Күй.-------------------------------------------------------
Уақыт.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа, адамдар, аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа Жылқы жылмен хабарласады.)
Алло, Алло! Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Жылқы жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!
Қоян көлеңкелеп айналасына қарайды.
Жылан керней әуеніне оянып сахнадан төмен түсіп, ортаға жылжып келеді.
Аяз Ата мен ақшақар есіктен кіреді. Хан – жылқыға мініп келеді.
Жылқы жылы:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Жылан жылы:
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Жылан жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, бозбалалар мен бойжеткендерім! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 - пен 5 - ке оқыңыздар! Өмірдегі бар сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз! Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік - ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Кейіпкерлер ортада кездеседі.
Әрине сіздерге сахна төрінде орын дайын, жайғасыңыздар!
1 - жүргізуші:
Кәне, кәне келіңіздер
Періштелеріміздің биін көріңіздер!
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жыл кеші басталды,
Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!
Аяз ата ұлдарға тапсырма әкеледі. Әр сыныптан 3 бозбаланы ортаға шақырамыз.
Жылқы ---
1 жұп атқа мініп, шабу.
2 жұп күш сынассын.(қол күрес)
3 жұп кім күшті (арқалап апару)
Ақшақар қыздармен сайыс өткізеді.
1 жұп – бұрымды қыз.
2 жұп – өнерлі қыз (биден сайыс)
3 жұп – викториналық сұрақ - жауап
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
1 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!
1 - жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
1) «Боксерлер» қолғабы.
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:
Тышқан жылы - тыныштық
Сиыр жылы - сыйлық
Барыс жылы - бірлік
Қоян жылы - қамбалы
Ұлу жылы - үлгілі
Жылан жылы - жайлы
Жылқы жылы - жұтсыз
Қой жылы - құтты
Мешін жылы - мерейлі
Тауық жылы - табысты
Ит жылы - игілік
Доңыз жылы - дүниелі -
деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір - қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жан-дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады.
Төрлет, құтты Жаңа жыл!
ramuk_b
2 наурыз 2012
47942
0
Төрлет, Құтты Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші: Элеонора байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ән:_____________________________
1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.
Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________
2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,
1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?
2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)
1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)
1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.
Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.
Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)
1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Ән: «Аппақ гүлдер» Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай
2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.
Испан биі:______________
1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт
Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.
2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «______________________»
Би: Айдана (өзбек биі)
1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?
Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)
Хор: «Жаңа жыл»
1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.
Ән: Айдана «Катюша»
Ән: Рамазан мен Әбдімұрат «.....»
2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!
1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы – сауық жылы болсын, ағайын!
Хор: Қош келдің Жаңа жыл!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Жаңа жыл, ертеңгілік, кеш, мереке
Достарыңызбен бөлісу: |