Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің мәні мен мақсаты, міндеттері Қабылдаған: Паштанов с орындаған: Керимбай а тобы: фат 914-а түркістан 2020 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Тәрбие процесінің мәні мен қозғаушы күштері



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі115,44 Kb.
#83075
1   2   3
Байланысты:
офд 6 апта

Тәрбие процесінің мәні мен қозғаушы күштері.

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс – әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесіне адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.
Сыртқы қарама – қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді – өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:

  1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.

  2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.

  3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.

  4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.



  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет