Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Цилиндрлік бөлшектерде балқыма қабат төсеу



бет20/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Цилиндрлік бөлшектерде балқыма қабат төсеу
«Білік» типті цилиндрлік бөлшектерде балқыма қабат төсеу және механикаландырылған түрде жартылай автоматты және автоматты флюс қабатының астында балқыма қабат төсеу жүзеге асырылады.
Қолмен атқарылатын балқыма қабат төсеу елеусіз диаметрдегі және күрделі пішіндегі бөлшектер үшін қолданылады. Бұл әдісте валиктерді түсірудің кері сатылы әдісі қолданылады. Ені электродттың 2,5-3 диаметріне тең болатын валиктер жақсы сапаға ие болады. Бұл жағдайда балқыған болаттардың барлық кратерлері бір жалпы ваннаға құйылады, осының арқасында негізгі және балқыған материалдың жақсы ілігісуі қамтамасыз етіледі.
Ені ұлғайтылған валикті алу үшін пісіруші электродқа үш қозғалысты хабарлау қажет: электрод осі бойында жоғарыдан төмен қарай ілгерілеп, жік сызығы бойында ілгерлі қозғалысты және жікке көлденең оның осіне перпендикуляр тербелмелі қозғалыс.
Тербелмелі қозғалыс қырлардың қызуын қалыптастырады және де ваннаның суытылуын баяулатады.
Қолмен атқарылатын балқыма қабат төсеу әдісінің негізгі кемшілігі, оның еңбексиымдылығы мен төмен өнімділігі. Мұнан басқа, жоғары квалификациядағы пісірушінің қажеттігі.
Қолмен атқарылатын балқыма қабат төсеудің ақаулардың алдын алу үшін, оларды 700-8000С температураға дейін алдын ала қыздырған жөн.
Механикаландырылған балқыма қабат төсеу әдісі кезінде біршама тиімді тәсілі, винттік сызық бойынша балқыма қабат төсеу. Жұқа қабырғалы қуыс цилиндрлік бөлшектерде балқыма қабат төсеуді винттік сызығы бойынша үлкер адымда, екі өтуде орындайды. Бұл кезде екінші өтудегі валиктер бірінші өтудегі алынған валиктер арасына төселеді.
Балқыма қабат төсеуге арналған қондырғы сым төсегіш механизмі бар балқытқыш бүршіктен, бүршікті қозғалту және білікті айналдыру механизмінен және ток көзінен тұрады.
Балқытушы бүршікті токр станогының суппортында бекітеді, бұл айналу жиілігін 0,004 тен 0,33с-1 дейін өзгертуге арналған редуктормен қамтамасыз етілген. Бөлшекті патронда немесе центрде бекітеді. Ток бөлшекке мыс графитті щетка және патронда орнатылған сақиналы мыс доңғалағы арқылы келеді. Балқыма қабат төсеуді бөлшектің айналу кезінде балқытқыш бүршіктің ұзына бойғы супортпен бірге қозғалысында алдыңғы түсірілген валикті кейінгісі 1/3-1/2 енін жауып жататаындай етіп жүргізеді.
Флюсті қолдана отырып балқыма қабат төсеуді диаметрі 100 мм үлкен бөлшектер үшін қолданылады. Бөлшектердің кіші диаметрінде балқыма қабат төсеу біршама күрделенеді, себебі қажет қалыңдықтағы флюс қабатын ұстау қиын. Жөндеу кезінде кеңінен АН384А, АН384АМ, ОСЦ45 маркалы жоғары кремнилік марганецті флюстер, ал жиі, АН20, АН30 маркалы аз кремнилік флюстер қолданылады.
Жоғары кремнилік флюстерді негізінен көміртекті және аз көміртекті болаттарда балқымай төсеу барысында қолданылады. Бұл флюстер жікті марганецпен және кремнимен қанықтырады да оттегін біршама тотықтырады. Төмен кремнилік және марганецсіз флюстерді орташа және жоғарғы қоспалық болаттарда балқыма қабат төсеу үшін қолданылады. Бұл флюстер балқыма қабат төсеу кезінде қоспалық элементтерді аз қоспаландырады.
Балқыма қабат төсеу кезінде ток шамасын келесі өрнек бойынша анықтауға болады.
1=10d+10d2
Мұндағы d – пісіру сымының диаметрі, мм.
Балқыған қабаттың жоғарғы сапасы кері полярлықтағы тұрақты токты қолдану мен қамтамасыз етіледі, себебі тұрақты ток балқыма қабат төсеу процесін қалыптастырады, будың түзілуін төмендетеді шлактық қабықтан тазарту талап етілмейді.
Көмірқышқыл газы ортасында балқыма қабат төсеу, оның тотықтыру әсеріне байланысты жоғары құрамды марганеці мен кремниі бар балқығыш сымын қолданумен жүреді – Нп 40Г, Нп 50Г, Нп 30ХСА


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет