Тақырыбы: «ҚР Президенті жолдауындағы жастар мәселесі»
Мақсаты:
Елбасымыздың кемеңгер,үздік саясаткер екендігі жайлы,басқару ерекшеліктері туралы,елбасы жолдаулары туралы толық мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,елбасымызға деген құрметті әр оқушының бойына қалыптастыру.
Президент бойындағы асыл қасиетті,ізденушілікті оқушы бойына дарытуға тәрбиелеу.Отансүйгіштікке,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Конференция сабақ
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,елбасы еңбектері (кітаптар),слайд,суреттер және т.б
1-жүргізуші:Азамат
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!
Бүгінгі «ҚР Президенті жолдауындағы жастар мәселесі» атты конференциямызға қош келдіңіздер!
Мұғалімнің сөзі:
Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді
Қарыны ақ түйенің ақтарылды
Ат шаптыр,аруақ шақыр,тойла қазақ
Тәуелсіз Президентің таққа мінді.
Бүгінгі конференциямызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
1-желтоқсан елімізде Тұңғыш Президент күні белгіленгенін бәріңде білесіңдер,осы орайда президент күніне түрлі іс-шаралар өткізілуде.Бүгінгі конференциямыз Елбасы жолдауындағы жастар мәселесі болмақ. Елбасымыз жастарға сенім арта отырып,болашақ мемлекетімізді көркейтетін жастар екеніне кәміл сенім білдірді.
1-жүргізуші:Азамат
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өткіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2-жүргізуші: Назым
Халқымыздың бақытына орай еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тереңнен зерделей білетін саясатының,келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егемендікке қол жеткізді.
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға,барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел Елбасымыздың сөзін жазған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері.
Президент өмірінен слайд тамашалаңыздар.. «Үш қоңыр» әуенімен.
Азамат
Қисыны келелі істің дер шағында
Күш-қуат келіде емес келсабында.
Сөйлейді Назарбаев Нұрсұлтан боп,
Көктулы Қазақстан жер шарында
Назым
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім,елбасым,аман болғай,
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым-деп кезекті конференцияға қатысушы 10 сынып оқушыларына береміз.
Ернұр:
Бүгінгі Елбасы жолдауындағы жастар мәселесі тақырыбында өтетін конференцияны мына өлең жолдарымен бастаймын..
Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім....
Алдымен Елбасымыздың НӘ.Назарбаевтың өмір жолына тоқтала кетейін.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген..Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшыдан бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1991 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап,ҚР-ның Президенті.
Н.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында
Бүгінгі күн – талантты,жігерлі,өзіне сенетін адамдардың,арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет сендер үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ-бұл тамаша нәрсе; онырәсуа ету қылмыс...»,-деген екен Бернард Шоу.
Мен сендердің әрқайсыларыңнан жанарыңнан жаңаны білуге,жасампаздыққа деген құмарлықты және ең бастысы дамуға және жауапкершілікті өз мойнынан алуға деген әзірлікті өте көргім келеді деді.
Сендер қазіргі жастар,тәуелсіз Қазақстанда өстіңдер,сендердің көз алдарыңда біздің мемлекетілігіміздің қалыптасуы жүрді. Сендер ана-сүтімен бірге бойларыңа патриотизм және өз тәуелсіз Отандарыңа деген сүйіспеншіліктің терең сезімін дарыттыңдар.
Зейнеп:
Менің елім-менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен,айта алары хақ. Себебі,қазіргікезде ҚР-сы бүкіл әлемге танымал және дамушы елдер қатарына жатады. ҚР дамыту жолында Н.Ә.Назарбаев көптеген мәселелерді шешу барысында жастарға,яғни бізге көп үміт арта отырып,біздің жақсы білім алуымызға,келешекте болашағымыз жарқын болу үшін жақсы жағдай жасап отыр. Біз оны Елбасымыздың Жолдауларынан жақсы білеміз.
Н.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында:
Білімді,сауатты адамдар-бұл 21 ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да күні ертең ғалымдар мен қазақстандық компаниялардың менеджерлері болатын сендер,бүгінгі жастар,мұны өте жақсы түсінуге тиіссіңдер деп көрсетті.
Кім дамымаса,алға қарай жүрмесе,өз орнын басқаға,әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.
Мен әрдайым біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс деп санадым және санаймын да деп,Елбасы жастарға сенім артты.
Н.Назарбаев 2007 жылғы Жолдауында:
Біз жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің стипендияларын өсірдік,оларға білім алу гранттары мен кредиттер бердік деп айтып өтті.
Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауына:
Осы жолдауды Елбасы жастарға сенім арта отырып былай деді: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»-деп түйіндеді.
Сұлтан:
Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзін мен біздің жастарға сенемін деп бастады.Сендердің білімдерің,сендердің күш-жігерлерің мен сендердің еңбектерің күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенемін.
Сендер жастар,туған елдеріңді әлемдегі өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең етіп өркендете біліңдер. Ол үшін терең әрі жан-жақты білім иесі болу міндет деп айтты.
Бұл жөнінде Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер»,деп ұрпағына өсиет тастап кеткен.
Менің де ұлы Абайдан асырып айтарым жоқ деп Елбасымыз Жолдауында айтып өтті.
Мәди:10 «б»
2012 жылы 25 маусымда ресми отырыста Елбасымыздың бұйрығы бойынша,еліміздегі жастар саясатына қолдау көрсету және дамыту жолдары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орында мемлекеттік бағдарлама бойынша,Қазақстан Республикасының білім саласын дамыту,білім жүйесіндегі тәрбиелік аясын кеңейту керектігі айтылды.
Жастар саясаты саласында министрлік саясаты жастардың бәсекеге қабілеттілігін,олардың азаматтық белсенділігін арттыруды қолдау керектігін атап өтті.
Елбасының тапсырмасын орындау барысында «Жас Ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгінде ұйымда 20 мыңнан астам жеткіншек тіркелген. Сонымен қатар «Жастар тәжирибесі» атты жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылуда.
Мәди : 10 «ә»
Елбасы Жолдауы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
Елбасы 11 қарашада «Нұрлы жол» экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау,өйткені онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп,халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ.
Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауына «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап,қажырлы еңбек ете отырып,келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.
Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу,білімге қолжетімділікті кеңейту,білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады.
«Білімді ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі»,болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Осының барлығы Елбасының қамқорлығының арқасында.
Үміт:
Біз бүгін өзіндік бет-бейнесі бар,өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді «Мәңгілі ел» етуді мұрат қылдық.
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» » стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің,ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Менің ойымша,біздің Елбасымыз біздің оқуымыз бен өсіп-өнуімізге,жаңа мүмкіндіктер ашулуы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Әлемдік деңгейдегі Универстет,зияткерлік мектептер ашты, «Болашақ» бағдарламасын құрды. Сондықтан жаңы бағыттың қозғаушы күшіне айналу –біздің Елбасы сенім артып отырған жастардың басты міндеті деп санаймын.
Біз бүгін өзіндік бет-бейнесі бар,өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.
Мемлекет сіздердің алдырыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз-ата-аналарыңыздың табысы,туыстарыңыздың табысы,отандастарыңыздың табысы,біздің Отанымыздың табысы.
Елбасы өз сөзінде,мен сіздерге-жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер-деп айтып өтті
Ажар:
«Жас Отан» Жастар қанаты
2008 жылдың 14 мамырында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты I съезі өтті.
«Құрметті жас жігіттер мен қыздар! Жалғыз мемлекеттің күшімен ғана жастарға қатысты барлық мәселелерді шешу қиын болады. Бұл салада көп нәрсе жастар бірлестіктерінің азаматтық ұстанымына және жігеріне тәуелді болып тұр.
Менің ойымша, «Жас Отан» жалпы ұлттық маңызы бар мақсаттарды орындауға дайын болып тұруына,жастарды әлеуметтендіретін және оларда ілгерішіл түсініктер мен заманауи құндылықтарды қалыптастыратын құрылымға айнала алатынына мен қатты сенім артамын».
Мемлекет басшысы,партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде партия жастар қанатының қиын-қыстау кезеңде студенттерді қолдау үшін жалпықазақстандық марафон өткізу бастамасын қолдау қажет екендігі туралы нақты тапсырмасы бойынша «Жастар жалыны-Отанға,жомарт жүрегі-жастарға!» атты ұранмен жалпықазақстандық марафонын өткізіп, «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-мен меморандумға қол қойды.
Шыңғыс :
«Жастар-Отанға!» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары мен еліміздегі жастар ұйымдары қырыққа жуық тұжырымдаманы жүзеге асырды.
2009 жылдың шілде айынан бастап, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты,ҚР Ауылшаруашылық министрлігі мен Білім және ғылым министрліктерінің және қазақстанның ауыл жастары одағы мен Қазақстан студенттер альянсы «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асыруда.
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты бастамасымен облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен туған тілімізге қоғамның назарын аудару және жастар арасында сәнге айналдыру мақсатында «Қазақша сөйлесейік» республикалық қоғамдық акциясы өткізілуде.
Нұржан:
Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік,қарыштап дамуы үшін сапалы білімі,саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз болашақ ұрпақ әрдайым Көшбасшымыздың Жолдауынан тың серпін,жаңа бағыт-бағдар аламыз. Ендеше Елбасының Қазақстан халқына ,жастарға арнайтын кезекті Жолдауы нақты істерге негізделе берсін деймін.
Конференцияны Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр:
Құрметті Қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
«Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет,Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Назым:
Рахмет сіздерге конференцияға қатысушы оқушылар
Жүргізуші:Азамат
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен ұстаздарға
Бізге арналсын ізгі-ниет тілегіңіз!-дей отырып,сөз кезегін мектеп директоры А.А.Мұхтарқұловаға және ұлағатты ұстаздарға береміз.
Жүргізуші:Назым
Ал енді құрметті ұстаздар және оқушылар сіздерге арналған музыкалық ән-күйімізді тамашалаңыздар.
1.Акардеон аспабымен орындау
Халық әні «Ауылың сенің іргелі»
5«а» сынып оқушысы Даулетова Айгерім
Азамат:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2.Ән: «Қазақ жастары»
Орындайтын 10 сынып оқушысы Нұрқабденов Данияс
Жүргізуші: Назым
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Азамат
Ел аман,жұрт тыныш болып,ашық аспан астында тату-тәтті,шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!
Назым
Біз сіздермен қоштаспаймыз,
келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |