Тақырыбы: Салауатты өмір салты



бет4/9
Дата23.12.2021
өлшемі47,41 Kb.
#128005
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Салауатты өмір салты тәрбие сағаты
Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, Салауатты өмір салты тәрбие сағаты, еп20-2к,Абдурасулов Н. 9-лек, еп20-2к,Абдурасулов Н. 9-лек, еп20-2к,Абдурасулов Н. 9-лек
II. Ата анамен жұмыс. Отбасы ұстанымы.

Еңбекпен жеген нан тәтті


Еңбек денсаулықты сақтауға жетелейді
Денсаулық тазалықтан басталады
Отбасында ішіп жатарға жол берілмейді
Уақытты тиімді пайдаланамын.

III. Оқушылармен жұмыс.
1. Постер қорғау. Ұжымдық жұмыс.
«Салауатты өмір салты»
Денсаулық символы
дене тәрбиесі еңбек жеке гигиена
денсаулықты сақтау таза ауа қоршаған орта
бос уақытты тиімді пайдалану сапалы тамақтану
әлеуметтік тұрмыс жағдайы
2. Постер қорғау. Топтық жұмыс.
Зерттеушілер тобы: «Зиянды әдеттер»
Ақындар тобы « Салауатты өмір салты» бес жолды өлең

IV. Сен білесің бе?

Эколог: Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде. 
Демограф: Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде. 
Психолог: Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
 Тарихшы: Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
 Дәрігер:     Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді. СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет