Тақырыбы: «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»


Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет



бет2/2
Дата25.05.2024
өлшемі22,62 Kb.
#202904
1   2
Байланысты:
Тілдік дағдылар

Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет: 

сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек; 


тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту; 
белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру; 
мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс; 
оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау. 

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: 

Ынтымақтастыққа үйренеді; 


Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді; 
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді; 
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді; 
Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. 
Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін

қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы


шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген


ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы


түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау


арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни


айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-


қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге


қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.


Жаңартылған бағдарламада оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше мән


берілген. Ол «танымдық үдеріс» ретінде түсіндіріліп, оқылым, жазылым, айтылымға


қарағанда қиынырақ дағды деп есептеледі. Оқу жоспарында телехабар, фильм, ән, үлкен


адамдарды тыңдау және оларға жауап беруді көздейтін жаттығулар кездеседі. Аталған


жаттығулар бірнеше аптаны қамтитын тізбектелген сабақтар топтамасында дағдыларды,


соның ішінде тыңдалымды дамытуды көздейтінін байқау қиын емес. Осылайша,


оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысын жеке-жеке


дамыта отырып, оларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытады Оқу


кезінде олар сөз тіркестерінің құрылымына, сөздердің орын тәртібіне, сөйлем


құрылысына және сөйлеуге назар аударады. Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе


оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды.


. Бірлескен оқылым мен жазылым сабақтарын ұйымдастыруда мұгілімге үлкен шеберлік


керек. Өйткені оның өз қиындықтары бар. Ең бастысы өз бетімен оқу немесе жазуға


қарағанда тапсырма күрделірек болуы шарт. Адам өзінің шамасы келмейтінін түсінген


кезде жанындағы адамның көмегіне жүгінеді. Егер шамасы келетін болса, әркім өз


бетінше орындап, бірлескен жұмыс іске аспай қалады. Бірлескен жұмыстағы ұстаным


: «мен» емес, «біз» болуы шарт. «Біз жеңіске бірге жеттік!» немесе «біз мақсатты бірге


бағындырдық!» Осындай жұмыстарды орындау барысында бала «жұмыла көтерген


жүктің жеңіл» болатынын немесе «жалғыздың үні шықпайтынын» өздері түсінуі тиіс.


Бірлескен оқылымда мүғалім: «джигсо-2, диалогтік оқыту, кітапты талдау әдісі, тізбектеп


оқыту әдісі, өрмекші торы» сияқты т. б. стратегияларды қолданса, ал бірлескен


жазылымда: «жүгіру диктанты, «төрт сөйлем» тәсілі, ара ұяшығы әдісі, уақыт тізбегі, бес,


бес, бір» стратегияларын қолдана алады.


Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы


өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім
жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым
дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан
көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет