Тақырыбы: Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі



бет1/11
Дата12.10.2022
өлшемі40,7 Kb.
#152725
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырыбы Таным философиялы м селе ретінде. рт рлі философиялы


Тақырыбы: Таным философиялық мәселе ретінде
Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.
Таным объектісі мен субъектісі.
 Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекулаатом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Бәрінен бұрын, таным процесі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуі ретінде қарастырылады. Таным – шынайылықтың адам санасында бейнелену процесі.Таным барысында болмыстың әртүрлі қырлары ашылып, қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың, сыртқы жақтары мен ішкі мәні зерттеліп, таным әрекетінің субъектісі – адам – адамды, яғни, өзін - өзі зерттейді. Танымның нәтижелері жеке адамның санасында ғана қалып қоймайды, ол ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты материалды тасымалдаушылар арқылы жеткізіліп отырады.
Қазіргі зерттеулерде таным теориясымен байланысты мәселелерді зерттеуде мағынасы жағынан гносеология тең эпистемология (грек.т. episteme – білім, таным) термині кең қолданыс табуда. Ғылыми танымның басты құрамдас бөліктері теория және гипотеза. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейіне теоретикалық әрекет пен теоретикалық білімнің бірлігі жатады. Ал теорияның мазмұнын оның негізгі және арнайы ұғымдары мен тұжырымдары құрайды. Ұғымдарда берілген теорияның объектілері, олардың қасиеттері мен қатынастары бейнеленеді. Ал теорияның тұжырымдарында тұтас жүйе ретіндегі пәндік аймақтың құрылымы, заңдылықтары мен тәртіптері сөйлемдер арқылы бейнеленеді. Ал гипотеза ақиқаттылығы немесе жалғандығы әлі анықталмаған пікірлер немесе ықтимал білім формасы жатады. Гипотеза міндетті түрде тәжірибе арқылы зерттеуді талап етеді. Гипотеза тәжірибе арқылы тексеруден өтіп, нақтыланса ғана ақиқаттылығына еш күмән келтірмейтін ғылыми теорияға айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет