Саяси жүйе – билік жүргізуші әлеуметтік топтар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саясаттануда саясатты мүделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік (экономикалық, саяси мәдени және басқа да ) мүделер болатына назар аударады.