Шыныдан жасалған бөлшектерді өңдеудің және жөндеудің технологиясы Силикат шынысын конструктивті материал ретінде, негізінен, технологиялық құбырларды және түрлі пішіндегі шынылық жазық әйнектерді дайындау үшін қолданады. Шыны құбырының ақауы негізінен, оның сыныуымен немесе жарылуымен түсіндіріледі.
Көпшілік жағдайда бұл бөлшектердің жөнделуі ақау болған бөлшектерді жаңа бөлшекпен ауыстыру көмегімен жүреді. Бұл кезде жиі шыныны кесу және пісіру операциялары орындалады.
Жазық шыны табақшаларын кесу шыны кескіштің көмегімен орындалады. Кесу операцияларындағы, біршама күрделісі бұл, шынылық құбырларды кесу. Бұл үшін қазіргі кезде бірнеше әдістерді қолданады: 1) Жергілікті қыздырып сонан соң ау немесе сумен жылдам суыту; 2)Обрезивті доңғалақпен кесу; 3) Шыны кескіш құралмен кесу жазық дайындамада саңылау ою кезінде ультрадыбыстық және басқа да әдістерді қолдану мүмкін.
Жергілікті қыздырумен құбырларды кесу барысында, құбырдың кесілуге тиісті жеріне нихром сымының орамын орайды. Спирал хромы қоректенетін ток автотрансформаттың көмегімен реттеледі.
Жылдам суытудың нәтижесінде сақиналы жарғыншақ қалыптасады.
Шыны кескіштің көмегімен шыны құбырын кесу токр станогында жүзеге асырылады. Бұл кезде шыны кескішті станок суплортында, ал құбырды резинкалы немесе ағаш оправканың көмегімен станоктың центрінде орнатады.
Құбырды пісіруді газ электрлік пісірудің көмегімен орындайды. Пісірудің технологиялық рпоцессі келесі операцияларды қарастырады: құбырларды бір-біріне центрлеп орнату; құбырдың қырларын 650-7980С дейін қыздыру (шынының жұмсару температурасы); қыздырылған кескін беттерді қосу. Сонан соң пісірілу жігінің өзара қарама-қарсы жатқан екі нүктесіне 3-4 минутқа жоғарғы кернеуліктегі токты қосады; пісірілу жігін күйдіруді анителенді – оттектік жалын көмегімен қыздыра жүреді.
Жоғарғы жиіліктегі ток көмегімен шыны құбырын пісіру пісірілу жігін 650-7000С температураға дейін алдын ала қыздырудың қажеттігі, бұл, шынының 5000С температурадан өз бойынан ток өткізбейтіндігімен түсіндіріледі.
Шыны құбыр бетіндегі жарғыншақтар, жарақаттанған участкелердегі бірнеше қабат шыны тоқымасын орау көмегімен қалпына келтіріледі. Бұл кезде байланыстырған материал ретінде эпоксид желімін қолданамыз. Елеусіз ұзындықтағы құбырлар болат құбырының көмегімен тұтастырылады. Бұл кезде шыны тоқымасының талшығы түрінде толықтырғышы бар эпоксид желімін қолданған жөн.