Күрделі жөндеу. Жөндеудің бұл түрі кезінде машина толық бөлшектелініп, ақаулары анықталады, және де барлық тозған бөлшектерді ауыстыру жүреді (базалық бөлшегімен қоса). Мұнда барлық жанасатын бөлшектердің өлшем шегі мен отырғызылу шамасы, машинаға берілген техникалық шартпен анықталған мәнге келтіріледі. Сонымен қатар машина жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, оын жаңаландыру (модернизациялау) орындалады.
Күрделі жөндеу келесі жұмыстарды қарастырады:
- құраушы бөлшектерінің барлық өлшемдерін, сондай-ақ өлшем шегі мен отырғызылу шамасы техникалық құжаттармен анықталған мәнге келтіре отырып барлық түйіндер мен бөлшектерін ауыстыру;
- машинаның рамасы мен станинасын өлшеп тексеру, және де іргетасты (фундаментті) жөндеу;
- құбырларды және бөгетті-реттегіш арматураларды ревизия жасау және жөндеу;
- автоматты бақылау және басқару құралдарын игеру және реттеу, ал қажет жағдайда оларды ауыстыру;
- жеке бөліктерін немесе бүкіл машинаны бояу;
- бос жүрісте және күш түсіру тәртібінде байқау, комплексі тексеру және де реттеу.
Күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстарға кәсіпорынның бас механигі басшылық етеді.
Жабдықты жаңаландыру бойынша іс-шаралар ЖСЖ жүйесімен қарастырылған жұмыстар құрамына кірмейді, бірақ оны әдетте күрделі жөндеу жүргізу кезінде қатар орындайды. Жабдықты жаңаландыруды орындау жайында шешім, оны орындаудың экономикалық тиімділігі мен техникалық мақсатқа сәйкестігі талдау негізінде қабылданады. Жабдықты жаңаландыруды кәсіпорынның конструкторлық бюросымен немесе арнайы жобалау-конструкторлық ұйымымен дайындалған техникалық құжаттар негізінде жүргізеді. Жаңаландыруды жүргізуге берілген техникалық құжаттар жабдықты дайындаушы-зауытпен келісіледі, содан соң ол кәсіпорынның бас механигімен бекітіледі. Жабдықты жаңаландыруға кәсіпорынның бас механигі жауапты.
Жөндеуді жоспарлау және басқару, негізгі түсініктер мен нормативтері Жөндеулерді жоспарлау, жөндеудің көлемін, құнын және де жөндеудің барлық түрін орындау мерзімі мен техникалық қызмет көрсетулердің мерзімділігін анықтау мақсатында орындалады. Сонымен қатар, мұнда жөндеу персоналдар тізімін, оның профессионалдық және квалификациялық құрамын және де материалды-техникалық ресурстар мұқтаждығын анықтау қарастырылады.
Жөндеулерді жоспарлау барысында жөндеулердің сапасы мен орындалу мерзімдерінің, кәсіпорынның өндірістік техника-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін талдау мүмкіндігі пайда болады.
Жөндеулерді жоспарлау келесі құжаттарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
· анықталған жөндеу нормативтерін;
· ыдыстар мен аппараттарды куәландыру мен сынаудың мерзімділік нормативтері;
· кәсіпорынның негізгі қорын жөндеудің титулді тізімі;
· сметалық – техникалық құжаттар;
· жабдықтарды жоспарлы-мерзімділік жөндеудің жылдық кестесі;
· жабдықты жөндеудің ай сайынғы жоспар-кесте есебі;
· жөндеулердің күнтізбектік мерзімін анықтауға (өзгертуге) жасалынған акт;
Жабдықты жөндеудің жылдық және ай сайынғы жөндеулер кестесінің түрі, оларды ЭЕМ-де есептеу мүмкіндігін қарастыруы қажет:
· жөндеуге кететін уақыт шығындарын;
· жөндеуге кететін жұмыс күшінің шығындарын;
· қосалқы бөлшектер мен жөндеу аспаптарының қажетті мөлшерін;
· жөндеуге тұрған уақытта жабдықты жаңаландырудың орындалуын.
Қазіргі таңда өнеркәсіптің әрбір саласы үшін, «Жоспарлы-сақтық жөндеулер жүйесі жайында ережелер» дайындалған. Мұнда жөндеу бойынша құжаттар мазмұны мен оларды түзу түрлері келтірілген.