7. Кәсіпорындардың кіріс бақылауын жүргізуінің дұрыстығын бақылау.
Кәсіпорындарда кіріс бақылау шикізаттарды техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды. Кез келген өндірісте өнімді шығару үшін оған бірінші сол өнімнің шикізаты келіп түседі. Ал әрбір шикізат өзінің сапасы жағынан техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігі бойынша тексеруден өткізіледі. Егер де сол шикізаттың сапа көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда шикізат жарамсыз деп танылады. Міне осы кіріс бақылаудың негізгі үрдісі.
Мысал ретінде Мұнай өндірісін алайық: СЛАЙДТАР қолданамыз Технологиялық бақылау дегеніміз – өндірістегі технологиялық процестің жұмыс істеу параметрлерін қадағалау. Яғни, өндіріс барысындағы барлық үдіс параметрлерінің белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін толық қадағалау.Ал метрологиялық бақылау дегеніміз - өндірістің жұмыс істеу параметрлерін қажетті бұйымдармен, құрал-жабдықтармен, құрылғылар мен өлшеу құралдарымен бақылау. Мұндай бақылаудың нормативтік негіздемелері болып мемлекеттік және салалық кәсіпорынның стандарттары саналады. Технологиялық және метрологиялық бақылау қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжатты алғаннан бастап жүргізіледі. Олар төменде атап көрсетілген:
1) Өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемнің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, номенклатураларын белгілеу.
2) Өлшем жүргізуді өлшем дәлдіктерін сақтайтын әдістемелермен қамтамасыз ету.
3) Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндіріс стандарттарын немесе қажет болған жағдайда сандартталмаған өлшеу құралдарымен, өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.
4) Өлшеу құралдарын стандарттау.
5) Өлшеу жүргізудің нормативтік-техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.
6) Өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге және өлшеу құралдарының дәлдәктерін сақтауды үйрету.
Сонымен қатар, жаңа техниканы игеру туралы мәлімдемелерді сараптаудың барысында тұтынушының талаптарына сай конструкторлық мақсаттар айқындалады. Техниканы игеру барысында өлшеу құралдарының дәлдік нормаларын белгілеудің дәлелділігі мен жеткіліктілігі анықталады. Дәлдік нормаларының дәлдігі деп, өнімнің сапасын көрсететін барлық парметрлерді анықтайтын дәлдік нормаларының белгіленуін айтады.
Метрологиялық бақылау кезінде ерекше еөңіл бөлетін мәселелер – техникалық талаптар және тексеру мен қабылдау тәртіптері