Басыңызға қиын іс түскенде де мойымаудың 10 мысалы
Мотивация
admin
03.10.2017
0
5
6706
Кейде басқа түскен қиындықтар мен сәтсіздіктер таудай болып жиналады. Мұндай жағдайда қолды бір сілтеп, әрі қарай алға ұмтылудың мәні қалмағандай күй кешесіз. Бірақ ешқашан мойымау керек.
Алға қойған мақсатымызға қарай әр дайым ұмтылу керектігін дәлелдеген тұлғалардың өмірінен алынған қысқа мысалдарды назарларыңызға ұсынамыз.
Вуди Аллен
Емтиханнан өтпей қалып, университеттен шығарылды «Оскар» сыйлығының 4 дүркін иегері, танымал режиссер Вуди Аллен Нью‑Йорк университетіндегі оқуынан кинематография бойынша емтиханнан өтпей қалғандықтан, оқудан біржола шығарылып жіберілді. Алайда Вуди бұл үшін аса уайымдамады да, өйткені ондағы оқу оны зеріктіріп жіберетін‑ді, бірақ бәрібір де ол өз алдына қойған мақсатына жете білді.
Урсула Бернс
10 жыл бойы жұмыста мансабының көтерілуін күтумен болды Урсула Бернс Нью‑Йорк политехникалық университетін тәмамдаған соң, бірден американдық Xerox компаниясына тәжірибелік жұмысқа орналасты. Оның жұмысқа деген ынтасы бағаланып, көмекші қызметін атқарды, бірақ ол 32 жасқа дейін кішігірім қызметтерді атқарумен болды.
Осылайша, 10 жыл өткен соң ғана оның еңбегі аса жоғары бағаланып, алдымен жаһандық дамыту бойынша вице‑президент болып тағайындалса, ал бүгінде ол Xerox компаниясының бас директоры болып табылады.
Габриэл Жезус
Футболдан әлем чемпионаты алдында жаяужолды бояп, ақша тапты Бразиялық футболшы, әйгілі «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Габриэл Жезус 2014 жылы футболдан әлемдік чемпионат алдында жалаң аяқ жолдағы белгілерді бояп, ақша тапты. Сол кездері ол теледидардан өзінің сүйікті командасының матчын тамашалап жүріп, елінің құрама командасында ойнауды өзіне басты мақсат тұтты. Осылайша, бүгінде ол өз мақсатына жете білді. Қазіргі таңда Габриэлдің табысы аптасына 80 мың долларды құрайтын, болашағы зор футболшылардың қатарында.