Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы.
Микроорганизмдер экологиясы (oikos – грек сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады.
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп – жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.
|