Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас
Тақырыбы: Әйел-азаматы мемлекетті басқара алады ма? Топтар өз сөздерін дәлеледеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ болып)
Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.
Ортаға оқушы және ата-ана шығады
Оқушыға «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады
Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»
Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.
Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.
Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.
Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.
Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жа манды бір қорапқа жинақтайды.
Мұғалім: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке
мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |