Суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілген
«Мен жарқын өмірді қалаймын» атты психологиялық тренинг
Қазан айында 8-11 сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында «Мен жарқын өмірді қалаймын» атты психологиялық тренинг жұмыстары жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар арасында өмірге деген құштарлықты арттыру, имандылықты, рухани құндылықта бала бойына дарыту мақсатында шығармашылық, рольдік ойындар жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар өмірге деген құштарлық пен адам бойындағы ең жағымды қасиеттерді рольдік ойындар арқылы түсіне білді. Оқушыларға шаршағаннан арылу, өздерін еркін сезіну, стрестен арылу мақсатында релакцациялық жұмыстар жүргізіліп отырды.
«Өмірім сені сүйемін, басымды саған иемін» атты психологиялық тренинг
Наурыз айында 8-11 сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында «Мен жарқын өмірді қалаймын»атты психологиялық тренинг жұмыстары жүргізілді.
Тренинг барысында оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, қиындықпен күресу мақсатында «Өмірім сені сүйемін, басымды саған иемін» атты оқушылар арасында фестиваль ұйымдастырылды. Оқушыларға өмірге құштарлық тақырыбында сурет сайыстары ұйымдастырылды. Сурет сайысы барысында оқушылар өздерінің болашақтарын, арман-мақсаттарын бейнеледі.
Оқушылар арасында спорттық сайыстарда жүргізілді. Оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру мақсатында «Топтық сәлемдесу», «Ызылдаған ара», «Мен кіммін?» атты психологиялық тренингтер жүргізілді.
«Отбасы жарастығы» атты танымдық психологиялық сабақ
12. 09. 2014 ж отбасы күніне байланысты «Отбасы жарастығы» атты танымдық психологиялық сабақ жүргізілді. Отбасы жарастығы атты танымдық психологиялық сабаққа 8 «а» сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Бұл танымдық психологиялық сабақ жүргізудегі негізгі мақсатымыз ата-аналар мен оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамыту, отбасындағы жылулық пен махаббат сезімін күшейту, әр отбасындағы ерекше сақталатын құндылықтарды анықтау болатын. Танымдық психологиялық сабаққа 10 ата-ана, 13 оқушы қатысты.
Оқушылар мен ата-аналар үшін отбасындағы негізгі құндылықтарды анықтау мақсатында «Құндылық» тренингі жүргізілді. Тренингке ата-аналар мен оқушылар белсенді қатысты. Тренинг нәтижесі бойынша оқушылар үшін де, ата-аналар үшін ең басты құндылық -өз отбасы мен жанұясы екендігі анықталды.
Ата-аналары өз балаларын қаншалықты білетіндігін анықтау мақсатында ата-аналардан өз балалары туралы тест жұмыстары алынды. Тест нәтижесі бойынша ата-аналар өз балаларын жан-жақты танитындығы анықталды.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне деген ренішін ұмыттырып, бір-біріне кешірімді болу мақсатында «Өкпені еріту» атты релакцация жүргізілді.
Ата-ана және оқушылармен бірлесіп өткізілген психологиялық сабақ жақсы дәрежеде өтті.
Оқушылар арасында келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар
Қазан айынан бастап оқушылардың жеке басының мәселесін анықтау мақсатында 5-11 сыныптар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша мәселесі бар оқушылар анықталды. Оқушылармен психологиялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Қараша айында оқушылардың стресстік және мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында тест жұмыстары жүргізілді. Тест нәтижесі бойынша мазасыз және стресске бейім оқушылар анықталып, оқушыларға стресстен және мазасыздықтан шығуға арналған психологиялық тренинг-жаттығулар жүргізілді.
5-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың бір-бірімен тату, ауызбіршілігі мол, ұйымшыл, бір-бірімен жағымды қарым-қатынасты дамыту мақсатында оқушылар арасында «Комплимент», «Аралда», «Құндылық» атты тренинг - жаттығулар жүргізіліп келді.
Өзін-өзі тану сабағы барысында оқушыларды татулыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейтін шығармашылық жұмыстар жүргізіліп келді.
Лицей педагог-психологы: Балымбетова А. С.
Мұнайлы ауданы
«Қызылтөбе лицейі»
«Тайм менеджмент»
Ұжыммен психологиялық тренинг
Орындаған:
педагог-психолог:
Балымбетова А.С.
2014-2015 оқу жылы
Ұжыммен психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Тайм менеджмент»
Мақсаты:
Ұжым арасындағы стресстің алдын алу;
Тренинг – жаттығулар арқылы уақытты басқаруды үйрету;
Мақсатқа жету жолдарын меңгерту;
Міндеттері:
Позитивті ойды дамыту;
Ұжымның жұмысқа қабілеттілігін арттыру;
Көрнекіліктер: Видеоролик, слайд, түрлі түсті қағаздар, тренинг-жаттығулар.
Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье.
Келген қонақтар мен қатысушылардың стресстік жағдайын анықтау. (Слайд)
Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтауға арналған әдістеме .
М.Е. Литвак әдістемесі
Стресстің пайда болу себептері (слайд)
Физиологиялық;
Уақытты жетіспеушілігіне байланысты жұмыс,
Ақпараттың шамадан тыстығы;
Тұлғаға ұжымдық қысым;
Өзіне және қоршаған ортаның өміріне қауіп төндіретін жұмыс
Міндетті түрде шектелу
Өмірде мақсаттың болмауы
Болып жатқан жағдаяттарды қалыпқа келтіре алмау
Стресстің адам психологиясына кері әсері, стресс формуласы (слайд)
Стресстің пайда болуының бір себебі - уақыт жетіспеушілігі., жұмыстың шамадан тыс көптігі.
Тайм менеджмент туралы пайдалы кеңес , жаттығулар (слайд)
Стресстің белгілері
Психофизиологиялық топ:
- Үнемі шаршаңқылық сезімі;
- Эмоционалды ден саулығының азғыруы (истощения);
- Сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты қабылдауы мен белсенділіктегі өзгерістер;
- Себепсіз бастың ауруы мен қан қысымының көтерілуі;
- асқазан-ішек ауруларының трактаттарының қозуы;
- Жыныс қызметіндегі бұзылыстар;
- Дене массасының күрт азаю немесе ұлғаюы;
- Толығымен немесе сирек ұйқының бұзылуы;
- Ұйқылы ояу жүру;
- Физикалық және эмоционалды жағдайлардағы тыныс алудың қиындауы
Стресске қарсы тұру факторлары:
Өз денсаулығын күту;
Өз-өзін жоғары бағалау;
Өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;
Стресске қарсы тұра алу;
Ашық қарым- қатынасқа түсе білу;
Өз-өзін басқару;
Оптимизм;
Уақытты тиімді пайдалану;
Уақытты басқаруға, мақсатқа жетуге арналған тренинг-жаттығулар (слайд)
Менің алға қойған мақсаттарым;
Мақсаттардың орындалу схемасы;
«Мен мақсатыма жету үшін не істеймін?» принціпі
«Таразы» принціпі;
«Щвейцар ірімшігі» принціпі;
Уақытты басқаруға раналған ұлағатты сөздер, афоризмдер (слайд)
«Уақыт - жыртқыш аң, арыстан сияқты. Егер арыстанды жуасытсаң, ол досыңа айналады»;
«Уақытта жебе, сен оны сындырмасаң, ол сені сындырады»;
«Уақыт – дүние, оны өзіңе бағындыра біл»;
«Жалқаулыққа берілу, өз өміріңді өз еркіңмен жұтату»
«Өмір сүру, құр босқа уақыт өткізу емес, мезгілді жарып өтіп мәңгілікке жету»
Достарыңызбен бөлісу: |