Қорек ас қорыту вакуольінің ферменттері арқылы қорытылады. Қорытылған ас цитоплазмада қалады. Ал қорытылмаған ас денесінің кез-келген жерінен шығып кетеді. Содан кейін ас қорыту вакуольі жойылып кетеді. Қоректену процесі Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Кәдімгі амебаның жыныссыз, ядросының митоз жолымен екіге бөлінуі. Кәдімгі амеба қолайсыз жағдай туғанда қалың қабықша «циста» түзеді. Қолайлы жағдай қайта туғанда циста еріп, әрі қарай тіршілігін жалғастырады. Entamoeba histolytica - дизентериялық амеба.
Денесінің мөлшері 20-30 мкм.
Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан құралады.
Адамның тоқ ішегінде паразитті өмір сүреді.
Адамның тоқ ішегінің қабырғасына еніп, эритроциттермен қоректене отырып тез өсіп, әр түрлі токсиндер шығарады.
Тоқ ішекте жаралар пайда болып, осы жарадан дизентериялық амебалар қан жолдарына түсіп қанмен бірге бауырға түсіп, ісіндіріп, іріңдетіп зақымдайды.
Дизентериялық амебалардың адам тоқ ішегіне енуі Дизентериялық амебалардың адам қанындағы эритроциттермен қоректенуі Дизентериялық амебалардың адам тоқ ішегін зақымдауы "Амебиаза" ауруымен ауырмас үшін! Жеміс-жидектерді әрдайым тазалап жуып жеу керек. Суды қайнатып ішу керек. Қолды сырттан келгенде міндетті түрде сабынмен жуу керек. Testacea- Қабыршақты Амебалар отряды
Денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған.
Қабыршақтары органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған.
Қабыршақтың устье деп аталатын арнайы тесігі болады, псевдоподиялардың шығуына арналған.