Ипохондриялық сандырақ тематикасы ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екеніне сенімділік.
Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырақтық идеялары – ипохондриялық және депрессиялық күйлердің бірге жүруі. Науқас өзін барлық нәрсеге кінәлі сезініп, өкініш сезімін арқалап жүреді.
Жабысқақтықтар (обсессиялар) - еріктен тыс пайда болатын, науқас ойын жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдай ретінде қабылданатын ойлар мен күйзелістер, науқас оларды өз ерік күшімен жеңе алмайды.
Сөйлеудің бұзылыстары:
Афазиялар - бас миының сөйлеу бөліктері зақымданған кезде көрініс береді.
Сенсорлық афазия - айналасындағылардың сөзін және жазбаша сөзді түсінбеу.
Моторлық афазия - сөзді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.
Амнестикалық афазия - заттардың атын атай алмау.
Жаппай (тоталдық) афазия - сөйлеудің барлық түрінен айырылу, мысалы, Альцгеймер ауруы.
Истериялық невроз кезінде, аяқ астынан болған жан дүниесінің күйзелулері кезінде сөйлеудің функционалдық ауытқулары дамуы мүмкін – афония (дыбыс шықпай) немесе кекештену.
Афазия - сөйлеу мүшелерінін зақымдануынан сөздің бұзылуы, сөз бен онын мазмұны арасындағы байланыстын жоғалуы.
Аграфия - сөйлеудің әртүрлі жағдайында пайда болатын жазудың бұзылуы не жазу қабілетін толық жоғалтудан немесе сөздерді өрескел бүрмалаудан, буындар мен әріптерді тастап кетуден, әріптер мен буындарды сөз етіп қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді. Аграфия балаларда мидың органикалық жете дамымауымен байланысты тілінің жалпы дамуы кенжелеп қалуының бір көрінісі; нашар естудің немесе саңыраулықтың салдарынан сөздерді дыбыстық талдаудағы кінәраттармен байланысты сойлеудің бұзылуынан корінуі мүмкін. Аграфия ми сырқатына байланысты сөйлеудің түрлі бұзылулары салдарынан пайда болатын жазу қабілетінен айырылуы деп те айтады. Аграфия жазу қабілетінен толық айырылу немесе сөздерді тұрпайы түрде бұрмалау, буындар мен әріпгерді тастап кету, әріптер мен буындарды сөзге біріктіре алмауда көрініс табады.
Амнезия - еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. Амнезия үдемелі амнезия, бекімелі амнезия, ретроградтық амнезия және антероградтық амнезия болып бөлінеді.
Үдемелі амнезияға шалдыққан адам көргенін тез ұмытып қалады. Бірте-бірте алдында болған жағдайларды да ұмытып, зердесінен біржолата шығарады. Мұндай сырқат ессіз күй, терең ұйқыға кету, паталогиялық маскүнемдік салдарынан болады.
Бекімелі амнезияға ұшыраған адам жаңалықтарды сол бойда қабылдай алмайды. Бірақ бұрынғы және кейінгі зердесі сақталады. Ол, көбінесе иіс газымен улану, бастан жарақаттану салдарынан болады.
Ретрогадтық амнезия психикалық ауру кезінде пайда болады. Онда адам не істегенін ұмытып қалады.
Ал антеретроградтық амнезияға шалдыққан адам аурудан кейінгі жағдайды ұмытады.
Достарыңызбен бөлісу: |