- VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At. Астат - радиобелсенді элемент
- F2 – ашық-сары түсті, қиын сұйылтылатын газ;
- Cl2 – сары-жасыл түсті, өткір тұншықтырғыш иісті, оңай сұйылтылатын газ;
- Br2 – қызыл-қоңыр түсті сұйықтық;
- I2 – күлгін түсті кристалдық зат.
- Галоген молекулалары екі атомнан тұрады.
- Топ бойынша галогендердің атомдық радиустары, балқу және қайнау температурасы жоғарыдан төмен қарай артады.
- Жалпы сипаттамасы:
- 17A-топ галогендерден тұрады. Жалпы электрондық конфигурациясы – ns2np5, яғни сыртқы қабатында жеті электрон орналасқан. Бұлар – күшті тотықтырғыштар. Галогендер «тұз түзуші» деген мағынаны білдіреді (лат. «галос» – тұз және «генус» – тудырушы). Элементтер бұл атауларды металдармен әрекеттесіп, тұз түзу қабілетіне ие болғандықтан иеленген.
- мысалы: 2 Na +СІ2=2 NaСІ+Q
Достарыңызбен бөлісу: |