Тақырыбы: Сабақта жаңа технология элементтерін


«Халықтар достығы- ел мұрасы»



бет10/17
Дата13.02.2017
өлшемі6,46 Mb.
#9047
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17



«Халықтар достығы- ел мұрасы»

ҚОРЫТЫНДЫ
Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр оқытушының мақсаты екені анық.

Білім беру жүйесі алдындағы міндет технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің болашақ мұраты ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Ойлау әдістері мен амалдарын сапалы түрде игеруге көшу – оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең. Жаңа технология негізі – ізгілендіру және демократияландыру. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау... Оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану».

Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, педагогикалық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып білім сапасын көтеруде:


  • Ой пікірлерін ашық, еркін айтады

  • Сабақ барысында бір-бірінің қателіктерін айтады, жақсы қасиеттерін үйренеді

  • Сабақ-білім естерінде сақталады

  • Сабақ барысында оқушы өзі талдайды

  • Бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіреді.


Сыныптың білім сапасы

2014-2015 оқу жылындағы 2 «А» сыныбының І-ІІ тоқсан бойынша математика, қазақ тілінен жазба жұмыстары, әдебиеттік оқу пәнінен оқу жылдамдығы қорытындысының салыстырмалы түрдегі сапа көрсеткіш нәтижесі:

І тоқсан ІІ тоқсан өсу деңгейі

Қазақ тілі (сапа) 60% 67% +7%

Математика (сапа) 67% 73% +6%



Оқу жылдамдығы 58% 64% +6%

Сараптама

  • Оқушы білімін жетілдіруде алған білім, білік, дағдылардың жүйелі,нақты, сапалы болуына үлкен мән беру;

  • Үлестірмелі дидиктикалық материалдармен жұмыс жасау;

  • Деңгейлік карточка, логикалық есептершығарту арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Әр жазба жұмысынан соң қатемен жұмыс жүргізу арқылы ұлгерімі төмен оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу.

  • Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу

  • Қабілеті әр түрлі оқушыларды анықтау;

  • Түрлі ойлау әрекетіне бағыттау;

  • Әр түрлі сайыстарға қатыстыру;

  • Инновациялық технологияларды қолдану

Еңбектің өлшемі-жетістік
оқушылардың жетістіктері
Қалалық ғылыми-практикалық конференция «Зерде»

Тақырыбы: «Халық санамақтары» ІІ орын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет