Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу



бет11/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Коррозиялық тозу
Коррозия деп, жұмысшы және қоршаған ортаның химмиялық немесе электрохимиялық әсер етуінің нәтижесіндегі бөлшек металлының күйреуі.
Химия, мұнайхимия және мұнайөңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарындағы технологиялық жабдықтарының істен шығуының басым себебі болып табылады.
Күйретуші әсерінің сипатына қарай коррозия тұтас және жергілікті (жеке дақ, жарғыншақ, саңылау) болуы мүмкін.
Технологиялық жабдықтардың істен шығуы коррозия түріне қарай келесідегідей үлеседі:
1) коррозияның шытынау – 35 %
2) саңылаулы коррозия – 20 %
3) тұтас коррозия – 18 %
4) кристалларалық коррозия – 16 %
5) коррозияның басқа түрлері – 11 %
Сонымен басмы коррозия түрі, бұл коррозиялық шытану. Бұл бір мезгілде әсер етуші келесі екі фактордың салдары болып табылады – ортаның агрессивтілігі мен металдағы қалдық керенулілік. Коррозияның бұл түрі кенеттен, алдын ала металдық структурасы мен қасиетінің өзгеруінсіз орын алады. Әдетте бұл, пісірмелі қосылыстарда, иілген орындарда, развальцовкаланған орындарда жүреді. Яғни коррозияның бұл түрі металдың кристалдық дәндерінің өсуі орын алған орындарда жүреді.
Саңылаулы коррозия – металлда өнбойына өткен саңылаудың орын алуымен сипатталады. Коррозиялық шытынау сынды, саңылаулық корозия ең алдыменен жоғары қысымда жұмысістейтін аппараттар үшін қауіпті. Саңылаулы коррозияны дер кезінде байқау үшін жабдық қаңқасының ішкі қорғау қабатында белгі бергіш саңылаулар ойылады. Бұл саңылауда коррозия қоздырғыштарының орын алуды коррозиялық күйреудің басталғандығын білдіреді.
Коррозиялық тозу түрі болып табылатын кристаларалық коррозия кристаллдар мен дәндердің шекарасында даму алады.
Бұл тозудың қауіптілігі, сырт көрінісі бойынша металл өзгермегеніменен, оның беріктіктік қасиеті күрт төмендейді. Коррозияның бұл түріменен күресудің бірден-бір жолы – болатты 1080-11500С қыздырып, кейіннен суда шынықтыру.
Атмосфералық коррозия қоршаған ортаның тотығу-тотықсыздану әсерінің салдары болып табылады. Коррозияның бұл түрі ашық аспан астында орнатылған конструкцияда басым. Корорзияның бұл түріменен күресудің басты әдістері – конструкцияны бояу және коррозияға қарсы металлдың қабат беру (тозаңдатып жапсарлауменен). Тозаңдатылып төселген қабат қалыңдығы 50-500 мкм болады.
Сонымен қатар орта әсерінен болатын жабдықтардың ішкі қуысының корорзиялық күйреуіменен күресу әдістерінің бірі, бұл әдістер жұмысаймағына ингибиторлар беру және де металды электрохимиялық қорғау.
Коррозия ингибиторлары бөлшек бетінде металл мен ортаның электрохимиялық әсерлесуіне кедергі болатын жұқа қабат немесе ерітіндіге түспейтін тұнба түзеді. Бұл қорғау әдісі болаттың корорзияға төзімділігін бірнеше есе арттырады. Және де өнімнің тұйықталған циркуляцияланудағы жүйесіне тиімді.
Электрохимиялық қорғау әдісі, металлконструкцияны тоқ көзінің оң (анотдық қорғау) немесе теріс (катодтық қорғау) полюске жалғауменен түсіндіріледі. Сонымен қатар іс-тәжірибеде протекторлық деп аталатын қорғау тәсілі де кеңінен қолданылады. Тәсіл қорғалуға тиісті аппарат қаңқасының металына қатысты теріспотенциялы бар металлменен жалғастыру арқылы жүреді. Протектор ретінде қалыңдығы 10-15 мм мырыш пластинасын қолданады. Протектор ауданы аппарат бетінің 3-5 % құрайды. Тізбекте протектор анод болып табылады да, қарқынды күйреуге ұшырайды, алосы анодтың процестер нәтижесінде аппарат қаңқасының күйреуі азаяды. Сонымен қатар протектор ретінде никельдік сырықтарды да қолданады.
Едәуір дәрежеде коррозияға келесі жабдық бөліктері бейім:
1) ортаның жоғары сызықтық жылдамдығы бар орындар
2) қалдық кернеуі бар орындар
3) тұрып қалу аймақтары
4) қызу жүретін аймақтар
5) үйкелісу орындары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет