Тақырыбы: Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі


Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным



бет4/11
Дата12.10.2022
өлшемі40,7 Kb.
#152725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырыбы Таным философиялы м селе ретінде. рт рлі философиялы

Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
Эпистемология немесе ғылыми таным - дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі деңгейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.
Эмпириялық таным - бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.
Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз - зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау - сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет