Перифериялық көктамыр катетерінің құрылысы түрлері. Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден тұрады:
катетер (жұмсақ және иілгіш);
ине өткізгіш (қатты);
бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша);
қорғаныс қақпақшасы;
кейде қосымша құрылғы – кішкене қанаттар.
Ине көмегімен венессекция жүргізіліп, бір уақытта катетер енгізіледі. Инфузионды терапия жүргізілмеген жағдайда бітеуіш көмегімен катетер бекітіледі (контаминацияны болдырмау үшін), қорғаныс қақпақшасы инені қорғайды және манипуляция алдында алынады. Катетер оңай енуі үшін оның ұшы конус тәрізді.
Кішкене қанаттар көмегімен катетер теріге нық бекітіледі, сонымен қатар бітеуіштің артқы қабырғасымен терінің жанасуы болдырмағандықтан бактериялды ластану қаупін төмендетеді.