Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Машиналар мен жабдықтарды жөндеудің технологиялық процессі. Жөндеу операциялары



бет30/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Машиналар мен жабдықтарды жөндеудің технологиялық процессі. Жөндеу операциялары
Жөндеу технологиясы ретінде жабдықтың техникалық ресурсын қалпына келтіру бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарын белгілі реттілікпенен орындаудың техникалық тәсілін түсінуге болады.
Жалпы жағдайда жабдықты жөндеудің технологиялық процесі келесі реттілікте орындалады: 1) жабдықты жөндеуге дайындау; 2) жабдықты жинақ бірліктер мен бөлшектерге бөлшектеу; 3) жинақ бірліктер мен бөлшектерді тазалау және жуу; 4) тозған және ақау бөлшектер мен жинақ бірліктерді қалпына келтіру және ауыстыру; 5) бөлшектерді бақылау, ақаулыққа тексеру және сұрыптау; 6) машиналар мен аппараттарды құрастыру; 7) жабдықты сынау және бақылау;
Жабдықты жинақ бірліктерге бөлшектеу жабдықты құраушы бөліктердің біртұтастығын және жөндеуге қолжетімділігін сақтай отырып келесі операциялардың келесі операциялардың кешенді орындалуымен жүреді: 1) бөлшектер мен түйіндерді көтеру және жылжыту; 2) бұрандалы және престік қосылыстарды бөлшектеуменен және де түйіндік және бөлшектік ақаулыққа тексеру
Ауыр салмақты түйіндер мен бөлшектерді көтеру және жылжыту үшін түрлі көтеру-тасымалдау құрылғылары мен механизмдерін қолданады: крандар (мұсылы, көпіршектік және оқшаулы), талдар, тельдерлер және кран-балкалар. Бөлшектеу барысында такеллаждық аспаптар мен құрылғылардың жарамадылық және жұмысқабілеттік күйін тексеру қажет.
Машиналар мен жабдықтарды бөлшектеу барысында штирттері болмаған түйіндер мен бөлшектердің өзара орналасу жағдайын белгі соғу, болу жағу және таңбалауменен белгілеп алу қажет. Жанасатын металл бұйымдарда белгі соғу үшін электрокарандаштарды да қолданады.
Бұл жөндеуден құрастыру барысында жанасатын бөліктердің үйкелісінен жағдайын орнықтыру,осының нәтижесінде өңдеп келтіру жұмыстарын орындалуға мүмкіндік береді.
Бөлшектеуден соң түйіндер мен бөлшектерді ластардан тазартады. Жуып тазартудан алдын бөлшектерді қаттардан, ластар мен майлардан тазартады. Қаттардан механикалық немесе химиялық тәсілмен тазартады. Химиялық тазарту тәсіліндежиі 1 л суға 24 гкаустикалық соданы, 35 г канциленген соданы, 1,5 г сұйық шыны және 25 г сұйық сабын аралыстырылған ерітіндіні қолданады. Жуу ұсақталған ерітінді температурасы 80÷90 °С жағдайда 23 сағ созылады.
Май мен ластардан аппаратураны тазалау үшін керосинді және содалық ерітіндіні буменен бірге беруді қолданады. Бұл кезде соданың ерітіндісі маймен бірге жеңіл шайылатын майлы эмульсияны түзеді.
Аппаратураны қатты шөгінділерден тазартуды коррозия ингибитарларын араластыра отырып, 5 % тұз қышқылы ерітіндісінде атқарады.
Бөлшектеу барысында жылжымайтын ажырамалы қосылыстарда бөлшектеу мәселесін орындау қажет.Жылжымайтын ажырамалы қосылыстарды ажыратуда ажыратқыштарды, пресстерді және гидравликалық тәсілдерді қолданады. Бөлшектерді кері престеу барысында керіпрестеуге қажетті күшті әлсіретуді үшін қамтушы бөлшекті қыздыру немесе қамтылушы бөлшекті суыту технологиялық амалдарды қолданады.
Бөлшекті қыздыруды май ваннасында батырумен немесе майды бөлшеккке құюменен орындайды. Бөлшекті суыту үшін құрғақ мұзды (-78 °С температурадағы) немесе сұйық азотта (-196 °С температурадағы) атқарады.
Престеу (керіпрестеу) үшін қажетті күшті жуықша келесі эмпирикалық өрнекпен есептеп алады:
P = 20 δ l
Мұнда δ – сығылым, мин; l –престеп отырғызу ұзындығы, мм:
Кез-келген бөлшекті құрастыру бөлшектеуге кері реттілікті жүреді. Құрастыру барысында бұл реттілікті сақтаумен қатар бөлшектің өзара орналасу жағдайын бақылауда орындау қажет.
Жөндеуден кейінгі құрастыру, жаңа бөлшекті құрастыруға келесі топтағы бөлшектердің келіп түсуіменен ерекшеленеді: 1) мүмкін шама шегінде тозған, бірақ жөндеу операциясының қайта пайдалануға болатын бөлшектер; 2) қалпына келтірлген бөлшектер 3) жаңа бөлшектер. Осы себепті құрастыру слесарлық жұмыстарды қолданумен жүреді.
Конустық роликті подшипниктерді, радиал-тіректі шарикподшипнтктерді және басқа да ұқсас құрылғыларды құрастыруда, реттеп кейбіреуін мүмкіндігі болатындай жағдай қамсыздануы қажет.
Біліктерді құрастыру барысында келесі операциялар орындалады: салынған белгілер мен өлшемдер бойынша біліктерді орнықтыру; біліктің горизонталдылығы мен вертикалдылығын, параллельдігін, өзара перпендикулярлығын және остестігін тексеру.
Тісті берілістің құрастырылуы келесі операциялардың орындалуын қарастырырады: 1) біліктердің өзара орналасуын, тісті доңғалақтың отырғызылуы мен бекітілуін тексеру; 2) қажетті радиал және бүйірлік саңылаулықтың қамтамасыздалуын; 3) тістердің жұмысқа беттерінің жанасуын тексеру;
Червякты берілістерді құрастыру барысында червяктың доңғалақ тістеріменен бірігуінің дұрыстығына назар аудару қажет. Бұл кезде тісті доңғалақтың орташа жазықтығы червяк осіменен сай келуі тиіс, централдық қашықтық сызбаға дәл сай келуі тиіс, бүйірлік саңылаулық ілігуде техникалық талаптарға сай келуі.
Белбеулі берілісті құрастыру подшипниктердің, біліктердің, остердің өзара орналасу жағдайын және белбеулердің ілінуін орнықтыру, тексеру және түзетумен жүреді.
Шпонкалық қосылыстарды құрастыру келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет: 1) аршықтың кең қырына сыналы шпонканың жатысуы бүкіл ұзындығында біркелкі болуы тиіс, ал шпонканың бүршігі шығыңқы жағдайда керітпештің 0,8-1,0 шпонка биіктігінен аспайтындай қашықтықта орнатылуы тиіс: 2) призмалық шпонкалы қосылыста ешқандай тербеліс пен ығысу болмауы тиіс: 3) жылжымалы шпонканың жергілікті ығысуы мен сыналауын бағдарлау қажет.
Жылжымалы және жылжымайтын шлицалық қосылыстарды құрастыру барысында қолмен айналдырғандағы айналу моментінің әсерінен болатын "сығылу" мен "тербеліске" бақылау жасау керек.
Айналу бөлшектерін тепе-теңгеру. Тепе-теңгеру айналу бөлшектерін қалпына келтірудің спецификалық тәсілі болып табылады. Бұл кезде олардың тозу және жөндеуден кейінгі жоғалған тепе-теңсіздігін алдымен статикалық , сонан соң динамикалық қалпына келтіреді. Сонымен қатар, тепе-теңсіздік бұрыс құрастырудың нәтижесі болып табылады. Статикалық немесе динамикалық тепе-теңгеруді қолдану шегін анықтайтын факторлар, бұл бөлшек ұзындығының қатынасы L/D мен айналу жиілігі n. Іс жүзінде, жиі аралас тепе-теңсіздік кездеседі. Бұл кезде ең алдымен қорытынды күшті азайту үшін статикалық тепе-теңгеруді, сонан соң динамикалық тепе-теңгеруді қолданады.
1 сурет. Статикалық және динамикалық тепе-теңгерулер шекарасы.
I – статикалық тепе-теңгеру аумағы; II – аралық аумақ; III – динамикалық тепе-теңгеру аумағы;
Бөлшектерді бақылау және ақауға тексеру. Жабдықты бөлшектеу процесінде ұштасып ақаулыққа тексеруді қолданады. Ақаулыққа тексеру ақау ведомстін түзу және ақау бөлшектерінің схемасы мен нобайын түзумен аяқталады. Алдын ала ақаулыққа тексеру жабдықты жөндеуге тоқтатар алуан орындайды. Алдын ала ақауға тексеруде машинаның нақты функционалдық көрсеткіштерін қадағалайды – үйкелісу тораптарының қызу температурасын, дірілдің, соққының болуын және соққының шыстын және т.б.
Түйінді ақауға тексеруде түйіннің берілген өзара орналасу жағдайынан ауытқуын, нақты техникалық күшін тексереді. Бөлшектік ақауға тексеруде қайта қолданудың мүмкіндігі мен талап етілген жөндеу сипатын анықтау орындалады. Сонымен қатар бөлшектерді келесі топтарға сұрыптайды:
1) Тозу шамасы өлшем шегінде және қайта қолдануға жарамды бөлшектер;
2) Тозу шамасы өлшем шегінен асқан және жөндеуге жарамды бөлшектер;
3) Тозу шамасы өлшем шегінен асқан және жөндеуге жарамсыз бөлшектер; Бөлшек күйін анықтау үшін сырттай бақылауды, өлшеуді, мондай-ақ жасырын ақауларды анықтауа мүмкіндік беретін әдістерді қолданады – магниттік және ультрадыбыстық ақау көшіруді, рентгенграфияны және т.б.
Сынау
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу процесінің аяқтаушы кезеңі, бұл беріктікке және тығыздыққа сынау, бос жүріс және жұмысшы тәртіпте түсірумен сынау.
Ри шамасы беріктікке сынау барысында жұмыс қысымына және температураға тәуелді. Беріктікке сынау пневматикалық және гидравликалық тәсілдермен жүреді. Рр≥0,5 Мпа қысымда жұмыс істейтін аппараттар үшін бақылау қысымының шамасын 1,25 Рр  құрайды.
Тығыздыққа сынауды жанғыш, жарылысқауіпті және улы заттарменен жұмыс істейтін аппараттар үшін орындайды. Тығыздыққа сынауды ауа немесе инертті газ көмегімен орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет