Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?»
Тақтаға (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.)
Ойын: "Қай зат кімдікі" (мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына, әпкесіне тиісті затты атап, астына қойып шығу керек)
«Мынау кімнің отбасы?» ойыны (Балалар оз отбасыларының фото суреттерін тауып, таныстырады)
Сергіту сәті: «Өз үйіңді тап!»
Үлкен дөңгелек, шаршы, үшбұрыш пішіндерді дайындалып алынады. Ал балаларға осы пішіндердің кіші көлемін үлестіріп беріледі.
Балалар музыка ырғағымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда тәрбиешінің нұсқауымен «Өз үйіңді тап!» дегенде, балалар қолдарындағы пішіндермен өз үйлерін тауып жүгіреді.
Әр баладан сенде қандай пішін бар? Түсі қандай? Сен қай үйге жүгірдің? Оның неге үшбырыш, шаршы, дөңгелек екенін сұрау.т.с.с. Ойынды қайталатып ойнату.
ІІІ. Қорытынды.
Шаттық шеңбері: « Шаңырақ»
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
-Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз.
Біз қай елде тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
ІV. Бағалау.
Тәрбие сағатына белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау.
Бекітемін___________
Тақырыбы:Отбасы – тәрбие бастауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.
Нақыл сөздер:
1. «Анаң - асыл қазынаң, әкең - асқар тау».
2. «Ата - ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала - біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле - өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Барысы: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сонымен, бүгінгі «Отбасы-тәрбие бастауы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.
Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:, отбасы туралы слайд, видео
Барысы: І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.«Тәрбие бастауы отбасында» атты тәрбие сағатын өткіземіз.ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз
1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
2. Әкелеріңнің анасы кім болады?
3. Отбасының тірегі кім?
4. Үйдегі алтын қазық кім?
Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы Байлықтың белгісі Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен. Осы теңге арқасында келешек, Елге келер тойымшылық, берекем. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге және отбасы туралы әңгімелейміз. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру.Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. «Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Әңгіме:Әкесінің екі ұлы болыпты.Бірі Асан және Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі . Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:-Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып –Міне, әке сенің берген ақша . Қарашы қалай сақтағанымды.Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.-Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.Балалар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді
еске түсірейік. 1.Теңге тиыннан өсер, 2.Ақша кетуге тырысады, Жылқы құлыннан өсер. Есеп ұстауға тырысады. 3.Есепсіз дүние жоқ. 4.Базары жақын байымас. Терең оймен ,шебер тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті.Сонда Төле би:-Кедейлік үш ағайынды.Оның тұңғышы кежірлік,ортаншысы-еріншектік,кенжесі-ұйқы.Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды,-деп жауап берген екен.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті. Балалардан отбасы туралы қандай жыр шумақтарын білетінін сұрау : Мерей: Әке деген-биік шыңы адамның
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Әли: Әкем шытса қабағын
«Байқа, балам» дегені
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
Айжан: Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді
Назеркем: Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады. Аяжан: «Балам аман болсын» деп көз ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің неден?!
Адамдардан жақсылық күте алмаймын
Ана жүрек мейірін түсінбеген
Жанерке: Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны
Асылай: Дүниенің жарық күні-анамыз
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анамене данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анаменен Ән: «Анашым»
Отбасы туралы мақал-мәтелдер
*Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
*Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
*Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
*Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
*Балалы үйдің еңсесі биік.
*Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар. Қорытынды Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек. Тақтадағы ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді . Оқушылардың жасап келген видеороликтерін көру.
Отбасы, мектеп және қоғамның ынтымақтастығы
Мақсаты: Отбасы және мектеп тәрбиесінің жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдастық жолдарын талқылау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, ата-аналарды бірлескен іс-әрекетке тарту
Түрі: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: слайдтар, видеороликтер, қанатты сөздер жазылған плакаттар
Жүру барысы:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Әке мен бала» көрініс
2. Тәрбие туралы ой толғау
3. Ата-аналарға арналған ононимді сауалнама
4. «Сіз не дейсіз?» (ситуациялық жағдайларға жауап)
5. «Ойымды айтсам» (пікіралысу)
6. «Біздің ойымыз ... » (постер қорғау)
ІІІ. Қорытынды (Тілек ағашыне стикерге жазылған тілектерін жапсыру)
І. Кіріспе бөлімінде ата-аналар «Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы танысып, топтарға бөлінеді.
ІІ. 1.2. «Әке мен бала» көрініс көрсетілгеннен кейін ата-аналарға қысқа мәтінде баяндама оқылады.
Тәрбие- баршаның ісі, әсіресе ата-аналардың қасиетті борышы. Бұл туралы ҚР-ның Конституциясында айқын айтылған. Халқымыз мұны «Ұлы жол өз табалдырығыңнан басталады» деген, қандай әдемі айтылған сөз. Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп,үлкен жолын табады. Баланы мектепке сілтеп тастаған ата-аналар қатты қателеседі.өз бөбегіңіздің іңгәсін есіткен сәтіңізден бастап, сіздің алдыңызға нәзік те, өте жауапты қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді.
Баланы жастайынан қалай тәрбиелесің, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап,ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан еш шығармай, есте сақтап, шығармағанымыз жөн сияқты. Кішкентайынан еңбекке баулып,адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету-ата-ананың басты міндеті.Олай болса бала тәрбиесін тірек сызбамен көрсетсек:
Ата-ананың міндеті
(«Неке және отбасы» кодексінде айтылған)
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;
2. Білім алуына көмектесу;
3. Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
4. Ата-аналар жиналыстарына қатынасу,мұғаліммен кездесуі, баласының мектеп өмірімен танысуы;
5. баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б улы заттарды қолдану,балаға зиянды екенін түсіндіру;
Ата-ана жауапкершілігі:
1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімді, мектептің педагогикалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
4. Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты;
3. Ата-аналарға «Сіз қандай ата-анасыз?»атты ононимді сауалнама жүргізіледі.
4. «Сіз не дейсіз?» бөлімінде дөңгелек үстелге топқа бөлініп қатынасып отырған ата-аналарға «Кімнен кеткен кемшілік бұл?» және «Бала ойы» тақырыбында көріністер көрсетіледі, топ мүшелері көрсетілген көрініс бойынша ақылдаса отырып, ойларын ортаға салады.
5. «Ойымды айтсам» пікіралысу бөлімінде топтарға сұрақтар қойылады.
1-топқа:
Бала тәрбиесінде соңғы 10-15 жыл мөлшерінде кемшіліктерсіз, келеңсіз құбылыстар мен ағаттықтар етек алып кетті деп көпшіліктің көңілінде орынды алаңдаушылықтар туындауда.Жаңалыққа еліткеннің мәні осы екен деп үлесімсіз киім киіп, оғаш қылық, ауырды айналып өтуге, жеңілдің үстімен жүруге бейім, еңбек еткісі келмейтн жастарды қалай ғана тәрбиесі дұрыс, мәдениетті, жаны сұлу деп айта аламыз.Олардың айқын азаматтық бағдары жоқ, білімі таяз, мұндай жастар әр ауылдан да, әрбір отбасынан да
табылып қалады. «Сырты бүтін, іші түтіндер» осындайдан шықпай ма? «Тәрбиенің тал бесіктен бастау алатынын» біле тұрып,тіпті жылына 1рет мектепке келмейтін ата-аналарымыз да бар.сіз бұл пікірді қалай түсінер едіңіз? Ата-ана мен мектептің байланысын қалай тығыз байланыстылыққа жеткізуге болады,сіздің ойыңызша?
2-топқа:
Тұйыққа тірелмейтін кез болмайды. Бірақ тығырықтан шығатын жол әрқашанда болады.Егер оқушының бос уақытын дұрыс ұйымдастырсақ, мәселенің бір түйінін шешкендей боламыз.Бұл жолдың бірі-көркем әдебиет оқу. Әдебиет оқуға құмарлық күнделікті газет-журналдардан басталады.үйге бірде-бір басылым келмейтін, өзің оқымай,балаңды «Кітап оқымайсың» деп айыптауға бола ма? Міне, бұл жерде де тәрбие басы әке мен шешеге келіп тіреледі.Сіз басылымдарды алдырасыз ба, балаңыз бос уақытында немен айналысады.Бос уақытындағы, дастархан басындағы әңгімелеріңіздің дені не туралы, қандай тақырыпта өрбиді?
Психолог маманға: «Бала сезімі-кіршіксіз таза сезім.» бұғанасы қатпаған жасөспірімге тәрбие беру өте қиын. Халықта: «Баланы бес жасқа дейін еркелет, он бес жасқа дейін қосшыңдай, он бестен кейін құрдасыңдай сана» деген әдемі өсиет бар. Адалдық және қарапайымдылық, жолдастық сезім, бірін-бірі сыйлау, басқа да адамгершілік қасиеттердің негізі-балалық шақта. отбасында қаланады.Отбасындағы үлкенді сыйлау, кішіге құрмет дәстүрі жас адамды көпшілік орында өзін-өзі ұстай білуге үйретеді. «Бала тәрбиесі-бесіктен» деген халықданалығы тегін айтылмаған. Тек гүлдеп шыққанымен гүлдемейтін өсімдік болады. Гүлдегенімен жеміс бермейтін ағаш болады.Ал өмірдің қызығы көктеген соң гүлдеу керек, гүлдеген соң жеміс беруі керек емес пе? Ата-ана ретіндегі арың да, абыройың да кішкене солқылдақ шыбықтай өсіп келе жатқан перзентіңе байланысты. Су ішпеген ағаш қисық та тапал боп өседі.Жақсылықтың шапағаты, ізгіліктің нұры бала бойына дарып, зерделі де биік болып өссе екен дейсің.Адамдықты сезінген, жылылықты ұғынған бала жақсы азамат болып өсері анық.Осы орайда мектеп психолгы ретінде сіздің пікіріңіз қандай?
6. «Біздің ойымыз ... » постер қорғау бөлімінде топтарға арнай ытақырыптар беріледі, сол тақырып төңірегіндегі ойларын қағазға түсіріп, ортаға шығып постер қорғайды.
1-топқа: «Балаларыңыздың болашақта қандай болғанын қалайсыздар?»
2-топқа: «Баланың мінез-құлқының өзгеруіне тікелей әсер ететін не?»
ІІІ. Қорытынды бөлімінде тілек ағашына ата-аналар стикерге жазылған тілектерін жапсырады.. Ұсыныс-пікірлерін ортаға айтуға болады
«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ,жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп , ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Кешке келіп қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.
Тәрбие – жанұядан басталады
.
Тақырыбы: Тәрбие – жанұядан басталады
Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.
Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.
Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.
Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.
Ата – ана үшін айтарым:
Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар.
· Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді;
· Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді;
· Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі;
· Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі;
· Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді;
· Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі;
· Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді;
Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.
Қазіргі ата – аналардың оған білімі мен билігі жетеді.
Тілімізді алтын таққа отырғызатын өжетте, білімді ұрпақ деген жастарды тәрбиелеу ата – ананың парызы. Кез келген қиындықтан тек өрелі білім арқылы шыға алатынымызды ұмытпайық.
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер», «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар. Түрі: пікір талас. Барысы: І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу Оқушыларды екі топқа орналастыру. Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы» тобы. - Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді. ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі. І топ 1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра) 4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана) 5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) 6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата) 7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас) ІІ топ 1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп) 2. 18жасқа толмаған адам ( бала) 3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева) 4. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы ( достық) 5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 6. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі) 7. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн) Келесі ІІI бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы. Екі топ суреттерін қорғайды. Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер. 1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің? 2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің? 3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің? 4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап
бола алмадың, не істейсің? Келесі бөліміміз V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл) Қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |