Тақырыбы: Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері


Қазақстанда тұтас педагогикалық үдерісті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Надежда Дмитриевна Хмель



бет7/7
Дата15.10.2022
өлшемі4,58 Mb.
#153170
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
пед слайд

Қазақстанда тұтас педагогикалық үдерісті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Надежда Дмитриевна Хмель.

Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары: 1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы; 2. Оқыту мен тәрбие байланысы; 3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы; 4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы; 5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.


Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
.
Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:
1. педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына тәрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
2. қойылған мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
3. бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;
4. барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге
асырады;
5. жұмыс нәтижесін бақылап, бағалайды.
Педагогикалық процестің басты міндеттері:
1. Оқу процесіндегі белсенді іс-әрекет негізінде оқушыларды танымдық әдістермен қаруландыру;
2. Тұлға ретінде өзін және оқу процесі заңдылықтарын түсіне отырып, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету;
3. Педагогикалық өзара әсерлесу негізінде мақсатты іс-әрекет жасай білудің жолдарын меңгерту.
 

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет