Тақырыбы: Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы



бет2/6
Дата14.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#143251
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. СӨЖ

Сабақтың үш мақсаты:

  • Сабақтың үш мақсаты:
  • Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
  • Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
  • Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың негізгі компоненттері

  • 1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
  • 2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
  • 3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
  • 4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
  • 5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
  • 6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
  • 7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
  • 8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет