Катетер инеден күре тамырға өткен соң оған инені енгізбеңіз!
Қан кетуді тоқтату үшін катетерден жоғары қантамырды басыңыз және катетерден инені толығымен шығарып алыңыз. Инені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
Бітеуішті қорғаныс қақпағынан алыңыз және гепаринді бітеуішті порт арқылы жіберіп катетерді жабыңыз немесе инфузиялық жүйені қосыңыз.
Катетерді қолға таңғыш көмегімен бекітіңіз.
Емдік мекеме талаптарына сай катетеризациясы емшарасын тіркеңіз.
Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу ( құю немесе тамшылатып жіберу)
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, стерильді
мақта шариктері және салфеткалар,лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 0,9% 5,0 мл
физиологиялық ерітіндісі бар шприц,тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне
арналған стерильді бітеуіштер қорапта, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив.
Достарыңызбен бөлісу: |