Су микрофлорасы
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспероз, энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, жарқырауық және галофильді (тұз жақсы көретін) микроорганизмдер болады. Мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрларін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсиноинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болғандықтан, артезиан скважинасының суында микроорганимздер болмайды.
Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы болып табылады.
Көптеген жағдайлардада табиғи суларды микрофлорасы оның табиғатына байланысты. Негізгі түрлері:
1. тұщы жер үстi сулар, оларға:
- ағын өзендер, жылғаларды сулар,
-су - көлдер, тоғандар, cу қоймалары;
2. жер асты-топырақ, топырақ, артезиан сулары (қабат аралық);
3. атмосфералық - жауын, қар;
теңiз сулар.
Қасиеті бойынша бөлінедi:
1.ішуге арналған су. Сумен орталықты және жергілікті қамту, ашық сутоғандардан (өзен, су қоймасы) немесе жер асты суларынан (ұңғымақ, балды бұлақтар, құдықтар) жиналады;
2. жүзуге арналған хауызды сулар;
Қалдық суларды бөлек ерекшелейдi: шаруашылық–фекальді, өнеркәсiптiк, нөсер жаңбырдан, бірақ осы сулардың микрофлорасы табиғи суларды ластайды.
Судың микрофлорасы мен гигиеналық қасиеті оның қолдануы мен табиғатына байланысты әр түрлі болады. Жер асты суларды микрофлора аз санды болады, артезиан ұңғымаларында судың 1 мл бірнеше бактериялар болады.
Ашық су тоғандарында микроорганизмдердің сандық байланыстары әр түрлі шектерде өзгеріп отырады: 1мл–де бiрнеше он шақты, жүздеген, миллионға дейін болады, бірақ ол оның ластануының дәрежесi, метеорологиялық шарттардың ауысымына, суқұбырдың түрлеріне, маусым және тағы басқаларына байланысты болады.
Сутоғандарының барлық микрофлорасын экологиялық тұрғыда екi топқа бөлуге болады:
1. аутохтонды (немесе сулы)
аллохтонды, әр түрлі көздерден ластану кезінде
Аутохтонды флора - суда өмiр сүретін және көбейетiн микроорганизмдер. Судың микробтарын топырақтың микрофлорасының құрамын бейнелеп көрсеткендіктен, , топырақта өте көп таралған микробтар табылады.
Суда өмір сүруге бейімделген микроорганизмдер кұрамында тұрақты болатын микроорганизмдерді судың арнайы флорасы деп атайды.. Оларға аэробты кокктар жатады: Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina lutea Pseudomonas fluorescens, Proteus , Leptospira өкiлдерi.
Таза ластанбаған сутоғандарында оттегiні қажетсінбейтін бактерия аз. Көбінесе Serratia marcescens, Bacillus cereus, Bacillus mycoides, Chromobacterium violaceum, Clostridium және басқалары болады.
Су түбінде және жағалаудағы аймақта микробтар саны көп болады, себебі жаңбыр суы және жағажайдың топырағынан бактериялардың көптеп түсуінен болады.
Судың микроорганизмдері табиғаттағы заттар айналымында түбегейлi рөл ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде ең жоғары дәрежеде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |