Тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету.
Білімділік:Оқушылардың заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу; Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлап,тыңдау ,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Тәрбиелік:Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге ,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке ,елжандылыққа ,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд,плакаттар,әр түрлі карточкалар. Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы,мадақтамалар.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Құқық туралы түсінік
ІІІ. Негізгі бөлім
Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
Терминдермен жұмыс
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
« Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы»
«Заң сөздікшесі»
«Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер»
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг»
«Жағдаяттарды шешу»
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»
III.Қорытынды
ҚР Президентінің сөзімен
Армысыз құрметті оқушылар!Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өз құқығыңды білесің бе?» деп аталады.Балалар,тақырыпқа кіріспес бұрын бұрынғы қазақ тарихындағы хандардың « Есім ханның-Ескі жолын»,«Қасым ханның қасқа жолын»,«Тәуке ханның жеті жарғысын» дәріптейтін билеріміз болған.Елдегі барлық билік осы билердің жолымен шешілген.Елге бай құт емес,би құт болған.Атақты үш биіміз Төле би,Қаз дауысты Қазыбек би ,Әйтеке би болған.Ендеше,бүгінгі құқықтық сұрақ-жауап кешімізді бастайық.
1. Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
- сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
- кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
- кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
2.Терминдермен жұмыс
Құқық-мемлекет орнатқан және оның күшімен бірдей қорғалатын заңдар жиынтығы.
Бала-жасы 18-ге толмаған адам.
Президент-мемлекеттің жоғары басшысы.
Заң-ҚР үкімдері.Қоғамның негізгі тірегі.
Тәрбие-аға ұрпақтың жас ұрпаққа берген тәрбиесі.
3.Бала құқығы туралы Конвенция
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
4. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер
5.«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.
- Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
- Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
-Әрбір баланың білім алуға толықтай құқығы бар.
6.Сөздікпен жұмыс.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні.1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
7. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
8.«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтыран пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
- Заңдарға бағыну
-Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
-Мемлекет рәміздерін құрметтеу
-Салықты төлеу
-Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
-Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
-Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
-Орта мектеп білімін алу
-Қазақстан Республикасын қорғау
-Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.?
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
9.Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят:3-сынып оқушысы Әйгерім сабақты үздік оқитын.Күнделігі кілең бестікке толып тұратын.Бірақ осы жолы ол сабаққа дайындлмай екі алып қалды.Күнделігін көрсетуге анасынан қорқады?Ол не істеуі керек?
(Баланың ата-анасы алдындағы құқығы)
2-жағдаят:Алмас 4-сынып оқушысы.Бірақ тәртіпсіз?Сабақта тыныш отырмайды?Сыныптастары сыныпта осындай бала болса не істеуі керек?
(Тәртіпбұзушылық)
3-жағдаят:Асылжан 5-сынып оқушысы:Ол сыныптас ұлдарынан ақша жинап тұрғанда,мектеп директоры көріп қойды.Оны ата-анасымен бірге мектепке шақырды?Осы жағдайға кім жауап береді?
(Бала 18 жасқа толғанша ата-анасы жауап береді)
Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.
10. «Ой жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)
11. Кім тапқыр?
Мемлекет билігінің қайнар көзі Халық (3-бап)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін ата? (ту,елтаңба,әнұран)
Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10-бап)
Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? Иә (23-бап)
Президент кәсіпкерлік қыметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
Елімізде жоғары өкілетті орган- Парламент (49-бап)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз?( Конституция күні, Республика күні ,Тәуелсіздік күні)
Ассоциация әдісі. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет?
«даму» бізге даму және өсу үшін не қажет?
«қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет?
«қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет?
Кіші-топ үшін тапсырмалар. Осы тапсырма үшін әр топтан (шағын баптар тізімін қолдануға болады және 4 парақ бір топтан:
Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.
Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.
Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.
Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.
Қорытынды:
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.
Үндеу:
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың!
(Н.Ә.Назарбаев)
Достарыңызбен бөлісу: |