Бөлшектің геометриялық пішіні мен өлшемін қалпына келтіру әдістері Бөлшектің беттері мен бет элементтерінің геометриялық өлшемі мен пішінін қалпына келтіру үшін жөндеу шаруашылығында келесі әдістерді қолданады: балқыма қабат төсеу; металлдау; электролиттік металл қабатын өсіру; жұмсақ деформациялау және жөнделінген өлшемге өңдеу. Қарастырылып отырған әдістердің барлығы да, қалпына келтіруші бөлшек өлшемінің тозу дәрежесіне, пайдалану жағдайына қарай нақытылы қолданылады.
Балқымақабаттау (паплавка) әдісбалқытып төсеу күйдіру және өлшемді бастапқы өлшемге механикалық өңдеу сатыларынан тұрады. Әдісті цилиндрлік, жазық және біркелкі келтірілген беттер үшін қолданады. Балықмақабаттау барысында алынатын қабаттың беріктігі мен тозу төзімділігі атқарылу тәсіліне, қолданылатын электрод немесе присадкалық материалына, атқару тәсіліне қарай негізгі материалдан кем түспейді және тозған бетте жеткілікті металл қабатын өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай қалың қабатты көп қабатты балқымақабаттауды бірнеше валиктерді түсіруменен атқарады – үйіліміне немесе сатылы жік түсруменен.
Балқымақабаттаудың басты кемшілігі – бұл, жергілікті қызу салдарынан орын алатын керенуліліктің нәтижесінде майысқақтану. Бұл кемшілікті алдын алу үшін келесі іс-әрекеттерді қолданады:
1)балқымақабатталушы бөлшекті 100-4000С температураға дейін қыздыру
2) цилиндрлік бөлшектер үшін жікті керісатылы төсеу неммес жазық беттер үшін кішігірім участкелерменен ретсіз түсіру;
3)балқымақабаттаудан соң термоөңдеу
Балқымақабатауменен болаттан, шойыннан, қоладан, қорғасыннан, сондай-ақ сырғанау подшипниктердің баббиттік вкадыштерін қалпына келтіруді Флюсті немесе инертті газды қолдана отырып болаттардан жасалған бұйымды қалпына келтіреді.
Балқымақабаттау Әдістің сипаттамасы және қолдану жерлері . Механикалық өңдеумен үйлестіре отырып бөлшекте балқыма қабат төсеу бөлшектің геометриялық өлшемі мен пішінін қалпына келтірудің біршама кең таралған әдісі.
Әдістің негізгі жетістікері: құрылғыларының салыстырамлы қарапайымдылығы және қолданушы жабдықтарының кең таралғандығы: цилиндрлік, жазық және біркелкі келтірілген бөлшек беттерін қалпына келтірудің ерекшелігі; өте жоғарғы қабатты балқыма қабат төсеу жолмен елеулі қалыңдықтағы балқыған қабатты алу мүмкіндігі.
Балқыма қабат төсеудің кемшіліктері – кернеудің себебінен бөлшектің майысқақталуы, бөлшектің жергілікті қыздырылу салдарынан пайда болатын, жарғыншақ қалыптасу мен кеуектердің орын алуы.
Майысқақталуды қалпына келтіру үшін: 1. балқыма қабат төселуші бөлшекті 100-40000С температураға дейін газ оттығының көмегімен қыздыру қажет. 2) Цилиндрлік бөлшек беттерінде кері сатылы жікпен немесе кіші участкелермен бөлшектің тегіс бетінде жан-жақты пісіру воликтерін түсіру; 3) Балқыма қабат төселгеннен соң термиялық өңдеуді қолдану.
Балқыған қабаттағы жарғыншақтың пайда болуын алдын алу үшін, бөлшектің 200-2800С температураға дейін газ оттығының көмегімен қыздыру қажет.
Бу қалыптасуын төмендету үшін балқыма қабат төсер алдын электродты 1,5-2 сағат уақыт 200-2500С температурада алдын ала қыздыру қажет.
Балқыма қабат төсеумен бөлшекті қалпына келтіру әдісін болаттан, шойыннан, қоладан, қорғасыннан жасалған бөлшектерді сондай-ақ сырғанау подшипниктерінің баббиттік вкладыштерін қалпына келтіру үшін қолданылады.