Тақырыбы: Табиғаттағы белоктар мен ферменттердің химиялық құрамы, құрылысы мен түрлері, тірі организмдердің тіршілігіндегі олардың биологиялық маңызы



бет18/22
Дата07.02.2022
өлшемі8 Mb.
#84239
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
СӨЖ БИОХИМИЯ СИЯЗБЕК АЙҒАНЫМ

Ферменттердің құрылысы

  • Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге тән макромолекулалар түзіледі.
  • Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Мысалы, мальтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменті басқа қанттарға эсер етпейді.
  • Ферменттер әрекетінің негізіңде үш түрлі әсер жатады
  • жинақтау (концентрациялау әсері);
  • бағдарлау (ориентациялау) әсері;
  • көп бағытты катализ.
  • Ферменттер алдымен ершндіден қоректі заттар субстратының әр түрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды, қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзтерістерін тездетеді.

Қоректік заттардың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін фермент беткейіне жинақталған субстраттар молекулаларының белгілі аудандары бірбірімен жанасуы керек, демек олар бірінебірі бағдарлануы керек. Ферменітердің осындай бағдарлау әрекетінің әсерінен қоректік заттардың ыдырау процесі мығдаған есеге шапшандайды.

  • Барлық ферменттер глобулярлы нәруыздар болып келеді.
  • Ферменттер туралы ақпарат басқа нәруыздар сияқты ДНҚ-да кодталған.
  • Ферменттер катализатордың қызметін атқарады.
  • Ферменттердің болуы реакцияның соңғы өнімінің табиғатына әсер етпейді.
  • Ферменттер эффективті жұмыс жасайды, аз мөлшері субстраттың көп мөлшерін өнімге айналдырады. Мысалы, бір каталаза ферментінің молекуласы қалыпты дене температурасында бір секунд аралығында 600 мың сутегінің асқын тотығының молекуласын су мен оттекке ыдыратады. Орташа алғанда ферменттер бір секунд ішінде 1000 жуық реакцияларды катализдейді. Катализаторларсыз реакциялар миллион есе баяу жүретін еді.
  • Ферменттер жоғары және арнайы маманданған, бір фермент тек бір субстратты катализдейді.
  • Ферментпен катализдейтін реакция қайтымды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет