Тақырыбы: Таным теориясы Жоспар


Логикалық (рационалдық) таным – сезім мүшелеріне әсер етпей, ойлау процесі арқылы жүзеге асырылатын танып білу



бет3/4
Дата11.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#174183
1   2   3   4
Байланысты:
12.Таным теориясы
тестирование, monuments
Логикалық (рационалдық) таным – сезім мүшелеріне әсер етпей, ойлау процесі арқылы жүзеге асырылатын танып білу.
Логикалық таным да 3 формада жүзеге асырылады. Олар: ұғым, пікір, ой қорытынды.
Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады.
Пікір - ол қандай да болсын бір зат жайында мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой. Пікір - ойлаудың ең қарапайым формасы. Пікір ұғымдардың логикалық байланысынан құралады.
Ой тұжырымы дегеніміз – ол кейбір пікірлерден жаңа пікір тудырылатын ойлаудың жоғары формасы. Бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуы іске асатын ойлаудың формасы.
Ой тұжырымының үш формасы бар: индукция және дедукция, аналогия.
Индукция – ойлаудың жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарудың логикалық тәсілі.
Дедукция – жалпы алғышарттан жеке қорытынды шығарудың логикалық тәсілі.
Таным процесі қаншалықты күрделі және қайшылықты болса да, оның негізгі мақсаты – адамға сыртқы заттар мен құбылыстарды меңгеріп, оларды өз кәдесіне жаратуға көмектесетін ақиқатқа жету.
Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Ақиқат деп адамның обьективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнеленуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
Ақиқат дегеніміз –обьективтік дүниедегі заттар қандай болса, ол заттарды сондай деп білу.
Ақиқат дегеніміз – қоғам, табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.
Ақиқаттың екі түрі бар. Олар: абсолюттік және салыстырмалы (относительді) ақиқаттар.
Абсолюттік ақиқат дегеніміз – материалдық дүниенің заттары мен құбылыстардың мәнін толық және жан – жақты бейнелейтін объективтік ақиқат (білім)
Салыстырмалы ақиқат дегеніміз- шындықты дұрыс бейнелейтін, бірақ әлі толық емес білімдер мен теориялар.
Практика дегеніміз - ол адам баласының табиғат пен қоғамды қайта жасайтын мақсатқа лайық материалдық қоғамдық қызметі.















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет