Тақырыбы: «Рухани жаңғыру біздің балабақшада»
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап.
Көрнекі-құралдар: асық, фетрадан жасалған қималар, құрақ түрлері.
Билингвальді компонент: аспап – инструменты, тағам – блюда, ойын – игра.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші шаттық шеңберіне шақырады.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Балаларға қазақ елі туралы видео көрсету.
Балаларға қазақ рухын көтеретін өлеңдер.
Мен жастарға сенемін. (Мағжан Жұмабаев)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қайратты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін! (Еркеназ).
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған,
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер,
Мен жастарға сенемін. (Айсұлу)
Рухты қазақ
Мен қазақпын!
Сен қазақсың!
Ол -қазақ,
Біздер үшін ата-бабам көрді азап.
Мұмкін емес сенің осал болуың.
Сол жандардай рухты, мықты бол ғажап. (Раяна)
Еш нәрсеге өз ұлтын сатпайтұғын,
Салт-дәстүрін түгелмен сақтайтұғын,
Рухы берік жастардың бірі болам,
Мағжан аға сенімін ақтайтұғын. (Марлен)
Үш бақытым (Мұқағали Мақатаев)
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін,
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедің.
Кей-кейде дүниеден түңілсемде
Қасиетті тілімнен түңілмедім. (Абылай)
Бақытым бар үшінші – Отан деген.
Құдай деген кім десе ,Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсыңба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! (Айшат)
Оян қазақ (Міржақып Дулатов)
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп.
Қазағым, енді жату жарамас-ты. (Таңжарық)
Ұлттық құндылықтар жайлы әңгімелеу.
1 – тапсырма.
Асықтың тапсырмалары. Сұрақ – жауап. Олай болса экранға назар аударайық.
Қызыл түсті асық: - Қандай ұлттық ойындарды білесіздер?
Көк түсті асық: - Ұлттық аспаптарды атаңыздар?
Сары түсті асық: - Қазақтың ұлттық тағамдары? Жасыл түсті асық. - Қазақтың қандай ұлттық ою түрлерін білесіздер?
Ақ түсті асық: Қазақтың бұйымдарын атаңыз?
2 – тапсырма: Ұлттық ойын: «Ханталапай» Шарты: балалар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Кім дұрыс дәлдеп хан асғына ие болса, сол жеңімпаз аталады.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
3 – тапсырма: Бойтұмар жасау. Шарты: Әртүрлі пішіндерден қиылған қималар арқылы қошқар мүйіз оюын жапсыру.
Қыз қуу, ханталапай, ақсерек пен көксерек, аударыспақ, көкпар т.б. Домбыра, қобыз, сыбызға, сазсырнай т.б. Бауырсақ, наурыз көже, қымыз, шұбат т.б. Қошқар мүйіз, құсмұрын, түйетабан. Торсық, сандық, қамшы, сырға, шашбау т.б.
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |