Тақырыбы: ШӘКӘрім қҰдайбердіұлының соттық Қызметі және билік-шешімдері мазмұны



Дата31.12.2019
өлшемі54,86 Kb.
#54167
Тақырыбы:
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ СОТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БИЛІК-ШЕШІМДЕРІ

Мазмұны
Аннотация............................................................................................................

Кіріспе.
Зерттеу бөлімі



1. ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛІГІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ





1.1

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдері

1.2

Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі




2.ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ СОТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БИЛІК-ШЕШІМДЕРІ




2.1

Шәкәрімнің соттық қызметі және билік – шешімдері




2.2

Шәкәрім және жер дауы




2.3

2.4


Шәкәрім және жесір дауы

Шәкәрім және мал дауы









3. Қорытынды

Ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер


























































Аннотация
« Шәкәрім Құдайбердіұлының биліктері мен соттық шешімдері» атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытындыдан тұрады.

Ғылыми жоба жұмысымның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, алға қойған мақсатыма жетудегі еңбегім мен әдіс-тәсілдерім баяндалады.

Осы жұмысты жазудағы мақсатым Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен саяси қайраткерлік кезеңдерін,болыстық қызметі туралы, соттық қызметі және билік-шешімдерін зерттеу болды.

Ғылыми жоба жұмысымның негізгі бөлімі 2 мәселені қамтиды :



  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдері

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының соттық қызметі және билік-шешімдері.

Жалпы өзімнің алға қойған мақсаттарыма жету үшін алдыма мынадай міндеттерді шешуді көздедім:



  • Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдерін айқындау;

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық және биліктік қызметіне саралау жасау;

  • Шәкәрімнің саяси-құқықтық ойларының негіздерін айқындау;


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы саяси-құқықтық ой тарихының дамуында ерекше роль атқарған тарихи тұлғаның бірі болып табылады. Сол кезеңдерде қалыптасқан Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал ұлт жанашарылары мен алаш қайраткерлерінің елдің болашағы үшін оның тарихтан жойылып кетпеуі үшін бар қажыры мен қайратын салып, күресуді талап етті. Осы кезең туралы Елбасы былай деген еді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды». Осы бір заманауи кезеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы сол кезеңдегі қазақ зиялыларымен қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға тырысты. Қаншама жылдар өткеннен кейін ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының ел үшін еткен еңбегі өлең сөздерінде көрініс тапқан жан айғайы, елін бірлікке шақырған үндеулері, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін кең етек жая халқымен қайта табысты.

Шын мәнінде, кеңестік идеология ХХ ғасырдың басындағы бас көтере қазақ зиялыларын ұлтшыл, байшыл, реакцияшыл топтар деп жазықсыз айыптап, оларды бірінен кейін, бірін абақтығы тоғытып жатты. Ең соңында көбісі нақақтан – нақақ атылып кеткенін біз жақсы білеміз. Соның кебін кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы да киген болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы тек қана ақын ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы, ойшыл тұлға еді. Оның шығармашылығында қазақтың сол кезеңдегі жай-күйі ғана емес, елінің болашағы да тілге тиек етілген болатын. Шәкәрім шығармашылығы қазіргі Қазақстанның ғылымының ішінде әдебиеттанудың ғана мұрасы емес, ол сонымен қатар, барлық қоғамтану ғылымының ой елегінен өткізетін пайымдау объектісі болып отыр.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Шәкәрімтанудың шын бет-бейнесі қалыптаса бастады. Шәкәрімтану бағытында әдебиеттанушылар, тіл мамандары қажырлы еңбек етті. Сонымен қатар, Шәкәрімнің философиялық, тарихи, педагогикалық, психологиялық ұстанымдары туралы көптеген ғылымдар да қалам тербеді. Шәкәрім мұрасына шын үңіле қарайтын болсақ, ол өзінің өлеңдерінде мемлекеттің бірлігін, ұлттың тұтастығын, әділеттілікті жырлаған болатын. Шәкәрім тек қана бұл жағдайларды жырлап қана қоймай, жастайынан ел ісіне араласып, болыс та, би де болып қызмет атқарды. Сондықтан да, Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ қоғамындағы мемлекеттік басқару жүйесінің сырттай бақылаушысы ғана емес, оны іштей сезінген, осы саланы жетілдіруге қажырлы еңбек еткен адамның бірі.

Шәкәрім Құдайбердіұлының әмбебап тұлға ретіндегі қыры жүйелі зерттеліп келеді,бірақ Шәкәрімтанудағы бір мәселе, оның саяси-құқықтық көзқарастары мен би ретіндегі қызметі толығымен ашылып зерттелмеген. Сондықтан да, арналы тұлғаның осы бір қырын зерттеп-зерделеудің қажеттілігі туындауда. Тағы да бір ескеретін жағдай еліміз өзінің тәуелсіздігін қалыптастыру үстінде, оны нығайту жолында әлі талай белестерден өту керек. Осы бағытта да Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-құқықтық қызметінің тәжірибесінен алар, өнеге тұтар үлгілер көп.



Жұмысты жазу барысында алдыма мынадай мақсат қойдым:

Ғылыми зерттеуде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі, Шәкәрімнің би және билік туралы ойлары, Шәкәрімнің соттық қызметі және билік – шешімдері, Шәкәрім және жесір дауы, Шәкәрімнің «Базаралы-Тәкежан» дауына қатысуы тарихының тәрбиелік мәнін ашу және таныту.



Жұмыстың міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және саяси қайраткерлігінің кезеңдерін айқындау;

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық және биліктік қызметіне саралау жасау;

  • Шәкәрімнің саяси-құқықтық ойларының негіздерін айқындау;

Зерттеу жұмысымның әдіс-тәсілдері:

Мақсатыма жету үшін талдау, суреттер, жинақтау, қорыту әдістерін қолдандым.



Зерттеу жұмысымның құрылымы:

Зерттеу жұмысым кіріспеден,екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Дерек көздері:

Интернет материалдары, баспасөз материалдары



Ғылыми жаңалығым:

Зерттеу жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының саяси-құқықтық көзқарастары мен билік-шешімдері алғаш рет отандық заң ғылымында жеке-дара қойылып, зерттеліп отыр. Ғылыми жұмыста Шәкәрім Құдайбердіұлының осы уақытқа дейін ғылыми талқыға түспеген болыстық және би ретіндегі қызметін жүйелі түрде зереттеп тәрбиелік мәнін ашып,тарихын таныттым.



1. Зерттеу бөлімі

1.1ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛІГІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы-қазақтың рухани өміріндегі ерекше кезең. Бұл тарих сахнасына Абай, Шоқан, Ыбырай секілді кемеңгерлер шыққан, солардың аяғын ала Алаш атын аспанға көтеріп, қазақтың іргелі елдермен терезесін теңестіруді көздеген Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мұстафа секілді ұлт жоқшыларының қалың легі жарқырай көрінген белесті кезең. Солардың арасынан ескінің соңы, жаңаның басында болған,Батыс пен Шығыстың ғылым-білімін бойына қатар сіңірген ғұлама философ, ойшыл, ақын, әділетшіл гуманист Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше көрінеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген.

Шәкәрімнің ата-баба тарихына тереңірек үңілсек, арғынның Тобықты руынан.Арғынның Тобықты руынан сол замандағы ең беделді билер мен шешендер шыққан.Билік сонау ата-бабаларынан дарып, Шәкәрімге дейін жеткен. Арғы аталарын қойғанда, Құнанбайдың өзі, бүкіл орта жүзге ары кетті жалпы қазаққа мәлім тұлға екендігін біз жақсы білеміз. Ал өзінің әкесі Құдайберді де беделді адамның бірі болған. «Құдайберді Құнанбайұлы (1829-1866)-Шәкәрімнің әкесі, Құнанбайдың бәйбішесі Найман Ағанас бидің қызы Күңкеден (негізгі аты Әйбөбек) туған жалғыз ұлы. Құдайберді жас кезінен атасы Өскенбай мен әжесі Зеренің тәрбиесінде болады, түрікше, арабша сауат ашады.

Құдайберді ер жеткенде әкесі Құнанбай баласына Қаракесек руының «Кедей» деген табынан шыққан орта дәулеті бар, ұл-қыздарын ерте оқытқан, адалдықты жоғары қойған, ел қадірлеп, қастерлеген, абыройы жоғары Алдабергенге құда түсіп, оның Төлебике деген қызын айттырып алып береді» . Көптеген зерттеушілер осы ойды қолдайды. Мысалы, Қ. Мұхамедқанұлы Құдайбердінің өмірбаяны туралы былай дейді: «Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы Құдайберді. Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен төрт ұлы болған: Омар, Мұртаза, Шаймардан (Шәке), кенжесі-Шаһкәрім» . Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өтеді. Сөйтіп Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болады да жетімдіктің тауқыметін тарта қоймаған.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, жеті жасына шейін оқу оқиды.

Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Алғашкы өлеңі әкесі қайтыс болғаннан кейін туған. Ақын далада келе жатып, бір жұлдыз құртын өлтіріп алады да, соған жаны ашып, жұлдыз құрттың атынан өлең шығарады. Мұны Абай естіп, Шәкәрімнің талпынысына ризашылық білдіріп, бұдан былай Шәкәрімді өз қамкорлығына алады. Абай Шәкәрімге молда сабағынан басқа орысша үйрену қажеттігін де ескертіп, өзі баулып отырады. Елдегі орысша білетін Нұрпейіс деген кісіні қолында ұстап, сол кісіден орысша үйреніп, сөздік жаттап, орыс тілін бір кісідей меңгереді. Былайғы өмірін ғылым-білім қуумен қатар, домбыра тарту, сырнайда ойнау, ән салу, саятшылық кұру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге алған ортасы - Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына Абайдың ықпалы аса зор болады. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Жиырмаға толғаннан кейін ел ісіне араласа бастайды. Мұнда да өз еркімен емес, ағасы Абайдың ықпалымен болыс болып сайланады. Бұл ретте Абайдың көздегені ел ішінің берекесін сақтау үшін жұртты Шәкәрім секілді таза жүректі, адал ниетті адамның басқаруын қолайлы көргенінен еді. Сөйтіп Шәкәрім екі рет Шыңғысқа, алты айдай Сыбанға болыс болып, үш жылын ел басқаруға арнаған. Бұл жылдарын ол «Еріксіз жемтік шоқыдым», «Ар кетіп, айла жамылдым» деп еске алады. Әйтседе елмен қызмет бабында араласу ақынның адам тануына, адамшылық пен аярлықты айыра білуіне, коғамдық ортаның тамырын басып, сырқатын анықтауына көмектеседі.

1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тарихының алмағайып кезеңінде тарих сахнасына шығып, билік еткен тұлға болып табылады. Оның болыстық қызметі де осы жағдайдың аясында жүзеге асқан болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы болыс ретінде жас шағынан бастап танылып, өзінің ағасы Абайдың жолын қуған болатын. Болыстық қызметте де, Шәкәрімге үлгі-өнеге көрсеткен тұлға Абай болып табылады. Жастайынан Шәкәрімнің болыс болуына, оның ел ішіне танылуына Абай былайша айтқанда, ұстаздық, қамқорлық көрсетті. Болыстық қызметтегі Абай мен Шәкәрімнің осындай ара-қатынасын кезінде жоққа шығарып, екеуін бір-біріне қарсы қойған кезеңдер де болған.

Біз Шәкәрімнің болыстық қызметін, сол кезеңдегі саяси жағдайдан бөле-жара ажыратып, қарай алмаймыз. Шәкәрім дәуіріндегі қазақ даласындағы саяси жағдай туралы Ө. Өмірзақов былай дейді: “Қазақ тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы ерекше орын алады. Өйткені, тордан шығуға талпынған сұңқар құс іспетті қанша алсұрғанымен, кең қазақ саһарасы Ресей уысына мықтап түсіп, ежелден қалыптасқан тұрмыс-тіршілігі де, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері де мүлдем басқа арнаға бет алған еді. Мұндай өзгерістер қазақ қоғамындағы саяси және әлеуметтік өміріне әсер етпей қалғаны жоқ. Тап осы дәуірлерде ірі тарихи өзгерістер болып жатты. Қазақстанның Ресей құрамына ену процесі қаншама қарама-қайшылықтарға қарамастан заң жүзінде бекітілді” . Бұл айтылған пікірмен келісе отыра, болыстық басқарудың сол кезеңдегі ерекшеліктеріне көңіл бөле кетейік. Шәкәрім болыс болған кезде, ол далада 1868 жылы 21 қазанда қабылданған Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже жұмыс істеген болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы осы Ереженің негізінде болыстық қызметке араласты. Сол ережеде болыстықтың сайлану тәртібі туралы бірнеше талаптар белгіленген: « Халықтың сеніміне кірген, құрметке ие. Жасы 25-тен кем болмауы шарт». Болыстар мен ауыл старшындары 3 жылға сайланатын .Оларды бекіту губернатор мен уезд бастықтарының қолында болды. Бұл сол кездегі отаршылдық саясаттың көрінісі деуге болады.

Болыс болу қазақ даласында өте бір ылаңмен, талас-тартыспен өткен болатын. Абай оны өзінің өлеңдерінде талай тілге тиек еткенін жақсы білеміз. Бүкіл рулы ел партия-партияға бөлініп, бір-бірімен қызыл кеңірдек болып қырыласатын. сорақылықпен, тартыспен бітіп жататын. Болыстықтың мұндай әділетсіздікпен сайлау өтетіндігін тарих беттерінен белгілі. Болыстық қазақ қоғамындағы елдің бірлігіне сынақ алуға бағытталған халықты жік-жік қылып, ажырататын Ресей отарлауының жүйесіне негізделді. Кеше ғана бір-бірімен жақын туыс болып жүрген адамдар болыстық сайлауы жақындаған кезде атасынан жау болған тұлғалардай бір-бірін көрмей кететін кездері де болған. Бұл қазақты бір-біріне айдап салып, қай жеңгенің менікі деген Ресейдің құйтыртқы саясатының нәтижесі еді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметін Абайдың билік ісінен бөліп жара қарай алмаймыз. Сондықтан да, Абайдың да кейбір қызметін тоқталып өтетін болсақ: “Иә, Абай ат жалын тартып мінгеннен ел жұмысына араласып, беделді басшы болған. “27 жасында, - дейді Тұрағұл өз естілігінде, - біздің елдің Бұғылы жақ шетіндегі Оразбай Аққұлы баласының ауылындағы сайлауда қасында жақын туған-туысқаннан адам жоқ, жалғыз барып, елді жеңіп алып, інісі ысқақты болыстыққа сайлатып қайтыпты”. Бұл Шыңғыс болысында 1872 жылы болған оқиға. Ал 1874-77 жылдары Абайдың өзі назначением Мұқыр болысында болыстыққа тағайындалыпты. Осы үш жыл келешек ұлы ақын өмірінің ең мазасыз, ең ауыр шағы болды. Осы кезде Абайға қарсы он екі іс қозғалып, оларды тергеу – тексеру тым ұзаққа 1877 жылдан 1884 жылға дейін созылған-ды.

Анық бір нәрсе – Абай 1877 жылдан соң болыс болмаған. Абай да болыс болып елге әділеттілік орнатқысы келгенмен, ру-руға бөлінген мансапқорлар оған мүмкіндік бермеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі мынандай жағдайлармен байланысты: “1878 жылғы Шыңғыс болысының сайлауы алғаш рет талас-тартысты жағдайда өтеді. Соның нәтижесінде болыстық қызмет 20-ға енді ғана іліккен уыздай жас Шәкәрімге бұйырады.

Бұл ешкім күтпеген Олжай ішіндегі тосын оқиға болғаны жөнінде Шәкәрімнің өзі баласы Ахатқа былай деп әңгімелеген екен: “Бір жылы қиян-кескі партияда, олжай екі бөлініп, болыстыққа қырқысады. Болыс сайлауында жеті старшын (Сақ, Тоғалақ және Әнет, Бәкең деген аталар) бөлінген екі партияға да шар салмай отырып алады. Келген ояз шар түгел болмаған соң болысты сайлай алмай: “Бұлай болса, назначениямен басқа болыс сайланады!”, - дейді. Осы қысылтаяңда Абай өзінің жақын айналасымен кеңесе отырып, жас та болса әр қырлы өнерімен көзге түсе бастаған Шәкәрімді құп көреді. Абай оны шақыртып алып: “Сен болыс боласың!”, - депті.

Міне, Шәкәрімнің:

“Өнерлі, шебер, тіл-жақты,

Алады-деп-бұл бақты”-

Еріксіз маған ел жапты

Болыстықтың тоқымын, - деуінің астарында осы оқиға бар”

Көріп отырғанымыздай, Шәкәрімінің болыс болуына Абай ерекше еңбек сіңірді. Кейіннен Шәкәрім екінші рет болыс болатында да, сол Абай көмектескен еді: “1886 жылы Семейге корпусной генерал-губернатор келгенде, тағы да істі болып жүрген Абайға оған жолығудың сәті түседі. Бұрынғы уезной Лосовскийдің көмегімен. Сөйлесе келе, корпусной Абайдың ақыл-парасатына көңілі толып: “Сен заманының басың асқан адам екенсің” десе керек. “Сол жерде оязнойға тапсырып, Күнтуді түсіріп дейді Тұрағұл естелігінде, - қызметті Шаһкәрімге тапсырмақ қылыпты. Біздің жау жағымыз мұндай төңкеріс болып қалғанын білмей, Абай айдалатын болды деп, Тәңірберегеннің жылқысын алған. Сол жерде Күнту түсіп, қызмет Шаһкәрімге тиіп, жылқыны алып, қырып салған ел қатты қазаға ұшырап, берекесі кетіп қалған”

“Күнту түсіп, қызмет Шаһкәрімге тиіп” деуімен Тұрағұл бізге Шыңғыс болысына болыстық қызмет Шәкәрімге тигенін жеткізіп отыр.

Сөйтіп, 1886-87 жылғы қысылтаяңды атап айту керек, екінші рет сайлаусыз Шаһкәрім болыс болып тағайындалады. Бақсақ, он жылдай бұрынғы (1878) сайлауда сияқты бұл жолы да оның кандидатурасын Абай ұсынған.

Шәкәрімнің болыстық қызметі жайлы сөзіміздің жиынтығы: ол 1878-1880 және 1887-88 жылдары қызметінен мерзімінен бұрын түсіп қалған Күнтудің орнына болыс болған. Яғни соңғысы толық мерзімді емес. Демек, Шәкәрімнің ел билеген уақытының жиыны 4-5 жылдың айналасынан аспайды. Шәкәрімнің 1888 жылдан соң болыс болғанын растайтын дерек көздері жоқ” . Шәкәрім Құдайбердіұлы болыс ретінде ел ісіне ерте араласып, талай әділетсіздікпен күрескен еді. Шәкәрім өзінің болыстық қызметінде Абайдың ықпалынан, былайша айтқанда шыға алған жоқ. Өйткені, Шәкәрімнің екі рет болыс болуына да Абай негізінен атсалысты. Болыстық қызметінде де Шәкәрім Абай жолын сақтап, шамасы жеткенше ел бірлігіне еңбек еткен болатын.

Кезінде Абай Құнанбаев та болыс болып, қазақты түзей алмағанын біз жақсы білеміз. Ал, осы жай-күй Шәкәрімнің де басынан өтті. Шәкәрім болыстық қызметте Абай жолын ұтады. Абай жолы әрқашанда әділдік жолы екендігі белгіліҚазаққа қалғаны болыстық, оның сөзін абайдың айтуынша, үш жылға ғана сайлады. Бірінші жыл сені біз сайладық, - деп елдің бұлданғанымен өтеді, екінші жылы кандидатпен аңдысумен, ал соңғы жылы сайлау жақындап, тағы болыс болсам деген тіршілікпен өтеді. Қазақ жайын жақсы білген адамдар: би екеу болса, дау төртеу болмақ, - деп айтыпты дейді Абай. Сондықтан би жұп болмай, тақ болуы керек. Яғни, билікке әр болыстан үш кісіні сайласа, бітімге келу ұзамас еді. Бұлай болғанның өзінде де қазақтар арасындағы дау –жанжалдың бітпейтінін Абай жақсы білген. Абайдың бұл нақыл сөзінің мазмұны қазіргі көсем сөзге жатады. Ақын болыстық қызметінің саяси-әлеуметтік негіздері хақында өз ойларын айтып, нақтылы ұсыныстар жасаған. Бірақ, ол заманда қазақ жайын ойлаған кім болды дейсіз. Орыс шенеуніктеріне қазақтардың болысқа таласуы, мінездерінің ұсақталып, азып-тозуына шапқылап келіп бір-біріне жала жауып, ұлыққа пара беруі өте пайдалы іс болатын. Осы көріністі Абай нақтылап қағазға түсірген. Абайдың билік ісіне байланысты осы жолын қанша ұстаса да, Шәкәрім де болыс болып қазақ елін түзей алмады. Өзінің болыстық кезеңін керісінше, босқа өткен уақыт деп топшалады. Бір өлеңінде болыстықтың машақатын былай деп жырлайды:

«Өнерлі, шебер тіл-жақты,

Алады –деп-бұл бақты»

Еріксіз маған ел жапты

Болыстықтың тоқымын

Болыстық салды маған ой

Ғылымды қума әзір, қой

Ұлықтық деген үлкен той

Деп осыған лоқыдым.

Ашылмас кесел болды бұл

Іздеген ғылым қалды тұл.

Азат басым болды құл

Еріксіз жемтік шоқыдым.

Ұлық пен елге жағындым.

Әртүрлі атақ тағындым.

Ар кетіп, айла жамылдым

Бейне алдамшы сопымен

Қарасам мақтау айнадан

Әлемнен озған мен бір жан.

Ел құтқарған топаннан» .Бұл өлең жолдарынан Шәкәрімнің болыстық қызметке разы болмағандығын билік ісінен алыс жүріп, тек ой еңбегімен айналысудың одан пайдалы екендігін көксегендігін көреміз. Болыс болған кезеңінде ел бірлігін ойлағаны әрқашанда әділ болуға тырысқандығы Шәкәрімнің өн бойынан байқалады. А. Шәкәрімұлы өзінің өзінің естеліктерінде Шәкәрімнің болыстық қызметтен не бергендігін сұраған болатын. Сонда Шәкәрім былай деген екен: «Болыс әкімшілікке құмар болдыңыз ба?»- деген сұраққа әкей былай деп жауап беретін: «Құмар болғам жоқ. Абай маған: «Әкімшілік қолында болған адам елді жемей, қиянат қылмай, партия, дау-жанжалға кіріспей отыра аламайды. Кіріскен адам ардан айырылады, білім қуудан қалады»-деп құлағыма құя беретін. Сондықтан, болыстыққа құмар болмадым».

Құдайбердіұлының болыстық қызметі кейін Кеңестік үкіметінде де өзінің алдынан шығып кесе-көлденең тұрған кездері болды. Шәкәрімді Кеңес үкіметі болыс болдың деп айыптаған. Сонда халық Шәкәрімді қолдап шыққан болатын. Сол оқиғаның желісі мынандай: «Шәкәрімді болыс болды, жалшы ұстады, атасы Құнанбай, Алашордаға шілен болды дейсіз. Шәкәрім болыс болғанда кімді зарлатты екен, кімге зорлық қылды екен? Шәкәрім болыс болды, бірақ Шәкәрімдей адал болыс болған жоқ, ол халыққа аян! Шәкәрім жалшы жалдап, еңбегін жесе, бір жалшының еңбегімді жеді деп, Шәкәрім үстінен арыз бергені бар ма екен? Шәкәрім бір адамның еңбегін жеді деген осылардың бірі айта ала ма екен? Қажыға барды десе, осы да сылтау бола ма? Ол заманда қажыға кім бармады? Оған айыптауға бола ма? Атасы жуан деп, өзін күйдіруге бола ма? Осы отырған жұмысшыларың Шәкәрімді көргені де бар, көрмегені де бар, мен Шәкәрімнің адал билігін көзіммен көрдім. Алаштың билеп тұрған күнінде-Белгібайдың қызына билік айтып, басына бостандық беріп, алып қашқан мұғалімді ақтап құтқарған Шәкәрім болатын. Осыным бекер ме, жолдастар?»-дегенде, залдағы отырғандар «Мұныңыз дұрыс, дұрыс!»-деп шулап жіберді. – «Сондықтан, біз партия, үкіметіміз көрсеткен адал істі қолдайтын болсақ, Шәкәрім кәмпескеленсін дегенге қосылмаймыз!-дегенде, залдағы жұмысшылар: «Біз осыған бек қосыламыз!» - деп дауыстап жіберді. Дауысқа салғанда бір жұмысшы қол көтермеді» деген деректер көрсетіледі кейбір еңбектерде. Міне, бұл жағдайлардың барлығы Шәкәрім Құдайбердіұлының болыс қызметін атқарғанда әділ болғандығын, турашыл болғандығын көрсетке керек. Өйтпесе, халық осылайша жан ұшыра ақынды қорғар ма еді.
2.Шәкәрімнің соттық қызметі және билік – шешімдері

Шәкәрім Құдайбердіұлының соттық қызметін қарастыру барысында бір ескеретін жағдай оның екі заманды бастан өткергендігі. Яғни, патшалық Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде билік ісіне араласып оны кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін алаш соты ретінде жалғастырды. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың қасында жүріп қазақ ішіндегі билік айту ісіне қаныққан болатын. Сондықтан да, алғашқы би ретінде қалыптасуында Абайдың үлкен ықпалы болды. Шәкәрімнің соттық қызметін қарастыру барысында дәстүрлі қазақ қоғамындағы би болғандығын ескере отыра, біз жалпы дәстүрлі қазақ қоғамындағы би ісінің ерекшеліктеріне көңіл бөлуіміз қажет. Дәстүрлі қазақ қоғамында билер ерекше қызмет атқарды. Шәкәрім алғаш би бола бастағанда, Қазақстан Ресейдің отарына айналса да өзінің дәстүрлі болмысын жоғалта қойған жоқ еді. Абайдың қолдауымен Шәкәрім да ежелден келе жатқан дәстүрлі би болудың сара жолынан өткен болатын.

Шәкәрім әрқашанда би болғанда әділ би болғаны байқалады. Оған Ахат есетелігінде мына жолдар куә болатындай: «Шәкәрімнің ел ісіне араласып жүрген кездері іс-әрекеттерін өзімен теңдес адамдардан сұрайтынмын. Олардың көпшілігінің айтатыны-Шәкәрімдей адал ешкім болған жоқ десетін. Олардың және бір айтатыны: Шәкәрім кісі қағуға жүйрік еді. Ұры мен айтушыны қаққаны ешбір билердің қаққаны ұқсамайды. Айтушысы жоқ жұмысты тексергенде, демек, жеке ұрының, айыпкердің өзін қақанда да шындығын табатын. Және Шәкәрімге келген адамдардың наразы болып кеткенін көргеміз жоқ», - дейтін. Ұрыларды Шәкәрім қолына ұстап, ұрлықтарын қойғызғанын көрдім. Мысалы, өз старшындары-Мауқай, Мұздыбай, Жақайларды өз қолына ұстап, біріне жылқы бақытырып, бірін қасынаертіп, бірін қағушы етіп, олардың бәрі көрші, туысқандай болып кетті. Ұрлық - бұзық істеген адамдарды, солдаттан қашып келген ноғайларды, кісі өлтіріп, еліне сыймай келген адамдарды, ағайындарымен раздасып келгендерді ұрлығын, бұзақылық істерін қойғызып, қолдарына ұстау Құнанбайдан келе жатқан әдет. Құнанбайға Кавказдан кісі өлтіріп қашып келген Қазақбай (руы Шеркес), солдаттан қашып келгендер-Ысқақ, Хабитқан, қазақтан –Сарымсақ, Қарымсақ, Шибұт, Байшуақ, Бердіқожалар, тағы басқалар Құнанбайға келіп, олардың көпшілігіне Құнанбай қыстау беріп, қоныстандырған Абай да ұрлығын қойғызам деп, қолына ұстағандары Шөмекей, Шаңтимес, тағы басқалар, Құдайбердінің қолына келіп, ұрлығын қойғандар-Бәкеңнен-Мақыш, Қуағабай, Жексмембай, Әнеттен-Алакөз, Қарабатырдан – Мергенбай. Осы айталғандардың көпшілігі бізге туғандай болып кетті. Бірі атқосшы, бірі малшы болып, тату көрші болған» .

1917 жылдан кейін Шәкәрімнің соттық қызметінде үлкен өзгерістер орын алды.

Енді Шәкәрім дәстүрлі би болудың орнына алаш өкіметінің соты қызметіне тағайындалды.

2.1Шәкәрім және жер дауы

Шәкәрімде жер-су дауларын шешуде ежелден келе жатқан ұлы билердің үлгісін ұстады. Ол өзінің атасы Құнанбайдың билік шешімдеріне тәнті болып өскендіктен, бұл мәселелерде де осы талаптарды қолдануға ұмтылған болатын. Сонымен қатар, жер-су дауларын шешуде Абайдың өнегесі де Шәкәрімнің бойынан көрініп тұрды. Шәкәрімнің жер-су дауларына байланысты көптеген шешімдері болғанымен, ол толық күйінде бізге жете қоймады. Сонда да, болса жер-су мәселелеріндегі кейбір Шәкәрімнің ұстанымдарын көруге болады. Мұндай мәселелерде Шәкәрім әрқашан адамгершілік танытып отырды. Осы жолда «Шәкәрім де ата-аналарынан қалған өнегені істеген. Жоғарыдағы айтылғандардың көпшілігіне жер еріп, бөлек ауыл еткен. Қарабатыр Мергенбай қыстауын жаңа байыған ағайыны Дүйсекеге үш түйенің малына сатқан. Кейіннен Мергенбайдың баласы Мұратбай әкесі сатқан жерін даулаған. Әкей Дүйсекеңнің баласы Бекқожаға: «Мергенбай кедейліктен арзанға сатты, үш түйенің малын ал да, жерін қайтар, не және үш түйені, малын бер», - деп үш түйенің малын Мұратбайға және алып беріп, өзінің «Суықжал» деген жерінен қора салдырған. Оларға жалғас қыстауынан айрылған Жүнісбайға да жер беріп, қора салдырған. Қарабатыр Исабай деген Шәкеннің мерген жолдасы болған. Оған Шәке жерінен қыстау салдырып, қоныстандырған. Шәке өлген соң, тіпті, бертін де ол жерге Шәкеңнің Жалеш деген баласы қыстау салып, Исабайдың балаларын қыстауынан қуғысы келген. Жалешке ренжіп, Ғафир (Қапыр) деген баласының «Молда қонған» деген жерінен қора салдыртып, жер бөліп берген.

Қазақ ішіндегі кең тараған бітімі қиындаулардың бірі, жер-су дауы екендігін бұрыннан білетін Шәкәрім мұндай даулар туғанда ел арасына жік салмас үшін оны бірден тойтаруға тырысып отырған болатын. Ондай даулар өршіп жатқанда, кейде Шәкәрім адамгершілік танытып, өз жерінен жер үлесінде беретін болған. Бұл Шәкәрімнің тек өз басын ғана ойлап қоймай, елдің қамын ойлағандығын көрсететін жағдайлардың бірі деп санаймыз.


2.2 Шәкәрім және жесір дауы

Дәстүрлі қазақ қоғамында сан ғасырлардан бері, бітпей созылып, жататын даудың бірі жесір дауы болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы Ресейдің отарлау саясаты мен Кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарын көрген тұлға болып табылады. Сондықтан да, бұл кезеңдерде әйелдің еркіндігі паш етілгендігін жақсы білеміз. Міне, осы кезеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы жесір дауын шешіп, билік ісіне атсалысты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы жесір дауын шешуде негізінен өзінің ағасы, әрі ұстазы, Абай Құнанбаевтың отбасы және неке мәселесіне байланысты көзқарастарын ұстанған болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ ішіндегі жесір дауының бірнешеуіне дауа айтып, шешім шығарған болатын. Соның ішінде бізге белгілісі бір-екеуі ғана. Шәкәрімнің алғашқы жесір дауына байланысты шешімі әмеңгерлік ісімен байланысты болып келеді. Бұл оқиғаның желісі төмендегідей: “Тегінде ақынның араағайындық дауды шешуге ат салысып, әр түрлі жағдайда мәмілегер болған істері өз алдына бір төбе. Мысалы, Оспан өлгенде “әмеңгерлік” мәселесі күрделі түйінге айналады. Оны тарқату үшін де елшілікке арада 33 жастағы Шәкәрімнің жүргені “Абай жолы” эпопеясының 246-252 беттерінде суреттелген. Өзге әйел емес, мал-жанның иесі Еркежан зорлыққа көне алмайды. Ал әмеңгерлер-Ысқақ пен Тәкежан “Еркежанды көндіру керек, көнбесе де тигізу керек”, - деп шешеді. “Абайдың ойы, айтпаса да мәлім, - деп жазады қаламгер.

Сондықтан, Шұбар да дәл Еркежанды олай етіп алуға болмайтынын айтты. “Бұрын бұндайда зорлық болса, ол жас келіншек басына істелетін. Ал өзі бір ауылдың және қарашаңырақтың, үлкен үйдің иесі болып отырған, бауырына, бала басып отырған, ел анасы боп қалған әйелді оңай қоржын көруге болмайды”, - дейді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы алаш қайраткері ретінде де соттық қызметтер атқарды. Аз уақыт болса да, Шәкәрім Құдайбердіұлы алаш үкіметінің соты болғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Сол кезеңдерде де, отбасылық, некелік дауларға билік айтқан бұл оқиға мынандай жағдайлармен байланысты: “Ал, енді Шәкәрім Құдайбердіұлының Алаш соты ретінде билік айтуы 1918 жылдың күз айында Алашорада басшыларының шақыруымен Семейге екінші қайтара келуіне және де сол кездегі Белгібайдың қызын жас мұғалім жігіт Ғабдолла Көкеевтің алып қашқан оқиғаға тікелей байланысты болғанын айтуымыз қажет. Мәселен, Ахат Шәкәрімұлы өзінің әкесі туралы естелігінде осы жайды: “Ертеңінде Жаңасемей базарының жоғары жағында, Қаражан байдың мектепке жалдаған үйі болатын. Сот сонда болатын болды. Алаш бастығы Бөкейханов Омбыға кетіп, орнына уақытша Мұхаметжан Тынышбаев тұрған. Сот болатын залға жұрт лық толды. Мен есік босағасында тұрдым. Сыймағандар есіктен сығалап тұрды. Алдыңғы қатарда қыз, Белгібайдың туғандары отырды. Басы орамалмен таңулы, беті, маңдайы көкала болған мұғалім тұрды. Оның артында мылтық асынған солдат тұр. Соттар келгенде, отырған жұрт түгел тұрды. Әкейдің екі жағында-Мұқыш Боштаев пе Смахан Бөкейханов отырды. Мұқыш Белгібай атынан жазылған арызды оқыды”, - деп баяндайды.

Бұл соттың нәтижесінде мұғалім жігіт Ғабдолла ақталып, Белгібайдың қызы өз сүйгеніне қосылады. Алаштың ақсақалы Шәкәрім ар үкімін осылайша айтады.

2.2 Шәкәрім және мал дауы
Көшпелі елде ежелгі дәуірлерден бері мал ұрлығына өте қатал қараған. Мал ұрлығы үшін ерекше қатал жаза белгіленетін. Шәкәрім мал дауына жас та болса, араласып өзінің тегеуірінді биге айналғанын көрсетеді.

Шәкәрімнің мал дауына қатысуын ел ішінде “Базаралы-Тәкежан” дауынан көруге болады: Базаралы-Тәкежан дауына бүкіл бір ояз, Семей оязының болысымен жуандары ат салыса бастады. Аршалы Керейінен-Рақыш, Бәсентиіннен-Әлі, бурадан-Алдоңғар, Ылди бойынан-Нүрекеннің Темірғалиы, Көкеннің Уағынан-пысық болыс Нұрке, Қарағай ішіндегі, ішкі жақтағы белағаш болысынан-Ширақ, Шебер Айтқазы, Семейтау болысынан-Шынжы сияқты бүтіл бір ояз ел сабағы қосылған. Әрі әкім, әрі жуандар қазір қалада Құнанбай балаларының айналасына қатарын қосып, білегін де, тілегін де біріктіріп алыпты.

Бұл жерде өзінің туысы, әрі ел ішіндегі дауға араласып, ысылып қалған Шұбарды, яғни Шәкәрімді салып отыр. Шәкәрімге деген үлкен сеніммен қатар, рулы елдің абыройын ойлайды деген үміт тағы бар. Оқиға желісі одан әрі қарай былай өрбиді: “- Дәл осы жолғы дауға менің малымның жоқшысы етіп сені саламын. Шебер тіліңді, шалымды ойыңды осы жолым үшін жалдап алдым! Әрі Құнанбай баласынының намысы, әрі менің басымның кегі! Бәрі де бір сенің қолыңа беріледі. Даугерім сен боласың! – деген.

Осы сөз байлау болды. Енді, міне, Базаралы мен билер алдында жүгініске түсетін боп, Шұбар шықты.

Бұл тұста Шұбардың өз есебі және ең алдымен жөнге беттейді. Тәкежанмен болса өз елінің және қазір бар Семей оязының аталы, абыройлы жуандарымен бастас боп араласып қалады. Олар алдында бар Ырғызбай, Құнанбайдың дауын жалғыз мұның ұстап шығуы Шұбар басына үлкен атақ әпереді, даңқын асырады. Абай емес, одан да өтімді болғандықтан дауға осыны салыпты деген лақап тарайды. Мансапқұмар Шұбарды бұл жай, әсіресе, қызықтырған болатын.

Семей оязының бұл істі тергейтін болысы мен билері бай Нұркеннің кең созылған қонақ үйінде жиын екен. “Билер шақыртады” деп үй ішінен хабар келгенде, Базаралы өзінің екі жолдасымен қораның ішінде отыр еді. Қазір ол тік басып, салмақты, ойлы жүзімен билер алдына қарай жүрді. Қасындағы екі жолдасын қалдырмай, “сендер де қасыма еріңдер”, - деді.

Бай үйінің кілем, сырмақ жайылған алдыңғы бөлмесіне кірісті. Нұркеннің приказшигі Атамбай дейтін қошқар тұмсық, ұзын бойыл қара саудагер билер үйі мен бұл үйдің арасында хабаршы, даяршыда жүр екен. Базаралы тура тартқан бойымен билердің үстіне кірмек еді. Атамбай, қолын созып, “аз тоқта” деп, осы бөлмеге отырғызып қойды. Ішкі есіктен шыққан Шұбарға да Атамбай: қолын созып, “аз тоқта” деп осы бөлмеге отырғызып қойды. Ішкі есіктен шыққан Шұбарға да Атамбай: “мырза! Сізге де тоса тұрсын десті” деп, оны да осы бөлмеге аялдатты.

Арада аз уақыт үнсіз өтіп еді. Базаралы бөлме ішін енді барлап қараса, елден келген болыс, билердің саптама етіктері, қасқыр ішіктері, жалпақ төбелі үлкен тымақтары осында бір қабырғаға үюлі, сүйеулі тұр екен. Етік, тымақ бейнелері Тобықты үлгісіне ұқсамайды. Кейбір етіктер жарма қоныш, кейбірінікі қаздиған биік өкше, кейбір мол пішілген тымақтардың төбесі өрескел жалпақ келген. Базаралы осы киімдерге көз тастап, Шұбарға қарап, салмақты мысқыл айтып қойды.



  • Мынау жалпақ төбелер үстіне кіргізбей, сен екеуімізге етігін күзеттіріп қойды-ау! Мені қойшы! Бай мен жуанның қай қырына ілінбей, шыдамай жүрген жанмын. Ал, бірақ, Шұбар мырза, сен қайтып шыдарсың? – деп сақылдап күлді.

Сарбас пен Әбді қаланың тәртібінен, байлардың сәні мен қырынан тартыншақтанып, қысылғандай еді. Мынау жерде олар Базаралының мінезіне сүйсініп, қатты күлісті.

Бұл сөз әдейі Шұбарды мұқату үшін, жүгініс алдында аз да болса жасытып алуға айтылып отырған арбасудың әзілі екенін Сарбастар жақсы түйген.

Шұбар да осыны сезбей қалған жоқ. Бірақ ішінен Базаралымен бұл арада ырғасуды өзіне қажет деп білмеді. Оның аузында айтар сөз, сөз ғана емес, от сияқты лапылдап тұрғандай көрінеді. Әзілмен ырғасу оңай да емес. Шұбар Базаралыдан алдын-ала соққы жемекші еді. Және онымен бұл арада жауаптасуды да өз басына кішілік санар еді. Осыны ойлап ол Базаралы сөзін естімеген кісі болып, қалтасынан күміс портсигар алып, папиросын тұтатты. Қала тігіншісі тіккен ұзын қара мәуіті бешпентінің қалтасына қол салып, әрлі-берлі тік басып жүрді.

Базаралымен қатар Шұбарды да осында бөгелтіп отырған анау үйдегі билердің есебі “екі жаққа теңбіз” деген ажарды танытпақ. Бірақ ол билер арасында Құнайбайдың өзге балалары: Тәкежан, Оспандар отырғанын көрмегенсиді” . Бұл даудың шешімі төмендегідей болып бітеді: “Бұл жүгініске шешен Шұбар сөйледі. Орай дауын азаралы да айтты. Көп билер дау ұзаққа созылмайтынын ашық білсе де жылдам тауысқысы келмей, Базаралыдан қағу сөздерді, тергеу, тексеру сөздерді көп сұрасқан. Кейбір болыстар қолдарына қағаз, қарындаш алып, Базаралымен бірге аттанған қырық жігіттің аты-жөнін тізіп алмақ та болды. Базаралы ондай жерге келгенде қысқа ғана, кесікті сөздер айтады.



  • Кісі атын мен атамаймын. Алдыңа өзім келіп отырмын. Бастаған да мен! Барды көтеретін де мен! Тағы да өзімді ұстап алып, байлат та айдат! Бірақ ендігі артымен ерген елімді көгендетіп тізгіге алмаймын! – деді.

  • Шұбармен қатты қағысқан айтыстың бір кезегінде, “Тәкежан менің құныкерім” деп те айтып салды.

  • Ағам-Балағаз осының айдатуымен өлді. Інім – Оралбай, осылар шырмаған кесірдің салдарынан, елден безіп жүріп, қу дала, қу медиенде көмусіз қалды. Тәкежанға бар істі істеген менің өзім. Оны істеткен менің бас кегім. Дәл өз басымның кегі. Елден қума, өзімнен қу! Өлтіріп тынасың ба!? Тірідей қара жерге көмдіріп тынасың ба? Есебіңді айырғанда, бір өзіммен ғана айырасың! – деген,

Даудың сайып келгенде екі ұдай қайшылығы осында болатын. Шұбар болса: “Бар бәле-түгел Жігітекке орнаған бәле! Атам Құнанбай, Бөжей тұсынан келе жатқан өштік-қастық бар. Базаралы соны ұстап, істеп отыр. Ендеше, мұның бір басы маған керек емес. Қырым ет жоқ қу басын неғыламын? Жауапты түгел Жігітек береді. Және ағайынды елдің арасында естіп көрмеген қастық істеді. Құба қылмақ заманын орнатты, шауып алып, қырып отыр. Сол малымның төлеуі ғана емес, әр тұяғымның айыбы-ан-жысы бірге айтылмаса, бітімім жоқ. Өзге осындай содыр кедейлерге сойқаны тиіп, бәлес жұқпасын. Орнынан тұрмастай ғып тепкі, соққы берілсін. Мал-пұлдың жазасы аямастай түгел айтылсын. Менің тілегім, талабым Тәкежанның сегіз жүз жылқысы қырылды ғой, соның үлкені, кішісі бар тұяқ басына үш бестіден төлеу кесілсін! Шартым осы!”, - деді.

Күні бойы ырғасқан билердің өзара кеңесі сол күні кешке дейін созылды. Ымырт жабыла бере Базаралы, Шұбарларды билер қайта шақырып алып, Нұркеннің аузымен ең соңғы кесіктерін жариялады. Жігітек түгелімен қанды мойын жауапкер аталды. Бір Базаралы айыпты болғанымен ағайыны қоса күймей құтыла алмайды. Отқа жақынның қолы күйеді. Тентегі үшін келесі қарыздар болмаса, бұзақы-бүлік қалай тыйылмақ? Олай болса, Базаралының бар ағайыны барлық мал-мүлкімен жауап береді. Тәкежанның сегіз жүз жылқысы үшін Жігітек жағы сол жылқының тұяғына екі бестіден, мың алты жүз бесті береді! – деп кесік айтты.

Осы қыс бойында бұл билік түгелімен іске асты. Барлық Жігітектен Құнанбай балаларымен іштесіе, табысып кеткен-Үркімбай, Байдалы, Жабай сияқты бай ауылдары аман қалды. Қалған ота шаруа және көбінше кедей ауыл үйлері тақыр, таза, бар малынан айрылды. Жаз шыға бергенде Тәкежан жылқыларына екі бестіден айып-жаза тартып, зорға құтылды.

Мал дауында Шәкәрім негізінен әділеттілікке жүгіне отырып, елдің ортасына да жарық түспеуін ойлайды.




Қорытынды

Шәкәрімнің болыстық қызметі ел тағдыры сынға түскен кезге сайма-сай келді. Сонда да, болса өзінің зеректігімен таныла білген Шәкәрім бұл болыстық қызметті де абыроймен атқаруға тырысқан болатын. Шәкәрімнің болыс ретіндегі қызметінде жол көрсеткен тұлға Абай болып табылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы болыстық қызметке негізінен елді түзеймін деп, халыққа қызмет етемін деп барған боатын. Болыстық қызметінде әділдік, теңдік, еркіндік, ауызбірлік, ел мүддесі деген қағидаларды басшылыққа алды. Осыны шынайы болыстық қызметте шама-шарқы келгенше жүзеге асыруға тырысты. Шәкәрім Құдайбердіұлының болыстық қызметі, оның өміріндегі саяси жағдайды түсінуге, оны сезінуге деген бір кезеңнің бірі болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының сот ретіндегі қызметінің ерекшелігі ол қазақ даласындағы дәстүрлі билік айтудың жолымен кейінгі Алаштық үкіметтің сот жүйесінен өтуінде болып табылады. Шәкәрім билік айтқанда ежелгі қазақтың дәстүрлі жолын қолданып қана қоймай, соны кейінге жеткізе біле де білді. Қазақ ішіндегі кең тараған бітімі қиындаулардың бірі, жер-су дауы екендігін бұрыннан білетін Шәкәрім мұндай даулар туғанда ел арасына жік салмас үшін оны бірден тойтаруға тырысып отырған болатын. Ондай даулар өршіп жатқанда, кейде Шәкәрім адамгершілік танытып, өз жерінен жер үлесінде беретін болған. Бұл Шәкәрімнің тек өз басын ғана ойлап қоймай, елдің қамын ойлағандығын көрсететін жағдайлардың бірі деп санаймыз. Шәкірім Құдайбердіұлы жесір дауын шешуде әрқашанда оқиға желісіне терең бойлай алған. Сонымен қатар, көп жағдайда істі әділ шешуге ұмтылған. Шәкәрім Құдайбердіұлының жесір дауында ұстанатын негізгі позициясы ол елдің арасындағы тныштықты сақтау болып табылатын болса, сонымен қатар әйел теңдігін де басты назарда ұстаған. Осы қырынан алып қарағанда, Шәкәрімнің бұл бағыттағы көзқарасына негізінен Абайдың ықпалы көре аламыз. Жесір дауын шешуде Шәкәрім Құдайбердіұлы оны өзара уағдаластықта бітіруге ұмтылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ ішіндегі жесір дауына араласуы, оның би ретіндегі қызметінің негізгі мәнін көрсететін, қырларының бірін құрайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы би ретінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы жесір дауына жастайынан араласа білген. Осының нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлы тұлғаланып, даралана түсті. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл қыры, Шәкәрімтануда әлі толық ашыла қоймаған өзекті мәселенің қатарына жатады. Шәкәрім мал дауына жас та болса, араласып өзінің тегеуірінді биге айналғанын көрсетеді. Мал дауында Шәкәрім негізінен әділеттілікке жүгіне отырып, елдің ортасына жарық түспеуін ойлайды.

Шәкәрімді ақын, сазгер, философ ретінде ғана емес, оны жаңа қырынан таныдық деп ойлаймын.Оның биліктері мен соттық шешімдері арқылы оның ел үшін туған дара тұлға екенін білдік. Шәкәрімнің құқықтық мәселе жөнінде әр түрлі ойлары әлі де зерттеудә қажет етеді.


Зерттеу жұмысының негізінде мынадай ұсыныстар жасағым келеді:

1.Мектептің «Құқық» пәні оқулығында Шәкәрімнің құқықтық қызметі туралы ақпараттар берілсе.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы «Жазушы» баспасы.

  2. Шәкәрімұлы А. Менің әкем, халық ұлы-Шәкәрім

  3. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер / Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов. – Алматы: Жазушы, 1988ж

  4. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы. : Жазушы, 1986ж

  5. Өзбекұлы С. Шәкәрім діннің құқықтық мәселелер туралы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 28 мамыр.

  6. Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. – Алматы: Атамұра, 2008.

Каталог: uploads -> doc -> 05e0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e0 -> Сабақ реті 19 Пәні физика Сынып 7 Күні: 13. 11. 15ж Сабақ тақырыбы: §§15. 16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы
05e0 -> Сабақтың тақырыбы: § 30 Web-парақтардағы формалар Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет