Сынамаларды сақтау және транспорттау.
Ауыз суының сынамасын контейнер- тоңазытқыштарда +(4, 10) градуста жеткізеді. Сынаманы тексеру уақыты мен сынаманы жинау уақыты 6 сағаттан аспауы керек.
Егер сынаманы салқындататын тоңазытқыштар болмаса анализді сынама алған соң 2 сағаттын ішінде істеп бітіру керек.
Егер сынаманы жеткізу уақыты мен температурасы сәйкес келмеген жағдайда анализді жүргізбейміз.
Суды ашық су көздерінен суқоймадан, құдықтардан, бассейндерден жинаған кезде арнайы аспаптарды қолданады:
Барометр
Исаченко аспабы
Рутнер аспабы
Ашық сулардан сынаманы жағалаудан әр түрлі қашықтықта және әр түрлі тереңдікте жиналады.
Судың сынамасын санитарлық дәрігер және оның жанында жүретін көмекшісі немесе арнайы лабораторияда жұмыс істейтін маман жинайды. Суды зерттеудің қорытындылары суды дұрыс жиналуына байланысты. Сынама алу кезіндегі қателіктерді дұрыстау мүмкін емес. Ең басты ереже стерильділікті сақтау.
Сынамаға алынған судың бәрі номерленеді.
Ілеспе (соправодительный) құжатта көрсетілуі қажет:
Су қойманың атауы, және оның орналасу жері;
Сынама алынған жердің суреттемесі (су қоймалары үшін- жағалаудан қашықтығы және тереңдігі);
Жақын маңдағы ластаушы көздер;
Метеорологиялық жағдайы- судың, ауаның температурасы т.б.;
Сынаманы алу күні (уақыт, күні, айы, жылы);
Зерттеудің мақсаты:
Демеуші құжатқа сынақ алған адамның қызметі жазылып, қолы қойылады.
Ауыз суына сынама жасау:
Қоректік агарда колония түзетін микроорганизмдердің жалпы санын анықтау. Бұл әдіспен ауыз суындағы мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің қоректік агарда 24 сағатта 370С – та 2 есеге көбейген колонияны анықтайды. Мембраналы фильтрация әдісімен жалпы және термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |