5. Бақылау түсінігі. Бақылауды ұйымдастыру. Сапаны бақылау – ол қолданатын әдіске байланыссыз, алдымен өнімнің жақсысын жаманнан айырады. Әрине, сапасыз өнімді алып тастаумен өнімнің сапасы жоғарыламайды.
Атап айтқанда, қазіргі заманада электрондық өнеркәсіптерден бұйымдарын өлшеулерін өте кішкентай болғандықтан жарамсыздықты жөндеу мүлдем болмайды. Сондықтан қазіргі замандағы фирмалар жарамсыздықты анықтаумен емес, оның алдын алуға көңіл бөледі.
Оны технологиялық процесті мұқият бақылаудың арқасында «Сапаны басқару» концепциясына сәйкес жұмыс атқаратын.
Сапаны қамтамасыз етуде статистикалық әдістер үлкен рөл атқарады.
Статистикалық бақылау әдістерінің мақсаты өнім сапасының кенеттен өзгеруін болдырмау болып табылады. Мұндай өзгерістер анық себептерден пайда болады. Ол себептерді анықтап, жою қажет.
Статистикалық бақылау әдістері келесі топқа бөлінеді:
- альтернативтік артықшылықтары бойынша статистикалық соңғы қабылдап алудың бақылауы;
- сапаны түрлендіруші мінездемесі бойынша таңдамалы қабылдап алу бақылауы
- статистикалық қабылдап алудың стандарты;
- экономикалық жоспарлар жүйесі;
- үзіліссіз қабылдап алу бақылаудың жоспарын;
- технологиялық процестің статистикалық басқару әдістері.
Атап айтып кетейік, статистикалық бақылау мен басқару. Бұл салада біздің де ғылымдардың қосқан үлесі мол.
Көп жағдайдан өнім сапасын бағалау және ақпарат жинау арқасында шығып келеді. Мысалы, зауытта бұйымдардың партиясы бақыланады, оның ішінде жарамдысы да, жарамсызы да бар. Жарамсыздықтың үлесі белгісіз. Егер бақылауды бір партияның барлығын алып тексерсек, онда жарамсыздықтың үлесін тез арада анықтауға болады. Ал, егер сол партиядан тексеруге үлгі алатын болсақ, онда суретте басқаша болуы мүмкін, яғни онда ақпарат өтірік берілуі де мүмкін.
Бұл жерден мынандай проблема шығып келеді, бір үлгіден анық ақпаратты қалай алуға болады? Осы сияқты проблемалар басқа да уақыттарда болуы мүмкін.
1. Бұйымдар партиясынан алынған үлгінің қорытындысы бойынша, осы партияның жарамсыздық үлесін бағалайды.
2. Құрылғы бар. Құрылғының жұмысының қорытындысын тарату заңы кейбір дәрежеде қарастырылып отырған уақытта құрылғының сол жұмыстың істеу шамасын қарастыруды анықтайды.
Сапаны бақылаудың статистикалық әдістерінің әрбір түрі өздерінің артықшылығы мен кемшіліктері бар. Мысалы, сапаны түрлендіруші мінезі бойынша таңдамалы қабылдау бақылауды алатын болсақ оның артықшылығы үлгіні алу көлемі аз. Ал, кемшілігі әрбір бақыланатын мінездеме ьойынша бөлек жоспары қажет.
Ереже бойынша таңдамалы қабыл алу бақылау жоспары солай түзіледі. Жарамды өнімді қателіктен жарамсыз деп жібермеу мүмкінділігі болуы және өндірушіге залалы аз болуы керек. Таңдамалы бақылаудың көп жоспары былай жоспарланады: өндірушінің тәуекелі α = 0,05 болу керек.
Сапаны басқару – бұл өнімге әсер ететін шарттар мен факторлардың бағытталған әсері және сапаны жүйелі бақылау жолы арқылы оны өндіру, өндіріс, эксплуатациялау және тұтыну кезіндегі қажетті өнім сапасының деңгейін қамтамасыз ету, орнықтыру мен тұрақтандыру. Сапаны басқару дегеніміз – тауардың барлық өмірлік стадиясында өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да іс-шараларды жүргізуді айтамыз.
Қазіргі уақыт түсінігі бойынша, егер өнім өндіріліп қойса, онда сапаны басқару эффективті болмайды. Ол өнімнің өндіріс барысында үздіксіз орындалуы тиіс және сондай-ақ өндіріс процесінің алдында болуы қажет.
Сапаны басқару келесі принциптерденқұралады:
Мақсатқа сәйкестік – сапа қатынасында міндетті түрде дәл нысанаға ие болу керек;
Жоспарлануы – жоспарлық орындалуға жататын сапа саласындағы сатып алу шарасы алынады;
Үздіусіз;
Интенсивтілік – сапаның жоғарлануы экономика дамуының интенсивті факторына жатады;
Комплекстілік – аспектіге тәуелді сапалардың барлық проблемасын шешу;
Оптималдылық – тұтынушының сұранысы бойынша сапаның тура, дәл сәйкестігіне ұмтылу;
Тұрақы жақсару – кәсіпорын бәсекелестігін арттырады.
Өнім сапасын басқару - толығымен өндірісті басқарудың құрамдық бөлігі, функцияның бір тармағы. Сондықтан ол басқару ж.йесінің қызмет ету аймағында дамиды және орындалады. Ғылымның бұл саласы жалпы басқару теориясына сәйкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» түсініктерге сүйеніп іс жүргізіледі.
Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен шарттарынан басқа кездейсоқ, жергілікті және субъективті факторлар әсерін тигізеді. Барлық факторларға әсер ету үшін және сәйкесінше өнім сапасын ұстап тұру үшін басқару жүйесі қажет, яғни өнімнің шығарылу процесін тұрақты әсер ету шараларының жиынтығы.
Басқарушы және басқарылатын жүйелер бар. Басқарылатын жүйе ұйым, фирма, басқа құрылымның басқару деңгейімен сипатталады; басқарушы жүйе – сапа менеджментін жасайды және қамтамасыз етеді.
Өнім сапасын басқарудың негізгі категорияларын қарастырайық. Өнім сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категориялармен жүзеге асады: объект, субъект, мақсат, әдістер, құралдар, функциялар, басқарушылық қарым-қатынас мінездемесі.
Басқару объектісі - өнім сапасын, оның қасиеттері немесе оның бір бөлігі, тобы, жеке қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасын басқарудың эффективті ұйымдастыру үшін тек басқару объектісі ғана ерекшеленуі керек, бірақ процесті жақсырақ тану мен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа категориялар нақты анықталуы тиіс.
Басқару субъектісі -өнім сапасының жоспарлы деңгейіне жету мен оны ұстап тұруын қамтамасыз ететін басқарушы органдар және адамдар.
Басқару мақсаты - өндіруші мен тұтынушының экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып өнім сапасының анықталған деңгейі мен жағдайы, сондай-ақ қауіпсіздік пен экологиялық талаптары; сапа қасиеті мен деңгей жиынтығы, олар қажеттілік сипаттамасына сәйкес болуы керек және өндіру мен тұтынудың тиімділігін тұтынушыға бағаның қол жетімділігін, өнімнің құнының нормада болуы мен пайдасын қамтамасыз ету қажет.
Сапаны басқарудың әдістері - өндіріс процесіне басқару органдары әсер ететін жолдар, олар жоспарланған жағлай мен өнім сапасының жетістігін қамтамасыз етеді.
Сапаны басқарудың 4 әдісі бар: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, ұйымдық-технологиялық.
Ұйымдастырушылық әдіс – ұйым басқармасының қажет сапаны қамтамасыз ететін жүйе әдістерінің жиынтығы. Бұл топ әдісіне басқаратын (бұйрық, жарлық, директивалар), мативацияны қамтамасыз ететін тәртіптік, нормаға, нормативтерге регламенттауды тұрақтандыру.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер қызметкерлердің рухани қызығушылығына әсер ету әдістерінің жиынтығы, олар сәйкес сапаны қамтамасыз етумен байланысты қалыптасады. Бұл әдіске жататындар: тәртіп және кәсіпорынға адалдығын насихаттау, берілген кәсіпорын қызметкері ретінде өзін құрметтеу, өзінің жетістігі үшін мақтаныш, моральды ынталандыру формалары.
Сапаны басқарудың экономикалық әдістері –сапа облысында берілген мақсатқа жетудегі экономикалық ынталандыру мен материалдық қызығушылықты ұйымдастырып қолдануына негізделген әдістер. Бұл топ әдісіне жататындар: сапаны басқару аймағында қаржыц қызметі, өнім мен қызметтің жаңа және заманғы түрін құруын жоспарлау, сапа деңгейін ескере отырып өнім мен қызмет бағасын құру.
Ұйымдық-технологиялық әдістер процесс пен өнім сапасын басқару әдістері мен процесс пен өнім сапасын реттеу әдістеріне жіктеледі. Ұйымдық-технологиялық әдісте негізгі орында сапаны статистикалық басқару әдісі тұрады.
Сапаны басқару құралдарына келесілер жатады: сапаны басқару жүйесінде арнайы функцияларын орындауды басқаратын басқару органдары мен қызметкерлері қолданатын аргтехника, байланыс құралдары; өнім сапа көрсеткішін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функцияларды орындауын ұйымдастыратын нормативті құжатнаманың банкісі;
Мемлекеттік эталон мен өлшеу құралдары енетін метрологиялық құралдары;
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің регламенттейтін құжаттары;
Зат пен материал қасиеті туралы берілгендердің стандартты анықтамалық мемлекеттік қызмет базасы.
Басқару объектісі ретінде сапа қатысында кәсіпорында жүзеге асатын функциялар келесідегедей:
Нормалау (стандарттау, сертификаттау, аттестация);
Өндірістің технологиялық дайындалуы (жеткілікті материалды-техникалық жабдықтандыру, өсімдіктердің сортталған дәндері, жануарлардың асыл тұқымды болуы, жоғарғы деңгейде қызмет көрсету, т.б.);
Кадрлардың квалификациясын жоғарлату, сапаға деген ынтасын, күшін, жауапкершілігін ақпараттық және метрологиялық қамтамасыз ету көмегімен өндірістік процесс жолын бақылау.
Сапа облысындағы басқару қатынастары – бұл субординация (бағыну) және координация (қызметтік) қатынастары.