Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Далабаева Эльмира Толкинбековна
Мазмұны
Пікір
Дәйектеме
Мақсат,міндеті
Шегірткенің түрлері
Шегірткенің азығы
Шегірткенің құрлысы
Шегірткенің зияны
Шегіртке мен құмырсқа
Қортынды
С.Абланов атындағы орта
мектебінің 2 «б» сынып
оқушысы Жазым Динанның
«Шегіртке» атты
ғылыми жоба жөнінде.
Пікір.
Ғылыми жоба тақырып негізінде жасалған. «Шегіртке» туралы мәліметтер жинақталып, оларға зерттеу жұмыстары жүргізілген. Шегіртке түрлері,азығы, зиянкестігі және одан құтылу жолдары туралы, көптеген суреттер тапқан. Зерттеу мақсатымен міндеттері нақты қойылып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілген. Ғылыми жұмыстың деректік негізіне сүйене отырып , мақсатқа жеткен. Тақырып аясында зерттеу әдістерін пайдалана отырып, бақылау, эксперимент жүргізіліп, жан-жақты ақпараттар іздеген.
Бұл зерттеу жұмысында шегірткенің шығу тарихы туралы мәліметтер қарастырылып, тереңірек түсінік берілген. Шегіртке – қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегрткелердің бір тобы. Антарктидан басқа дүние жүзінде шегітркелердің 6800 түрін кездестіруге болады. Қазақстан ландшафтысының әр түрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты мұнда олардың 271 түрін кездестіруге болады. Шегірткелер көбінесе жасыл егіндікпен қоректенетін болғандық, олардың жасыл егістіктерге зияны өте көп.
Аннотация
Это научная работа о различных видах кузнечиков. Кузнечик – относится к одной из ветви краткоусых кузнечиков. Существует более 6800 видов кузнечиков на всех континентах, кроме Антарктиды. А также в Казахстане можно встретить более 271 видов кузнечиков. Но болшинстьво часть видов кузнечиков питается только растениями. Несколько видов отмечены как сельскохозяйственные вредители.
Annotation
This research work is about grasshoppers. Grasshopper referred one of the
short-horned grasshoppers. About 6800 kind of grasshoppers you will see all over the world except Antarctic. As you know Kazakhstan is the richest and widely country, so by the way there are you will meet about 271 kind of grasshoppers. Grasshoppers prefer to eat grasses, leaves and cereal crops, but
many grasshoppers are omnivorous.
Мақсаты:
Күнделікті өмірімізде кездесетін шегірткенің қыр – сырымен толығырақ, тереңірек таныса отырып, шегірткенің зиянкестігі және одан құтылу жолдарын ұсыну.
Азиялық, мароккалық, итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстінгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ұрғашы шегіртткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды. Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдітерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады – қатты көбеюлері мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.
Ауылшаруашылығы өндіріcіне астық қоңыздары, тышқан сияқты зиянкестерден келер қауіп ұшан-теңіз.
Күресу шаралары. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен саяқ шегірткелерге қарсы 8-10 дернәсіл/м2 , үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және оданда көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертелікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбәр секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.
Азия ұшпа шегірткесі – турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 – 50 мм, аналықтары 45 – 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. А. ұ. ш. Солт. Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 – 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. А. ұ. ш-нің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. А. ұ. ш-нің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш – Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. А. ұ. ш-нің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 – 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 – 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн. га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы мех., агротех., хим. және биол. күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.
Олардың дәнді-дақылдарды, көкөністер мен бау-бақшаларды, жайылымдықтар мен шабындықтарды отайтыны баршаға белгілі. Шегіртке зиянкестері күн ыстықтаған сайын өсімдіктерден мол ылғал алу үшін онымен көп қоректенеді. Шегіртке дернәсілдері топырақтың беткі қабаты қызғанда ғана жер бетіне шығады. Жанданғанда ересек шегірткеге ұқсас келеді, тек қанаты болмайды. Дернәсілдердің даму сатысы 30-40 күнге созылып, ересек қанатты шегірткеге айналады. Даму кезінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Жандануы кезінде олар үйірленіп, олардың саны бір шаршы метрде жүз және одан да көп болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке үйірлері пайда болады. Жылына бір рет ұрпақ береді.
Шегіртке көбіне адам баласы мекендемейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, құмдардың биіктеу жерлеріне, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шыға дамуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқынды және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақтылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектар жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Саны көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып, өсімдіктерді отайды. Шегіртке – жарық сүйгіш зиянкес болғандықтан, түнгі мезгілде елді-мекендердегі, көшедегі жарықтарға ұшып келеді.
Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік кезең байқалады – қатты көбеюлері мен депрессиялық жағдайлары кезектесіп отырады. Былтырғы жылдан бастап шегіртке зиянкестерінің көбеюі байқалуда. Оған ауа-райы қолайлы жағдай туғызып отыр. Биылғы жылы ауданымызда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары – 165,0 мың гектар жерге, Бисен, Орда, Т.Масин ауылдық округтерінің құм өңірлеріне жүргізіледі деп жоспарлануда. Осы мәселеге байланысты көршілес Ресей Федерациясы Ахтуба ауданының, Атырау облысы Құрманғазы ауданының өсімдік қорғау мамандарымен шекаралас аймақтардағы шегіртке зиянкестеріне мониторингтік бақылау жұмыстары жылма-жыл бірлесе жүргізіліп келеді. Ауылшаруашылық жерлерін зиянкестерден кешенді қорғау үшін, олардың сандарын жіті бақылап, уақтылы химиялық әдіспен (дернәсілдердің
2-3 жас кезінде) өңдеу жұмыстарын жүргізудің тиімділігі жоғары.
Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктең, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзе ді.
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.
Зәршығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты.
Даму түрлері: тура даму (жұмыртқа имаго), шала түрленіп даму (жұмыртқа дернәсіл —> имаго), толық түрленіп даму (жұмыртқа —> дернәсіл —> қуыршақ —> имаго).
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктең, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзе ді.
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.
Зәршығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты.
Шегіртке
мен құмырсқа
Қорытынды:
Қорытынды:
Жаппай өсіп-өніп, көбейген жылдары Азия шегіркесі егін жайларға, пішендікке, мал жайылымдарына көп зиян келтіреді.
Ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша, арнайы құралған комиссия егістік алқаптарды аралап, шегіркенің жұмыртқаларын байқады. Экономикалық зияндылық шегінен жоғары деп бағалап, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететіні туралы мәлімет берді.
Күрес шаралары: игерілмей жатқан жерлерді игеріп пайдалану; пішендік жерлерді суғару және уақытысында шөбін шауып жинап алу: өнімдерге у шашқыш құрылғысы бар тракторлармен инсектицидтер шашу.