Муратова Гульнара Ерсаиновна-
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Орал «Сервис» технологиялық колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы
Орал қаласы
Тақырыбы: ТАЗА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮН ТАЛШЫҒЫНАН БҰЙЫМ ДАЙЫНДАУ.
ЖҮНДІ ЫЛҒАЛМЕН БАСТЫРУ ТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ БҰЙЫМ ДАЙЫНДАУ
Мазмұны:
Кіріспе
Теориялық бөлімі
Органикалық маталардан киім жасау – өткенге оралу
Қазақ халқының жүн мата өнімдерін пайдалану тарихынан
Киіз бен фетрдің қасиеттері
2.4 Таза жүн талшығынан киіз басу техникасымен дайындалған бұйымдардың күтімі мен сақталуы
Практикалық бөлімі
3.1 Тік силуэтті жилет сызбасын құрастыру, үлгі дайындау
3.2 Таза экологиялық жүн талшығынан бұйымдар дайындау. Жүнді ылғалмен бастыру техникасы арқылы бұйым дайындау
3.3 Нунофелтинг техникасымен палантин дайындау технологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жобаның мақсаты:
Cтуденттерді танымдық белсенділікке ынталандыру, сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылығын арттыру, материалдық құндылықтарға экологиялық ұқыптылықпен қарауға, табиғи материалдарды эстетикалық көзқараста қабылдай білуге тәрбиелеу;
Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті, экология мен денсаулықты қорғаудың маңыздылығын, тігін бұйымдарының таза экологиялық жүн талшығынан дайындау технологиясын түсіндіру;
Жобаның өзектілігі:
Таза экологиялық талшықтардан жасалатын бұйымның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасын зерттеу.
Кіріспе
Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі өзін өзі сыйлайтын әр адамның ешнәрсеге қарамастан, қоршаған ортаны қамқорлауымен, ғаламшарымыздың болашағын ойлауымен түсіндіріледі.
Болашақ ұрпақтың әрі қарайғы өмір сүруі өзімізге байланысты. Табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы - адамзаттың негізгі міндеті. Табиғат пен адам денсаулығын қорғау міндетін орындау мақсатында осы кезеңде эко сән пайда болды. Соңғы кездері біз эко сөзін жиі еститін болғанбыз. Сонымен, экология дегеніміз тірі ағзалардың өзара қатынасы және қоршаған ортамен қатынасы болып табылады. Экологиялық сөзінің мағынасы-«эко» және «логикалық», «экология тұрғысынан өмірге қисынды жақындау» деп түсіндіріледі.
Киімдегі эко стильді қалай түсінеміз? Адамзат баласы алдымен табиғатты, келе-келе әртүрлі ғылымдарды зерттеп, оның игілігін өз пайдасына жарата бастағаннан бері көп уақыт өтті. Күнде бір жаңа нәрсе дүниеге келіп жатқандықтан, қазір ғылым-білімнің жетістігіне таңғалу қиын. Дегенмен, қазіргі таңда адам болмысы Табиғат-анаға жақын болғандықтан, бірте-бірте химия өнімдерінен гөрі табиғи заттарға деген сұраныс жаңғыра бастады. Осылайша киімдегі экологиялық стиль пайда болды. Бірақ бұл жаңа тренд емес, тек уақытша ұмытылған нәрсе. 60-жылдары сән әлемінде хиппи деп аталатын ағым пайда болды. Бұл ағым тірі және табиғи нәрселерге сүйіспеншілік сезімімен ерекшеленді. Қазіргі кезде табиғатты қорғайтын, экология туралы ойлайтын адамдар аз. Бірақ экология мен денсаулықты қорғаудың маңыздылығын түсінетін адамдар да бар. Бүгін экологиялық өнімдерге сән жаңа күшпен жандана түсті. Сәнгерлер табиғи маталардан жасалған «эко-сән» туындыларын ұсынуда. Бұл стиль Скандинавия, Жапония және Италия секілді ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын мемлекеттерде кеңінен таралған. Көптеген өндірушілер олардың сәнді киімдерінің әдемі болғанымен қатар, қоршаған орта, адам ағзасы үшін қауіпсіз болу керек екенін түсінді. Әрине, экологиялық стильге тән материалдарды ата-бабаларымыз бұрын да қолданған, бірақ оған ешкім ат қойып, айдар тақпаған. Сонымен экологиялық стильге не жатады?
Экологиялық стильдегі киімдер, аяқ киімдер, тіпті аксессуарлар табиғи материалдардан жасалады. Эко-стильдегі киімдерді қолмен жасалатын аксессуарлармен толықтыру артық болмайды. Табиғат өз бетімен қайталанбайтын әшекейлер жасауға болатын материалдардың түрлерін (ағаш, әйнек, ракушка, табиғи мата) ұсынады. Бұл ұсақ-түйектер біздің үйлесімді табиғи бейнемізді ерекше етуге мүмкіндік береді.
Эко киімдер таза экологиялық материалдардан тігіледі. Бұл материалдарға жібек, жүн, бамбук, мақта, зығыр жатады. Эко киімдер негізінен экологиялық дизайнда тігіліп, адам мен табиғат арасындағы үйлесімді көрсетуге бағытталады. Киімді дайындау принципі адамға барынша пайдалы, денені қыспай, ыңғайлы болуы қажет. Экологиялық стильдегі киімдер үшін ақ, ақшыл сұр түстер таңдалады. Экологиялық стильдің жанкүйерлері кең етекті, зығыр мен бәтес матадан тігілген көйлек киеді.
Әйгілі дизайнерлердің барлығы дерлік табиғи матадан тігілген киімдерді өз коллекцияларына қосып жүргенімен, эко-стиль тенденциясын ең алғаш өз топтамасында ұсынған дизайнер - Линда Лаудермик болды. 2002 жылы (бамбук, теңіз балдырларынан және басқа да өсімдік компоненттерінен) стандартты емес материалдардан көйлек бұйымдарын жасап шығарды. Осы бағытта жасап шығарған дизайнер - Стелла Маккартни, сонымен қатар танымал (Nike, H&M, Gap, LEVI’S, ZARA) маркалары арнайы эко-маталардан жасалған киім өнімдерін шығарады.
Ал отандық эко бағытын ұстанып жүрген дизайнерлерді атап кететін болсақ олар: Айжан Беккулова, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнұр Асанова, Самидэль (Динара Абдуллина), және т.б. Жаңа бағыттың негізгі идеясы тек табиғи материалдарды қолдану болғандықтан, оның пайдасы ғасырлар бойы келе жатқан тігін дәстүрлерімен дәлелденгендіктен, эко-стиль қазіргі таңда ұлтымыздың денсаулығын нығайту жолы болып табылады.
Қазіргі маталардың құрамында әр түрлі қоспалардың барын білеміз, олар адам организміне әсер етеді. Мысалы, синтетикалық матадан тігілетін бұйым адамның денесін қысып, электрленіп, ауа жібермей денеден тез тер шығаратындай жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар синтетикалық бұйымдарды әр адамның организмі әрқалай қабылдайды. Кейбір адамдардың денелеріне бөртпе шығып, аллергиялық қасиеттерге душар етеді. Әсіресе кішкене нәрестелер мен жас балаларға синтетикалық маталардан киім тікпеуге немесе сатып алмауға тырысу керек. Адам денесі үнемі тыныс алғаны жөн. Ал табиғи маталар тұтынушылардың сұранысына толық жауап береді. Егер табиғи жүннен жасалған бас киім киер болса, табиғи жүн суықта жылытып қана қоймай, кей аурулардан да айықтыруы мүмкін. Жүн және тағы басқа табиғи маталар емдік қасиетке ие.
2. Теориялық бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |