«Тамаша екен!» жаттығуы
Ата-аналардан өз бойындағы жақсы қасиеттерін айту сұралады. Мысалы, мен ақкөңілмін, мен ақылдымын...... Бойындағы жақсы қасиетті атқаннан кейін «Тамаша екен!» деп айтып бір мезгілде бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.
Мұғалім: Өте жақсы! Осы және де басқа адамгершілік қасиеттеріңіз өз балаңыздың бойынан табылуына шын жүректен тілектеспін.
«Топқа бөлу» жаттығуы
Ата-аналар шеңбер болып тұрады, олар түрлі- түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып үстелге жайғасып отырады.
-Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті – әр балаға бағыт беру. Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, дұрыс бағыт бағдар беру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
«Біз қандай ата-анамыз» жаттығуы(Ата-аналардан сауалнама алынады)
Әрбір мақұлданған жауаптарыңыз үшін 2 ұпай, ал кей –кейде орындалатын болса 1 ұпай, ал қарсы болсаңыз жауабыңызға 0 ұпай қойып отырасыз.
1. Балалар тәрбиесі туралы газет –журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ма?
2. Бала тәрбиесінде қандай да бір қағидаларды ұстанасыз ба?
3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін жазалайсыз ба?
4. Балаларыңыз игілікті істері үшін мадақтайсыз ба?
5. Бала тәрбиесінде қасыңыздағы қосағаңыздың пікірімен үнемі келісесіз бе?
6. Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
7. Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?
8. Спорт пен дене тәрбиесінің баланың жан-жақты, үйлесімді дамуына маңызы зор екендігін ескеріп отырасыз ба?
9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
10. «Менің уақытым жоқ» немесе «Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын» деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан «құтылуға» тырысу сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді. «Ештен кеш жақсы» деген ғой. Сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.
7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Тіпті былай істейге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Бұл күнгі демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.
15 тен жоғары жинасаңыз, сіз өзіңіздің ата –аналық міндетіңізді орынды атқарып жүрсіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта түссеңіз құба –құп.
«Ассоциация».
Достарыңызбен бөлісу: |