Тақырыбы: таза экологиялық ЖҮн талшығынан бұйым дайындау. ЖҮнді ылғалмен бастыру техникасы арқылы бұйым дайындау мазмұны


Органикалық маталардан киім жасау – өткенге оралу



бет2/21
Дата26.06.2018
өлшемі7,68 Mb.
#44452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2.1 Органикалық маталардан киім жасау – өткенге оралу


Қандайда бір киімді сатып алған кезде, әдетте, біз оның заттаңбасын зерттейміз. Біреулерге оның бағасы, өлшемі немесе өндіруші елі қызықты. Бірақ эко стильді ұстанатын адам үшін, бірінші кезекте, киімнің қандай материалдан жасалғаны маңызды. Адамдар прогресстің жанама әсерінен шаршап, қайтадан табиғи нәрселерге қайта оралғысы келеді. Қазіргі кезде табиғи, таза нәрселер сұраныста. Осындай танымал бағыттардың бірі- органикалық маталар. Қоршаған ортаның жағдайы ұсақ нәрселерге де байланысты болып тұр. Өкінішке орай, әзірге өндірушілер киімнің экологиялық тұрғыдан таза, табиғи көздерден жасалып, толықтай биологиялық жолмен жойылып кететінін заттаңбаларда көрсетпейді. Көпшілік осындай материалға мақта, зығыр, жүн және басқа табиғи маталарды жатқызады. Бұл материалдардың синтетикалық материалдардан артықшылығы сөзсіз, бірақ олардың экологиялық тұрғыдан жүзпайыз таза екені туралы айта алмаймыз.

Органикалық маталар – таң қалдыратын инновациялар емес. Басқаша айтқанда, органикалық маталар - ұмытылып кеткен нәрсе. Біздің ата-бабаларымыз жүн, мақта, зығыр, бамбуктан маталар жасады, оларды табиғи бояғыштармен бояды. Органикалық маталарды сәнге айналдыра отырып біз қайтадан бұрынғы нәрселерге ораламыз. Бірақ заманауи өндіріс өнертапқыштығымен көзге түседі.

Қазіргі кезде органикалық маталарды өндіру үшін шикізаттың кең спектрі қолданылады. Бұл тек әдеттегі жүн, мақта, зығыр емес оның ішінде әдеттегіден тыс бамбук, қалақай, қарасора, эвкалипт, соя талшықтары, жүгері және балдырлар. Органикалық маталарды бояу үшін табиғи бояғыштар қолданылады: минерал ұнтақтары, өсімдік сірінділері, жеміс-жидектер шырыны және гүл тозаңы.

Жүн. Әлемдегі жүннің негізгі жеткізушісі – қойлар. 100% жүн (100% wool) заттаңбасы жақсы сапалы жүнге, сапасы төмен немесе қалпына келтірілген жүнге де қойылады.

Жүннің қандай жолмен жасалғанына да көңіл бөлу керек. Жүннің тірі қойдан қырқылып (жануардан жүнді алу үшін химиялық заттар қолданылатын кездер де болған), бірінші рет қолданылуы өте маңызды.

Қауіпсіз және табиғи жүн түрі болып 100% kbT Schurwolle немесе 100% organic wool demeter заттаңбасымен органикалық жүн есептеледі. Дайын бұйымды жасағанда теріні тітіркендіретін химиялық қоспалармен өңделмейді.

Жүн талшығы кератин деген ақуыздан тұрады. Таза жүн маталар 6-10% ғана өзге талшық қосылған. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеттері жоғары, ылғалды жәй тартады, жәй шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн талшығы біраз ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып, оған өтектеу, созу, декатирлеу сияқты операциялар жасай аламыз. Киіздену-жүннің басқанда бірігіп, ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады. 1100С, одан да жоғары температурада құрғақ жүн талшықтары өзінің мықтылығын жоғалтады. Өсімдік талшықтарына қарағанда жарық пен ауа - райы әсеріне жүннің төзімділігі айтарлықтай жоғары. 1120 сағат тікелей түскен сәулесінен жүн талшықтарының мықтылығы 50% - ке кемиді. Жүн жанғанда талшықтар жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны басылады, ұшында қара түйіршік пайда болып, күйген қауырсынның иісі сезіледі.



Табиғи маталардың кемшіліктері. Табиғи маталардың артықшылықтарымен қатар, кемшіліктер де бар. Матаны өндірушілер мінсіз әсерлерге химиялық заттардың көмегімен қол жеткізеді. Сондықтан, эко-маталардың қарапайым қасиеттері бар - олар қыртысталады, әркезде мінсіз боялмайды, оларды күту қиын. Табиғи бояғыштар күн сәулесінен қорқады. Табиғи заттар формасын жоғалтып алмау үшін оны жайылған күйінде кептіру қажет. Мысалы, жүгеріден жасалған мата судан қорқады. Органикалық маталарды жуу үшін, эко-ұнтақтарды қолдану қажет. Бірақ табиғи маталардың кемшіліктері табиғи нәрселердің барлығы әмбебап қасиеттерге ие болмайтындығында.

2.2 Қазақ халқының жүн мата өнімдерін пайдалану тарихынан

Киіз (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Киіз басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр  басу процестері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Жүн –бірден-бір ұйысуға бейім талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.

Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3–4 рет ағынды суға тоғытады. Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайды. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды.

Біздің қазақ халқының ұлттық технологиясын өзгелер үйреніп, қазір әлем нарығында  киіз  басуға  арналған  машиналар да шығып жатыр. Қорқыныштысы сол, жаһандану процесі қазақтың дәстүрлі технологиясын  жалмап кету қаупі бар. Ал қолөнерге қызығушылықты арттыру — мәдени мұрамызды сақтап, қайта түлету мүмкіндігі. Ендеше бұл саланы дамыту үшін қолөнер шеберлерінің тыныс-тіршілігіне назар аударып, қолдауымыз қажет.

Қазіргі қолөнер шеберлері халқымыздың этномәдени тәжірибелерін ой елегінен өткізіп, киіз басудың дәстүрлі техникалық тәсілдерін, түс үйлесімділігінің айрықша жұмсақтығын пайдаланып келе жатыр. Киіздің ең бір жақсы қасиеттерінің бірі-төзімді, әрі жылы, табиғи талшықтардан жасалған адам денесіне жұмсақ, ауа өткізгіш материал. Жүннің емдік қасиеті бар екенін білеміз. Тағы бір қасиеті жоғарыда айтылғандай икемділік ерекшелігін айтар болсақ, толық бітпеген киізден жасалып жатқан бұйымның адам денесіне келмеген жағдайда оны қайта сулап ақауы бар жерін илеп не болмаса сипалау арқылы реттеп алуға болады. Сөйтіп керекті жерін түзетіп алған соң бұйымды толық пісіріп нығыздайды. Киіздің пластикалық қасиеттерін пайдалана келе, қазіргі таңда дизайнерлер оның сәндік қасиетін ұтымды пайдаланып, көзге тартымды, әрі экологиялық таза материалдан күнделікті өмірде, салтанатты жиындарға, сахналық киім ретінде киетін ыңғайлы, заман талабына, сұранысына сай етіп әртүрлі пішінді бұйымдар жасауда. Яғни, киізден  көптеген көйлектер, түрлі пішінді пальтолар, жакеттер, желеттер және т.б жасап шығарылуда. Тағы бір мысал «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының коммерциализациялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаевтің мәліметі бойынша Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» көрмесінде құны 20000 теңге тұратын киізден жасалған Vip-билеттер сатылатын болады, бұл билеттер иесіне шектеусіз кезкелген күні көрмені қарауға мүмкіндік береді.Табиғи жүн материалдарынан дайындалған билет әлемде тұңғыш пайдаланылуы да әбден мүмкін.



2.3 Киіз бен фетрдің қасиеттері

1.Фетр (киіз)  ауа өткізетін қасиетке ие. Киіз (фетр) жасайтын табиғи қой жүні түктерінің арасында миллиондаған ауа көпіршігі болады. Ауа көпіршіктері ауаның еркін циркуляциясына алып келеді және ағзаның қыздырылуы мен салқындауын болдырмайды. Емдік жылуды сақтай тұрып, суық тию ауруларының алдын алатын адам денесінің температурасы сақталады.

2. Микромассаж. Жүн қан айналымын жақсартып, қысымды қалыпқа келтіріп, капиллярлық деңгейде адам денесінің нервтік ұштарын массаждайды.

3. Жүннің гигроскопиялық қасиеті.  Жүн ұстап қарағанда құрғақ болып қала тұра, өз салмағынан 33% ылғалды сіңіріп өзінен атмосфераға өткізе алады. Мақтаның өзі 8% ылғалды сіңіреді. Жүн ылғалды сіңіріп, қанның циркуляциясын жақсарта отырып, жылу бөледі.
4. Жүн - улы заттарды жояды. Жүн — бұл табиғи, гидрофобдық ақуыз, әр жүн түтігі суланбайды. Бұл ақуыз бір бөлігімен көмір қышқылын, екінші жағынан аммиак қосылыстарын - улы заттарды жою қабілетіне ие амин қышқылдарынан тұрады. Қазіргі кездегі ұйқы гигиенасын зерттеушілер тірі жануардан қырқылған қой жүнінің улы заттарды жоятынын дәлелдейді.  
5. Жүн өңдеуден кейін аллерген болып есептелмейді және құрамында ланолиннің 8-10% болады.  Ланолин керемет табиғи антисептик болып табылады. Антибактериалдық қасиеттерге ие болып, сапрофит және басқа микроағзалардан біздің өнімдерімізді қорғайды. Ланолин 35-37 градус температурада ери отырып, теріге енеді және бұлшық еттер, буындар, омыртқа және тыныс алу жүйесіне жақсы әсер етіп, сонымен қатар қан айналымын жақсартады, жақсы ұйықтау үшін бұлшық еттердің қысымының жойылуына әсер етеді. Ланолин — жүнде болатын жануар балауызы. Буын және бұлшық ауруларында, сонымен қатар остеохондроз, ортопедиялық ауруларда қолданылатын медициналық майлардың негізі.

6. Жүн – керемет термореттеуші. Киіз (фетр) белгілі температура мен ылғалдылықты сақтайды, қан айналымын жақсартады.  
7. Жүн өз бетімен тазаруға қабілетті. Жүннің тағы бір жақсы жағы: ауа жүннен өтіп шаң мен ластану бөлшектерін шығарады. Осы әсер жоғары ылғалдылықта күшейеді. . 
8. Жүннің емдік қасиеті. Жүн тыныштандырады, қатты ауырғанды басады, ауруды басатын, антибактериалдық, қабынуға қарсы қасиеттері бар. Жүннің құрамында табиғи антисептик ретінде қолданылатын, денсаулыққа пайдалы ланолин  болады. Жүннен жасалған бұйымдарды кию ревматизм, остеохондроз, ортопедиялық аурулар, аллергия, демікпе аурулары, қан айналымының ауруларымен ауыратын адамдарға ұсынылады. Киіз белдіктермен радикулит және артрозбен ауратын адамдарды емдеген. Киіз матаның жолақтарымен массаж жасайды. Ежелгі көшпенділердің пікірінше, киіз қанның циркуляциясына жақсы әсерін тигізіп, арқаның ауруынан айығуға көмектеседі. Әсіресе, киіз далада өмір сүретін көшпенділер үшін пайдалы болды.

9.  Жүн талшығының электростатикалық өрісі өзара әсер етіп адам денесіндегі оң иондалуды азайтатын электростатикалық өрісті жасайды. Жүннен жасалған киімді кие отырып адам ағзаға сауықтыру әсерін беретін теріс электрлік зарядын алады.   Жүн жақсы энергетикаға ие.

2.4 Таза жүн талшығынан киіз басу техникасымен дайындалған бұйымдардың күтімі мен сақталуы

- Ұқыптылықпен қолмен жуу қажет етіледі!

- Жүн ыссы және өте салқын суды жақтырмайды!

-Жүннен басылып жасалған бұйымдарды құрамында ағартқыштары бар жуғыш ұнтақтармен жууға болмайды!

-Қайнатпайды!



- Қолмен ысқылауға және бұрауға болмайды!

- Горизонталды беттікте жайылған күйінде кептіру қажет!

- Жүн бұйымдарын жиналған күйінде сақтау керек (Жүн бұйымдарының қасында күйе көбелекке қарсы құралдардың болғаны пайдалы)



- Сақталу мерзімінде жүн бұйымдарын желдетіп тұру керек!
3. Практикалық бөлімі

3.1 Тік силуэтті жилет сызбасын құрастыру, үлгі дайындау
Бұйымның сипаттамасы. Киізден тігілген күнделікті киетін әйелдерге арналған қарапайым тік пішінді жилет. Бел сызығы бойынша қиылмаған, жасанды былғарыдан белдігі бар. Жеңсіз. Жағасыз. Алдыңғы және артқы бойлары тұтас пішілген. Ұсынылатын өлшемдер 44-58.

Бұйым негізінің сызбасының құрастырылуына қажетті өлшемдер

Кезекті сан


Шартты белгілер

Өлшемдер

Өлшемнің мәні

1

2

3

4

1

Б

Бойбиіктігі

164

2

Жм

Жартылай мойын орамы

18,4

3

ЖкI

Кеуденің бірінші жартылай орамы

45,7

4

ЖкII

Кеуденің екінші жартылай орамы

50,4

5

ЖкIII

Кеуденің үшінші жартылай орамы

48,0

6

Жб

Жартылай бел орамы

38,6

7

Жмқ

Жартылай мықын орамы

52,0

8

Ек

Кеуденің ені

17,0

9

Бк II

Кеуде биіктігі

27,1

10

Еа

Арқаның ені

18,3

11

ҰабII

Арқаның белге дейінгі ұзындығы

42,1

12

БқиII

Қиғаш иықтың биіктігі

42,7

13

Бқо.арII

Қолтық ойындысының екінші биіктігі

21,4

14

ҰкбII

Алдыңғы бойдың белге дейінгі екінші ұзындығы

43,4

15

Еи

Иықтың ені

13,1

16

Ұб

Бұйым ұзындығы

90,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет