Тақырыбы: Статика



Дата07.02.2022
өлшемі50,4 Kb.
#88834
Байланысты:
statika
ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып

Тақырыбы: Статика


Табиғаттағы барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Алайда бірқатар жағдайларда қарастырылатын жүйедегі өзара әрекеттесуші денелерге сыртқы күштердің әрекеттері елеусіз болатындықтан, олардың әрекеттері ескерілмейді. Бұл жайт екі немесе одан да көп денелердің қозғалысын ғана қарастыруға мүмкіндік туғызады. Ол үшін физикада денелердің тұйық жүйесі деп аталатын ұғым енгізілген.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір- бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
және жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массалары және екі шардың өзара әрекеттесуін қарастырайық. Өзара әрекеттесу күштері қандай болса да, олар Ньютонның үшінші заңы бойынша байланысады: немесе
мұндағы — өзара әрекеттесу уақыт аралығы, және — шарлардың өзара әрекеттесуінен кейінгі жылдамдықтары.

Дененің тепе-теңдік шарттарын механиканың статика бөлімінде зерттейді. Сонымен, статика ең алдымен алуан түрлі құрылыстардың — ғимараттардың, көпірлердің, т.б. тепе-теңдік шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Статика, егер тепе-теңдік анык түрде бұзылса, қозғалыстың қай бағытта басталатыны туралы да ақпарат береді, яғни дене қозғалысына байланысты кейбір сұрақтарға жауап береді.


Статика бірнеше аксиомаға негізделеді.
1. Екі күш жүйесінің тепе-теңдігі туралы аксиома. Денеге түсетін екі күш тепе-теңдікте болу үшін олардың шамалары тең болуы және түсу нүктелері арқылы өтетін түзу бойымен қарама-қарсы бағытталуы қажетті де, жеткілікті де: F1 = F2, бірақ  (1.1 сурет).

2. Теңгерілген күштер жүйесін қосу және алып тастау аксиомасы.
Күштер жүйесінің қатты денеге әсерін өзгертпей, соған теңгерілген күштер жүйесін қосуға немесе алып тастауға болады. (1.2 сурет),
3. Күштер параллелограмы аксиомасы. Өзара бұрыш құрып, бір нүктеге түсетін екі күштің тең әсерлісі сол күштер қабырғалары болып табылатын параллелограмның диагоналі ретінде анықталады (1.3 сурет), яғни  .
4. Өзара әрекеттену аксиомасы. Екі дене бір-біріне шамалары тең және бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді: F21 = F12,  .
5. Байланыстар аксиомасы. Еркін емес денені, байланыстарды алып тастап және олардың әсерін реакциялармен ауыстырып, еркін дене ретінде қарастыруға болады.
6. Қатаю аксиомасы. Деформацияланатын дененің КЖ-нің әсерінен болған тепе-теңдік қалпы, оған қосымша байланыстарды орнатса, тіпті денені қатайған (абсолют қатты) дене ретінде қарастырса да, өзгермейді.





Тапсырма: Тақырып бойынша глосарий құрыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет