Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Психология және білім беру менеджменті
Жалпы педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Мәнжазба
Пәні: Құқық және сыбайлас жемқорлық
Тақырыбы: Отбасы және неке
Орындаған:Оразмұқанбет А.К.
ПжББМ-101
Тексерген: Бердыбаев Е.М.
Мазмұны
Отбасы дегеніміз...
Туыстық және туысқандардың түрлері
Отбасының түрлері
Неке мен отбасын қорғау
Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазакстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
«Неке және отбасы» туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213 баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімді некеге тұру, оны тіркеу, енкені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік жұмыс және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы,анасы мен әкесін туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқорлық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5-бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау,акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы туралы заңға (заңның өзінен басқа) отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен қамқоршылық көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматты хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық) жатады.сонымен бірге осы заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтың актісін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап айтқан жөн. Осыдан шығатын қорытыды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік-мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын (5-бап) арнайы атап көрсетілген. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
«Неке және отбасы туралы» Заңның, 3-бабы Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделгенін белгілейді:
еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;