6 жаттығу «Самолет» Нұсқау: Қазір сіздер жұп болып бөлініп самолет жасауларыңыз керек. Ол үшін біреулеріңіз өң қолыңызбен, ал екіншіңіз сол қолыңызбен жасауларыңыз керек. Содан кейін самолетті мынандай сөздермен «ұшырамыз», «Біз үрейлік пен қорқынышты жеңеміз»
7 жаттығу «Менің көңіл - күйім» тест Мақсаты:әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.
Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңіз және жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мүмкіндік береді. Егер тесттегі мінез – құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап бересіз.
Менде жиі нашар көңіл – күй болады, жылаймын
Адаммен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын
Жиі ренжіген, қамыққан күйде боламын
Мен білетін және білген адамдардың көпшілігі менің көңілімді қалдырады.
Соңғы кезде кейде ғана көңілді боламын, мүлде күлмеймін
Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін, өмірім туралы жақындарыма және таныстарыма шағынамын
Қазіргі уақытта көптеген сұрақтар бойынша менің жеке позициям жоқ
Әңгімелесушілер естуі қиын болу үшін мен жай сөйлеймін
Кейде әңгімелесушінің сұрағына қалай жауап беруді білмеймін тек басымды іздеймін
Тест кілті: Әрбір «иә» жауабына 1балл, оны қосыңыздар
1-2 балл. Кейбір өмірлік қиындықтарға қарамастан сөз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, дегенмен белгілі бір шек болғаны дұрыс.
3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қалыпты, бірақ қазірдің өзінде шаршау байқалады. Ерте емес пе?
7-10 балл. Сіз болғанның бәрін жағымсыз түрде қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер жоқ па?
Слайд Өмір туралы сөздер көрсетіледі.