Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы


Мембраналы фильтрация негізгі әдіс



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі53,07 Kb.
#82159
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1e9bc9f22e180bb576bc9b71e1f59a28

Мембраналы фильтрация негізгі әдіс.

Жалпы колиформды бактериялар – грам теріс, оксидаза теріс, спора түзбейтін таяқшалар, 24 – 48 сағатта (37±1)0С – та лактозаны (глюкоза) қышқылға, альдегидке және газға дейін ферменттейтін дифференциалды лактозалы ортада өсуге қабілеті бар.

Бұл топ Enterobacteriaceae туыстығының бірнеше тұқымдастығын біріктіреді:

  • Escherichia


  • Citrobacter


  • Enterobacter


  • Klebsiella


Олар қоршаған ортаға, сонымен қатар суға адам мен жануарлардың нәжістері арқылы түседі, сондықтан оларды анықтау фекальді ластануды аңғартады. Жалпы колиформды бактериялардың судағы саны ластану деңгейін және ішек инфекциясына қатысты эпидемиялық қауіптілікті білдіреді. Термотолерантты колиформды бактериялар жалпы колиформды бактериялар саны қатарына кіреді, сонымен қатар барлық қасиеттерімен және 24 сағатта (37±1)0 С – та лактозаны (глюкоза) қышқылға, альдегидке және газға дейін ферменттеуге ие.

Әдістің принциптері: әдістің негізі мембраналы фильтрдің өз беткейінде және саңылауларында су арқылы фильтрленетін бактерияларды ұстап қалу және фильтрде өсіру, кейін лактозалы дифференциалды – диагностикалық орта беткейіне орналастырып, биохимиялық және мәдени қасиеті бойынша колония түзген бактерияларды идентификациялау.

Мембраналы фильтрлеу әдісі титрационды әдіске қарағанда жаңалау, дәлірек, ауыр емес және арзан болып келеді. Сонымен қатар, аумағы аз фильтр беткейінде көп мөлшердегі су құрамындағы бактерияларды концентрациялауға оңай. Суды санитарлы – бактериологиялық зерттеу кезінде «Владипор» мембраналы фильтрлер қолданылады.

Жалпы және термотолерантты колиформды бактерияларды титрационды әдіспен анықтау.

Титрлік (титрациялық) әдіс қолданылуы мүмкін.

Мембраналық фильтрация әдісімен анализді орындау үшін қажетті материалдар және құрал – жабдықтар болмаған кезде;

Құрамында үлкен мөлшерде жиналған заттары бар судың сараптамасы кезінде;

Суда жалпы колифромды бактериялардың жекеленген колонияларының фильтрінде алуға кедергі келтіретін бөгде микрофлораның болу жағдайында;

Әдіс принципі: Сұйық қоректік ортаға бекітілген су көлемінің дақылынан кейін, ары қарайғы дифференциялды тығыз қоректек ортаға лактозамен және колониялардың дақылдық және биохимиялық тесті бойынша идентификациясымен қайта егумен жалғасатын бактериялардың жиналуына негізделген.

4. Сульфитредуцирлейтін клостридиялар спораларын мембраналық фильтрация әдісімен анықтау.

Сульфитредуцирлейтін клостридиялар – темір – сульфиттік агарда 44±1°С температурада 16-18 сағ. көлемінде натрий сульфитін редуциялайтын спора түзуші анаэробты таяқша тәрізді микроағзалар.

Әдіс принципі: Әдіс темір-сульфиттік агарда анаэробты жақын жағдайда және қара колониялар санында дақылды өсіруге негізделге.

Әдіс ауыз судың сапасына ағымды бақылау жүргізу үшін арналған.

5. Колифагтарды анықтау.

Колифагтар - Е.соli-ді ыдыратуға және 37±1°С температурада 18 сағ соң қоректік ортада бактериялық газонда ыдырату аймақтарын түзуге қабілетті бактериялық вирустар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет