“15-мамыр халықаралық отбасы күніне” орай Арал көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы Г.Жансүгірованың ата-аналармен бірлесіп 94-оқу тобына өткізген тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы
От
Тәрбие сағатының мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Отбасы құндылықтарын сақтауды нығайту
Отбасы -тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы
!
Студенттерге жадынама:
Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;
Күнде таңертең амандас;
Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
«Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау- мемлекеттілігімізді дамытудың кепілі. Сондықтан да біз отбасының мерейін барынша үстем ете беруіміз керек» Н.Ә.Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |