«Шаттық шеңбері», «Сиқырлы қап», «Кім көп сөз айтады?»
Сабақтың барысы
Жоспарланған уақыт
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 3минут 2 минут
Сабақтың ортасы 35 минут
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
Мұғалімнің сөзі: – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Үй тапсырмасын тексеру: Тізім бойынша үй тапсырмасын тексекремін. Алдыңғы тақырып бойынша оқушылардың білімдеріне шолу жасаймын.
Тақырыпты суреттер арқылы «Болжау» әдісі арқылы оқушыларға ұсынамын. Айтылым. Суретпен жұмыс Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде судың суреттерімен жұмыс.
Суретте нелер көріп тұрмыз?
Су.
Ненің суларын көріп тұрсыздар?
Таза су, көлдің суы, өзеннің суы.
Осы сулардың барлығын ішеміз бе?
Жоқ.
Ендеше қандай су ішеміз?
Салқын су ішеміз.
Тамаша! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жазыңыз.
Ш...р...н, т...тт..., ...шу, ...лм..., д...мд.... С...б...з, ...ызана..., п...йдал..., сал...ын,ж...л.... Бағалау критериі/ Дискрептор
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жазады.
3-тапсырма.Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіре отырып, «Кім көп сөз айтады?» ойынын ойнайды. Берілген қазақ тіліне тән дыбыстарын қайталайды, олардан сөз құрайды. Көп сөз құраған топ сөздерінің санына қарай ұпайларын жинап, жеңімпаз атанады.
Берілетін әріптер: Ә,і,ң,ө,қ,ұ,ғ,ү.
Мысалы: Әже Әже, әке, іні, ілгіш, әтеш, жаңа, өрік т.б.
Бағалау критериі/ Дискрептор
Дыбыстарды еске түсіреді, сөз құрастырады.
Жинаған ұпайларын санау
Кері байланыс
Балаларға түрлі смайликтер таратып беремін.
Жасыл түс – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Сары түс- мен сабаққа белсенді қатыстым, көңіл- күйім орташа.
Қызыл түс– мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Үй тапсырмасы: Сөйлем құрап жазу(сусын,шырын,салқын,жылы).
Тиісті әріптерді қойып, жазыңыз
Берілген әріптерден сөздер құрастырады
Оқушылар сабактан алған әсерлерін смайликтерді күннің көзіне жапсыру арқылы тақырыпты түсінгенін не түсінбегенін білдіреді
.
Формативті бағалау
Формативті бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.